6-1. Банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-1. Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимиті 1 мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімді және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:
өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
Оныншы абзац 2013 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады
халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-2-тармақ өзгертілді
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 Қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.03.09. № 126 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-2-тараумен толықтырылды
6-2. Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (2015 ж. 1 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) 53-6-тармақ жаңа редакцияда
53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және ішкі активтерге тартылған қаражатын ішкі активтердің меншікті капиталдың, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының, банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың және ішкі міндеттемелердің сомасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 53-7-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.25.02. № 27 Қаулысымен (2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-8-тармақ жаңа редакцияда
53-8. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) ескеріле отырып есептелген ішкі активтер, банктің ішкі міндеттемелері, реттелген борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйақыларды, оң (теріс) түзетулерді қоса алғанда банк шығарған борыштық бағалы қағаздар, есепті айдың соңындағы меншікті капитал пайдаланылады.
Банктер қаражатының бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар мөлшерінен аспайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар шегеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың акцияларына инвестициялар шегеріле отырып, баланстық меншікті капитал мәнінің 0,85-ке көбейтілген мөлшерінде пайдаланылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.12. № 294 Қаулысымен 6-3-тараумен толықтырылды (2014 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 53-9-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.21.11. № 221 Қаулысымен 53-9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-9. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін тұтынушылық портфель ретінде жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар түсініледі.
Басқа банктен тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін қабылдаған банктер несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің есебіне ағымдағы күнтізбелік жылы басқа банктен қабылданған тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін кіргізбейді.
Есепті кезеңде басқа банкке (банктерге) тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін сатуды (беруді) жүзеге асырған банк үшін есепті күнге тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің мөлшері (к10) 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күнге нақты берілген тұтынушылық қарыздардың күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.06.05. № 79 Қаулысымен 6-4-тараумен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр.ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
мөлшерленген банк активтерiнiң
кестесi
№ | Баптар атауы | Тәуекел дәрежесi пайызбен |
I топ |
1 | Қолма-қол теңге | 0 |
2 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 0 |
3 | Тазартылған бағалы металдар | 0 |
4 | Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген қарыздар | 0 |
5 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 0 |
6 | Ұлттық Банкке берiлген қарыздар | 0 |
7 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 0 |
8 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 0 |
9 | Ұлттық Банктегi салымдар | 0 |
10 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар | 0 |
11 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 0 |
12 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі | 0 |
13 | Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтары мен бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi | 0 |
14 | Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары | 0 |
15 | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
16 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 0 |
17 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 0 |
18 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ»-дан төмен емес ұзақмерзімді рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 0 |
19 | Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 0 |
II топ |
20 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң және тиiстi рейтингілiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы | 20 |
21 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген қарыздар | 20 |
22 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 20 |
23 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 20 |
24 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар | 20 |
25 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар | 20 |
26 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдарға берiлген қарыздар | 20 |
27 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар | 20 |
28 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 20 |
29 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 20 |
30 | Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi | 20 |
31 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 20 |
32 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 20 |
33 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
34 | Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
35 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 20 |
36 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 20 |
37 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «ААА»-тан «АА-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша «kzAAA»-тан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
38 | «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар | 20 |
39 | Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 20 |
III топ |
40 | Тазартылмаған бағалы металдар | 50 |
41 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 50 |
42 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 50 |
43 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 50 |
44 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiн төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар | 50 |
45 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар | 50 |
46 | Берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 50%-ды қоса алғанда аспайтын талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 35 |
47 | Берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 51%-дан 60%-ға дейін қоса алғандағы шекте болатын талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 75 |
48 | Өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары | 100 |
49 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар | 50 |
50 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 50 |
51 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдардағы салымдар | 50 |
52 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі | 50 |
53 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар | 50 |
54 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
55 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiн төмен емес тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар | 50 |
56 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 50 |
57 | Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша «kzA+»-тан «kzA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
58 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке (қоса алғанда) дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке (қоса алғанда) дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент емес банкіне ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар | 50 |
59 | Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы | 50 |
IV топ |
60 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң және тиiстi рейтингілiк бағасы жоқ елдердiң орталық үкiметтерiне берілген қарыздар | 100 |
61 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң және тиiстi рейтингтiк бағасы жоқ елдердiң орталық банктерiне берілген қарыздар | 100 |
62 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар | 100 |
63 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ елдердiң жергілікті билік органдарына берілген қарыздар | 100 |
64 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент емес ұйымдарға берілген қарыздар | 100 |
1-қосымшаның 65 реттік нөмірі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді