2) көлік оқиғасы салдарынан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарына ғана зиян келтірілсе;
3) көлік оқиғасы салдарынан зиян келтіру мән-жайлары, көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесі, көлік оқиғасына қатысушылардың бірінің кінәсі көлік оқиғасына қатысушылардың келіспеушілігін туғызбаса және декларацияда тіркелсе;
4) көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының мөлшері шегінде сақтандыру төлемінің мөлшеріне келіссе;
5) көлік оқиғасы туралы құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуді көлік оқиғасына қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, декларация жасау арқылы жүзеге асырса, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация (бұдан әрі - декларация) жасау арқылы көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеуді өздері келіскен шарттармен жүзеге асыруға құқылы.
2. Көлік оқиғасына қатысушылар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарламаны өздері алғанға дейін көлік оқиғасы болған жерден кетпеуге тиіс.
Егер көлік оқиғасына қатысушылар декларацияға қоса берген фотоматериалдар көлік оқиғасына қатысқан көлік құралының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ зиян келтіру мән-жайларын, көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарының көрінетін бүлінуінің сипаты мен тізбесін айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, сақтандырушы көлік оқиғасына қатысушылардан сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып не басқа да қолжетімді тәсілмен фотоматериалдарды қайта жіберуді сұратуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар сақтандырушының декларацияны қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.
3. Көлік оқиғасына қатысушылардың бірі сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібін ресімдеумен келіспеген жағдайда сақтандыру төлемі осы Заңның 25-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру жағдайын реттеудің тәртібі мен оңайлатылған тәртібінің шарттары, декларацияның нысаны мен оған қоса берілетін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі сақтандыру жағдайы бойынша көлік оқиғасына қатысушылар арасында келіспеушіліктер болмаған кезде осы Заңның 26-1-бабында айқындалған тәртіппен тікелей реттеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл туралы декларацияда тиісті белгі жасалады.
6. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының фактісі мен мән-жайларын анықтау және зиян мөлшерін есептеу үшін көлік оқиғасына қатысушылардың көлік құралдарын қарап тексеруді жүргізуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар сақтандырушының талап етуі бойынша қарап-тексеру жүргізу үшін көлік құралдарын беруге және сақтандыру төлемін жүзеге асырғанға немесе сақтандырушы уәжді бас тартуды жібергенге дейін бүлінген мүлікті көлік оқиғасынан кейінгі күйінде сақтауға міндетті.
Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде көлік құралдарын сақтандырушының қарап-тексеру тәртібі, шарттары, мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі кезінде сақтандыру төлемін сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Осы бапқа сәйкес сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалған болып есептеледі және пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайын оңайлатылған тәртіппен реттеу кезінде әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерінен асатын бөлігінде зиянды өтеу туралы қосымша талаптар қоюға құқылы емес.
8. Сақтандырушының осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқығы бар.
9. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібіне сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының осы Заңның 28-бабына сәйкес төленген сома шегінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.
10. Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібінің рәсімімен және салдарымен келіспеген жағдайда сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) дауды осы Заңның 29-1-бабына сәйкес реттеуге құқылы.»;
14) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерді (қажет болған кезде), сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Өтініш беруші сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандырушы қол жеткізе алатын, мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбірленушіден қосымша құжаттарды және (немесе) ақпараттық жүйелер мен сервистер арқылы қолжетімді құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.»;
15) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік оқиғасы кезінде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар адам келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінен көлік оқиғасы болған адамды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқылы.»;
16) 28-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер бұл факт зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге байланысты болған жағдайды қоспағанда, көлік құралын жүргізуші адам өзі қатысушысы болған көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтірілген зиянға осы Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адам кінәлі болып табылса, сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) кері талап қоюға құқығы бар.»;
17) 29-бапта:
2-тармақта:
18-тармақтың 17) тармақшасының үшінші - бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша «бөлігінің» деген сөзден кейін «, 22-2-баптың 6-тармағының екінші бөлігінің» деген сөздермен толықтырылып, «бұзуы негіз болуы мүмкін.» деген сөздер «бұзуы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі құжаттар мен мәліметтердің осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болуы мүмкін.»;
3-тармақтағы «дәлелді негіздемесі келтірілген» деген сөздер «уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 29-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) жазбаша нысанда:
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.».
19. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) әлеуметтік облигациялар - орналастырудан түскен қаражаты әлеуметтік проблемаларды шешуге және (немесе) оң әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған жаңа және (немесе) қолданыстағы жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және өзге тұлғалардың бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдік валюталар мен туынды қаржы құралдарына ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде орныққан бағалардан (бағамдардан) жоғары немесе төмен бағаларды (бағамдарды) белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен немесе өзге де қаржы құралымен сауда көрінісін жасауға бағытталған әрекеттері;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) бас қаржылық келісім - талаптарымен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, репо операциялар және (немесе) объектісі бағалы қағаздар, валюта және (немесе) өзге де қаржы құралдары болып табылатын өзге де мәмілелер жасалатын, үлгілік талаптарын кәсіптік ұйым немесе осы Заңда белгіленген жағдайларда шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеген келісім;»;
«27-1) «жасыл» облигациялар - орналастырудан түскен қаражаты жаңа және (немесе) қолданыстағы «жасыл» жобаларды ішінара немесе толық қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;»;
49) тармақша «мемлекет кепілдігімен» деген сөздерден кейін «және (немесе) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға уәкілеттік берілген банк болып табылатын ұлттық даму институтының кепілдігімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының кепілдігімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
«53-1) қор биржасының ресми тізімі - енгізу және болу үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;»;
55-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-1) қор биржасының тізімі - қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген қаржы құралдарының қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған тізімі;»;
мынадай мазмұндағы 64-1) және 67-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) нетто-міндеттеме (нетто-талап) - бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда тарату неттингін жүзеге асыру (қолдану) нәтижесінде туындайтын (есептелетін) ақшалай міндеттеме (ақшалай талап);»;
«67-1) облигациялар шығару жөніндегі негіздемелік бағдарлама - эмитенттің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жалпы стратегиясын, өзі шығаратын «жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялардың және (немесе) орнықты даму облигацияларының және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялардың орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарға сәйкестігін, оның ішінде осы облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалану, осы ақшаны басқару (есепке алу), сыртқы бағалауды алу, верификация, кейіннен ақпаратты ашу бөлігінде сәйкестігін айқындайтын құжат;»;
69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«69) облигацияның номиналды құны - облигация құнының шығарылым шарттарында айқындалған ақшалай мәні;»;
мынадай мазмұндағы 72-1) және 72-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«72-1) орнықты дамумен байланысты облигациялар - сипаттамалары эмитенттің өзі айқындаған орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуіне қарай өзгеруі мүмкін мемлекеттік емес облигациялар;
72-2) орнықты даму облигациялары - орналастырудан түскен қаражаты «жасыл» және әлеуметтік жобалардың ішінара немесе толық үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталатын облигациялар;»;
82) және 85) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«82) тарату неттингі - бас қаржылық келісімнің ережесі, оның негізінде бас қаржылық келісімде айқындалған оқиға басталған кезде барлық ақшалай міндеттемелер (ақшалай талаптар), сондай-ақ қамтамасыз ету ақысын беруді (енгізуді) қоса алғанда, бас қаржылық келісім шеңберінде жасалған барлық мәмілелер бойынша мүлікті беру жөніндегі барлық міндеттемелер (талаптар) көрсетілген міндеттемелер (талаптар) осындай оқиға басталған кезде орындалуға жататынына не орындалуға жатпайтынына қарамастан, жаңарту, тоқтату арқылы немесе бас қаржылық келісімде айқындалған өзгеше тәсілмен орындалу мерзімі басталған болып есептелетін бір нетто-міндеттемеге (нетто-талапқа) ауыстырылады (автоматты түрде немесе тараптардың біреуінің таңдауы бойынша);»;
«85) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздар туынды қаржы құралы болып табылмайды, бірақ туынды қаржы құралының базалық активі бола алады);»;
мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:
«92-1) шетелдік кәсіптік ұйым - халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енетін шетелдік ұйым;»;
101) тармақшадағы «проспектісіне» деген сөз «шарттарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуын және айналысын тоқтата тұрады және қайта бастайды, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жояды;»;
19-тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттарда, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талаптарындағы және облигациялардың жеке меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты ашып көрсетеді;»;
11), 19) және 19-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) пруденциялық нормативтердің түрлерін және лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемесін, оның ішінде лицензиат өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде белгілейді;»;
«19) өз құзыреті шегінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
«19-2) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;»;
мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:
«22-3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде айқындайды;»;
4) 3-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе оның лауазымды адамдарының (болған кезде) құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.»;
4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының осы жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас қайта бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығының субъектісіне осы баптың 10-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
5. Уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығының субъектісі арасында жасалған, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі және осы бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі шаралардың тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін бағалы қағаздар нарығының субъектісі өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісімге бағалы қағаздар нарығының субъектісі тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектісі уәкілетті органды осы құжаттарда көзделген мерзімдерде жазбаша нұсқама мен жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
7. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне бұрын қолданылған шектеулі ықпал ету шараларына қарамастан, оған санкциялар қолдануға құқылы.
9. Іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бағалы қағаздар нарығының субъектісіне байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
10. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.»;
5) 3-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) уәкілетті органға осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген және (немесе) уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймау.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыға, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.»;
6) 3-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, оның қаржылық жағдайына қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты жеткізе отырып (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын), хабардар ету;»;
7) 3-5-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаның қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;»;
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдауға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.