2) таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін, қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына пропорционалды талап ету құқығына ие; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына, негізгі кредиторларына және реттелген борышына қатысты реттелген; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына және негізгі кредиторларына қатысты реттелген; |
3) банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; |
4) банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды); | 4) мерзімсіз болып табылады, сыйақы бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе дивидендтер деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; | 4) реттелген борышты (депозитті, қарызды) беру мерзімі, облигацияларды өтеу мерзімі кем дегенде 5 жылды құрайды; |
5) дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивидент мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді. | 5) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; | 5) реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы бес жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады; |
6) дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ; | 6) кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын-ала рұқсатымен жүзеге асырылады; | 6) төлем (купон) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; |
7) дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады; | 7) банкте осы құралдармен байланысты дивидендтер төлеуді кезкелген уақытта жоя алатын толық дискрециондық құқықтың болуы; | 7) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; |
8) шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді; | 8) осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды; | 8) банкроттық немесе банкті тарату жағдайын қоспағанда, инвестор болашақ сыйақы мен номиналды мерзімінен бұрын төлеуді тала етуге құқығы жоқ; |
9) төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды); | 9) банктердің міндеттемелердің орындалу мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар; | 9) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк сияқты осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты, құралды сатып алуға құқығы жоқ. |
10) төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгілі капитал ретінде жіктеледі; | 10) төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды; | |
11) толық шығарылған және акционерлер ақ төлеген. Бұл ретте банктерге өз акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады; | 11) бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған триггерде және (немесе) алдын-ала анықталған триггер құралындағы шығынды анықтайтын есептен шығару механизмінің жай акцияларға конвертациялану номиналы арқылы шығындарды жұтып қою мүмкіндігі бар. Есептен шығарудың мынадай тиімділіктері бар: тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтердің (купонның) төлемдерін ішінара не толық кемітеді. | |
12) жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған, сондай-ақ заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар жоқ; | 12) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде әсер ететін кез келген байланысты тұлға тура банктің осы құралдарының меншік иегері болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды; | |
13) жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады; | 13) құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ. | |
14) банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген. | | |
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-2-қосымшасы
Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 5% | 5,5% | 6% | 6,5% | 7% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 6% | 6,5% | 7% | 8% | 9% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 7,5% | 8% | 9% | 10% | 12% |
Консервациялық буферді және жүйелі буферді ескергендегі, капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні
Кезең | 2015 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап | 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 6% | 7,5% | 9% | 9,5% | 10% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 7% | 8,5% | 10% | 11% | 12% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 8,5% | 10% | 12% | 13% | 15% |
Жүйе құраушы банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) | 7,5% | 9,5% | 10% | 10,5% | 11% |
Жүйе құраушы банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) | 8,5% | 10,5% | 11% | 12% | 13% |
Жүйе құраушы банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) | 10% | 12% | 13% | 14% | 16% |
Ескертпе: Уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін үш жылда бір реттен сирек емес қайта қарайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-3-қосымшамен толықтырылды
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
Нұсқаулықтың 1-3-қосымшасы
Бөлінбеген таза кірісті шектеудің барынша төмен мөлшері
k1, k1-2 және/немесе k2 барынша төмен мәндерінен буфердің асып кетуінің қажетті мөлшерлі пайыздық сомасы | Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) |
[< 25%] | [100%] |
[25% - 50%] | [80%] |
[50% - 75%] | [60%] |
[75% - 100%] | [40%] |
[> 100%] | [0%] |
Шектелуге жатуы тиіс бөлінбеген таза кірістің барынша төмен деңгейі (пайызбен) мейлінше көп мәнмен пайдаланылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.17.07. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген
шартты және ықтимал міндеттемелерінің
кестесі
№ | Баптардың атауы | Конверсия коэффициентi пайызбен |
I топ |
1 | Міндеттемелері толығымен: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-» және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық банктері мен орталық үкіметтерінің қарсы кепілдіктерімен (кепілдемелерімен); банктің басқаруына берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының, Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген банк кепілдіктері мен кепілдемелері | 0 |
2 | Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірінiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, нұсқаулықтың 17-тармағында көзделген өтiмдiлiгi жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) мiндеттемелер. | 0 |
3 | Банк аккредитивтерi: банктiң қаржы мiндеттемелерiнсiз; мыналар бойынша: Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары және «АА-» деңгейiнде тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard & Poor's агенттiгiнен жоғары тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Ұлттық Банктің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарымен; банк иелігіне берiлген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер | 0 |
4 | Банк талабы бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 0 |
5 | Банктiң сыртқы қарыздарын тартқан және борыштық мiндеттемелерiн орналастырған кезде банктiң еншiлес компанияларының пайдасына берiлген банктiң мiндеттемелерi мен кепiлдемелерi. | 0 |
6 | Банк берілген қарыздарды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер | 0 |
II топ |
7 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан кем болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 20 |
8 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнің «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi тәуелсіз рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi | 20 |
9 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегі рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); «АА-» деңгейiнде және Standard&Poor's агенттiгiнен жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi. | 20 |
10 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ААА»-дан «АА-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 20 |
III топ |
11 | Өтеу мерзiмi 1 жылдан көп болашақта қарыздар мен салымдарды банктiң орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер. | 50 |
12 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «AA-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк кепiлдiктерi және кепiлдемелерi. | 50 |
13 | Мiндеттемелері мыналармен: Standard&Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен «A-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң қарсы кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен); Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың кепiлдiктерімен (кепiлдемелерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерiмен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «BBB-»-тен «А-»-ке дейiнгі тәуелсiз рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерiнiң және орталық банктерiнiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен «АА-»-ке дейiнгі борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар банктердiң бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттiгiнің «АА-» деңгейiнде және одан жоғары борыштық рейтингi немесе басқа да рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осындай деңгейдегi рейтингi бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етiлген банк аккредитивтерi | 50 |
14 | «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын керi сатып алу бойынша ықтимал (шартты) мiндеттемелер | 50 |
15 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «А+»-тен «А-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzA+»-тен «kzA-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 50 |
16 | Қор биржасында жасалатын спот және своп мәмілелері бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер. | 50 |
IV топ |
17 | Банкке қаржы құралдарын сату және банк керi сатып алатын мiндеттемесi туралы келісім | 100 |
18 | Банктiң өзге кепiлдiктерi (кепiлдемелерi) | 100 |
19 | Банктiң өзге аккредитивтерi | 100 |
20 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВВ+»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB+»-тен «kzBBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 100 |
21 | Банктiң өзге шартты (ықтимал) мiндеттемелерi | 100 |
22 | Банк шартты міндеттемелер шоттарында ұстайтын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банктің
ықтимал және шартты міндеттемелерінің есебіне түсіндірме
Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелі ескерілген активтердің және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелері валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдары бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне қосылған шартты және ықтимал міндеттемелерін қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне қосылмайды.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 3-қосымшасы
Туынды қаржы құралдарына арналған кредит тәуекел
коэффициенттерiнiң (проценттермен) кестесi
Өтеуге дейiн қалған мерзiм | Сыйақы ставка- сымен байла- нысты опера- циялар | Валюта және алтын ба- ғамдарының өзгеруiне байланысты операциялар | Акциялармен байланысты опера- циялар | Алтыннан басқа қымбат металдармен байланысты операциялар | Қымбат металдардан басқа құндылықтар мен байланысты операциялар |
Бір жыл және одан да кем | 0 | 1 | 6 | 7 | 10 |
Бір жылдан бес жылға дейiн | 0,5 | 5 | 8 | 7 | 12 |
Бес жылдан астам | 1,5 | 7,5 | 10 | 8 | 15 |
Осы кестеде көрсетiлген бірде бір санаттарына жатпайтын туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялары «Қымбат металдардан басқа құндылықтармен байланысты операциялар» санатында көрсетiлген кредит тәуекел коэффициенттерi бойынша өлшенуге тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 4-қосымшасы
Халықаралық қор биржалары болып мойындалған
сауда-саттық ұйымдастырушылардың тiзiмi
1. Чикаго тауар биржасы (Chicago MercaNtile ExchaNge)
2. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade)
3. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (LoNdo№ INterNatio№al FiNa№cial Futures aNd OptioNs ExchaNge)
4. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (Fre№ch INterNatioNal FiNa№cial Futures ExchaNge MATIF)
5. Франкфурт қор биржасы (FraNkfurt Stock ExchaNge)
6. Стокгольм қор биржасы (Stockholm ExchaNge)
7. Стамбул қор биржасы (IstaNbul Stock ExchaNge)
8. Шанхай қор биржасы (ShaNghai Stock ExchaNge)
9. Шэньчжень қор биржасы (SheNchzhe№ Stock ExchaNge)
10. Америка қор биржасы (AmericaN Stock ExchaNge)
11. Афина қор биржасы (AtheNs ExchaNge)
12. Австралия қор биржасы (AustraliaN Stock ExchaNge)
13. Испания бірлескен қор биржасы (ВМЕ SpaNish ExchaNges)
14. Италия қор биржасы (Borsa ItaliaNa SPA)
15. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
16. Монреал қор биржасы (Bourse de MoNtreal)
17. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)
18. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board OptioNs ExchaNge)
19. Копенгаген қор биржасы (CopeNhage№ Stock ExchaNge)
20. Немiс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
21. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (EuroNext Amsterdam)
22. Брюссельдегi «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (EuroNext Brussels)
23. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (EuroNext LisboN)
24. Париждегi «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (EuroNext Paris)
25. Кұрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кiретiн бірлескен қор биржасы (Hex INtegrated Markets Ltd.)
26. Гонконг қор биржасы (HoNg KoNg ExchaNges aNd CleariNg)
27. Ирландия қор биржасы (Irish Stock ExchaNge)
28. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock ExchaNge)
29. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities ExchaNge South Africa)
30. Оңтүстiк Корея қор биржасы (Korea Stock ExchaNge)
31. Лондон қор биржасы (LoNdoN Stock ExchaNge)
32. Мальта қор биржасы (Malta Stock Excha№ge)
33. Үндiстан ұлттық қор биржасы (Natio№al Stock ExchaNge of INdia Limited)
34. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock ExchaNge)
35. Жаңа Зеландия қор биржасы (New ZealaNd ExchaNge)
36. Осака қор биржасы (Osaka Securities ExchaNge)
37. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
38. Фйлиппин қор биржасы (PhilippiNe Stock ExchaNge)
39. Сингапур қор биржасы (SiNgapore ExchaNge)
40. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss ExchaNge)
41. Токио қор биржасы (Tokyo Stock ExchaNge)
42. Австрия қор биржасы (WieNer bourse AG)
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың