74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының, оның ішінде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
2. Тарату ісін жүргізумен байланысты шығыстар, оның ішінде банктің тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) бірінші кезекте:
жалақыдан және (немесе) өзге кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру арқылы өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгені үшін өздерінің алдында мәжбүрлеп таратылатын банк жауапты болатын жеке тұлғалардың талаптары;
мәжбүрлеп таратылатын банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) екінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілетін депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасы бойынша және банк мүлкінің мөлшері мен мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы орны толтырылған айырманың сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады;
3) үшінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кепіл мүлкінің құнынан аспайтын мөлшердегі талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын мәжбүрлеп таратылатын банк орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасасқан және орындамаған мәмілелер нәтижесінде туындаған осы клирингтік ұйымның талаптары қанағаттандырылады. Кепілге қойылған мүліктің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сақтандыру төлемі алынған жағдайда, кепілді кредиторлардың талаптары сақтандыру төлемімен жабылған бөлікте қанағаттандыруға жатпайды. Кепілге қойылған мүлік жоғалған жағдайда, осы талаптардың өтелмеген бөлігі сегізінші кезек шеңберінде өтелуге тиіс;
4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары жөніндегі талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер жөніндегі, сақтандыру ұйымдарының «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған депозиттері жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте тек қайырымдылықпен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұйымдарымен және оған теңестірілген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдармен, басқа да мүгедектер ұйымдарымен олардың банктік шоттардағы және депозитке орналастырылған қаражаты бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) алтыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;
7) жетінші кезекте салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген қарыздарды қайтару жөніндегі берешек өтеледі;
8) сегізінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысулар жүргізіледі, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың оған үшінші кезекке сәйкес жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын бөліктегі талаптары қанағаттандырылады;
9) тоғызыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылатын кредиторлардың - жеке және заңды тұлғалардың депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша өтем есебінен жаппаған сома бөлігіндегі талаптары қанағаттандырылады;
10) оныншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банктің субординарлық борышы және мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есеп айырысулар жүргізіледі.
4. Әр кезектің талабы алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
Таратылатын банктің ақшасы және (немесе) өзге де мүлкі, бір кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегі кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиісті талаптар сомасына бара-бар бір мезгілде бөлінеді.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II 74-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөніндегі шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бір жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
Банк өтiнiшiнiң бір данасы қоса берiлетiн құжаттармен бірге уәкiлеттi органға ұсынылады.
2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келісілуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келісімiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңіндегі банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бірiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөніндегі уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 74-4-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 74-4-бап жаңа редакцияда; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 74-4-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 74-4-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесіндегі бақылау өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тарату комиссияларының қызметiнде депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар тарату комиссияларының қызметіндегі анықталған кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді, кезде, тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, тарату комиссиясының мүшелерін ауыстыруға не банк ерікті түрде таратылған жағдайда оларды ауыстыруды талап етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;
6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
III Бөлiм Қорытынды ережелер
ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен 9-1 тараумен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) 9-1-тарау алынып тасталды
9-1-тарау. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 75-бап өзгертiлдi
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертiлдi
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертiлдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-1. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылады (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
76-бап. ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен алып тасталды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 76-1-баппен толықтырылды
76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 77-бап өзгертілді
77-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.
Уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы, банкті өзінің депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, оған реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімдеріне, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтата тұрмайды.
Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 78-бап өзгертiлдi
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібін бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының