2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ банктік қарыз шартында көзделген мынадай:
банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) алдын ала жазбаша хабарламасын алмай-ақ, акционерлік қоғам (шаруашылық серіктестік) акцияларының (қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызын жинақтап алғанда иеленетін қарыз алушы қатысушыларының (акционерлерінің) құрамы өзгерген;
кепіл ұстаушы болып табылатын банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құжаттар бойынша және кепілге қойылған мүліктің іс жүзінде болуын, көлемін, жай-күйін және сақтау шартын тексеру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кепілге қойылған мүлікке талап қою құқықтарын қарыз алушы және (немесе) кепіл беруші бұзған жағдайларда, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы туындаған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен банктік қарыз шартын жасасқан күні белгіленген сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы жоқ.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Ислам банктерін қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар бойынша (банкаралықты қоспағанда) сыйақы шамалары туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда көрсетуге міндетті.
Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
Осы бапта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (2009 жылғы 21 ақпаннан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40-бап өзгертiлдi; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
1. Банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшердегі қарыздарды, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары болып табылатын тұлғаларға берілетін қарыздарды қоспағанда, банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етілмеген қарыздарды (бланктік қарыздарды) беруіне тыйым салынады.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшерде берілетін банктік қарыздарды және осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген, қаржыландыруды қоспағанда, банктердің осы банктердің директорлар кеңесінің мүшелеріне және ірі қатысушыларына қарыздар беруіне тыйым салынады.
2. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:
1) банк операциясын орындағаны үшін үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда төмен сыйақы және төлем алу;
2) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан банк тартқан депозиттер мен өзге де қаражат бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда жоғары сыйақы төлеу;
3) кепілдерді, кепілдіктерді, кепілгерліктерді немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операциялар бойынша талап етілетіннен төмен мөлшерде қабылдау;
4) сыйақы алу, негізгі борышты және (немесе) банк операциялары үшін өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операцияларға қарағанда мерзімін көбірек етіп кейінге қалдыруды ұсыну;
5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату;
7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға бағалы қағаздарды осыған ұқсас бағалы қағаздарды үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;
8) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:
1) осы банктің лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату (борышкердің банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу немесе банктің кепілді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда) туралы шешімдер, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленгеннен жоғары мөлшерлерде банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары және тұрақты мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары;
2) осы банктің ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банктің ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
4) банктің үлестес тұлғалары;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда банк уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап банк осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
4. Банк қандай да бір тұлғамен құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын және:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелерге ақы төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банктің меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алуға алып келетін мәмілені жасаса алмайды.
5. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, банктің директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгілік шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.
Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлға банк пен:
оның өзі;
кез келген жақын туысы немесе өзінің жұбайы (зайыбы);
өзі немесе жақын туыстарының бірі, жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге міндетті.
7. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым бас банкпен немесе банк конгломератының құрамына кіретін еншілес ұйыммен жасайтын мәмілелерге қолданылмайды.
Осы баптың 4-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан және (немесе) еншілес банктің еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға алып келетін, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.
9. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болса;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса, банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Банк омбудсманы, оның мәртебесі және оны сайлау тәртібі
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ, осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның өтініші бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға банк омбудсманы болып табылады.
Банк омбудсманы өз қызметінде мынадай:
1) тараптардың теңқұқылығы;
2) омбудсманның турашылдығы;
3) банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін сыйлау;
5) шешім қабылдау рәсімінің айқындығы мен негізділігі қағидаттарын басшылыққа алады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Банк омбудсманы жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы және осындай қарыз алушымен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асырады.
Банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға өзі банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін сатып алған қарыз алушы жүгінген кезде банк омбудсманымен өзара іс-қимыл жасасуға және банк омбудсманы сұратқан кез келген ақпарат пен мәліметтерді беруге міндетті.
2. Банк омбудсманын сайлауды және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды өкілдер кеңесі жүзеге асырады. Өкілдер кеңесі:
1) ипотекалық қарыз беретін әрбір банктен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан;
2) әділет органдарында тіркелген және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын, олар болған жағдайда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығынан (одағынан) және (немесе) тұтынушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінен;
3) уәкілетті органнан бір-бір өкілден құрылады.
Өкілдер кеңесінің құрамында ипотекалық қарыз беретін банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қатысуы міндетті болып табылады және осы Заң мен өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін кандидатура ұсыну және оны бекіту;
2) құрылым мен штатты (банк омбудсманының офисін) бекіту;
3) банк омбудсманының қызметін қаржыландыру тәртібін айқындау;
4) осы Заңға сәйкес банк омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
4. Өкілдер кеңесінің отырысы, егер оған қатысқан өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында жалпы дауыс санының елу және одан да көп пайызын иеленсе, заңды деп, ал кворум талабы сақталған болып танылады.
Банк омбудсманы кеңестің отырысына қатысқан өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Дауыс беру кезінде өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
Банк омбудсманын сайлау мәселесі бойынша дауыс беру құпия тәсілмен жүзеге асырылады. Дауыс беру бюллетенінде банк омбудсманы қызметіне сайлау үшін ұсынылған кандидаттар туралы мынадай ақпарат:
1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша - әкесінің аты;
2) білімі туралы мәлімет;
3) банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға үлестестігі туралы мәлімет;
4) жұмыс орындары мен атқаратын қызметтері туралы мәлімет;
5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат;
6) «жақтаймын» немесе «қарсымын» деген сөздермен білдірілген мәселе бойынша дауыс беру нұсқалары қамтылуға тиіс.
5. Банк омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
Банк омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
Өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлама өкілдер кеңесі бекіткен банк омбудсманының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен өкілеттігі тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын беріледі.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-2-баппен толықтырылды
40-2-бап. Банк омбудсманына қойылатын талаптар
1. Банк омбудсманы етіп сайлау үшін:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
3) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) қаржылық қызметтерді реттеу саласындағы жұмыста үш жылдан аз жұмыс өтілі бар;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) бұрын уәкілетті органның банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы жұмыскері болып табылған адам ұсынылмайды. Бұл талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банк омбудсманының қаржы ұйымдарында және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-3-баппен толықтырылды
40-3-бап. Банк омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
1. Банк омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және ол дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
Банк омбудсманы шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Банк омбудсманы мынадай:
сот қарауға қабылдаған және (немесе) олар бойынша заңды күшіне енген сот шешімі бар;
өтініш беруші адам ипотекалық қарыз шарты шеңберінде туындаған жағдайды реттеу мақсатында оның банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазған өтінішінің жазбаша дәлелдемесін ұсынбаған;
істің жаңа мән-жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген;
сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ипотекалық қарыз шарты бойынша өтініштерді қарамайды.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 40-1-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуіне қолданылады.
3. Банк омбудсманының шешімі, қарыз алушы оны қабылдаған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін міндетті.
Банк омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда мүдделі тарап өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Осы Заңның 40-1-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қарыз алушының - жеке тұлғаның жүгінуі бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру арқылы өзара қолайлы нәтижеге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Өтінішті қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, қарыз алушының және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның назарына жеткізіледі.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 2-тарау 40-4-баппен толықтырылды
40-4-бап. Банк омбудсманының қызметі
1. Банк омбудсманының қызметі, оның ішінде дауларды шешу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында банк омбудсманының қызметі өкілдер кеңесіне кіретін банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндетті жарналары есебінен қаржыландырылады. Банк омбудсманы өкілдер кеңесімен келісім бойынша құрылым мен штат (банк омбудсманының офисін) құруға құқылы.
3. Банк омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.
Банк омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Банк омбудсманы осы баптың 1-тармағында және осы тармақта көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкілдер кеңесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 40-5-баппен толықтырылды
40-5-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
1. Банктер тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, ол:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
3) банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған лимиттерді;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді.
Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауаптылықта болады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 4-тарудың тақырыбы жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. Банктердің қызметін реттеу
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 16.07.99 ж. № 436-1 ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41-бап өзгертiлдi