Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
3) 13-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
2-тармақ 7) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сақтанушы нотариаттық әрекеттер жасау бойынша қызметтер көрсеткен тұлғаны жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттерді жасауы салдарынан үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге міндетті.»;
4) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;»;
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы не үшінші тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.»;
6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы) талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.»;
7) 21-баптың 5-тармағы «бас тартудың себептеріне жазбаша нысанда, дәлелді негіздемемен келтірген, сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді» деген сөздер «бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3 және 4-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған сақтандырушы үшін мұндай шартты жасасу міндетті болып табылады.»;
«4-1. Сақтанушының қалауы бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (пайда алушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының жасалған аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (пайда алушының) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (пайда алушыға):
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;
аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
3) 13-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі 7) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзіне сақтанушы аудит қызметтерін көрсеткен тұлғаны аудит жүргізу кезінде аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы хабардар етуге міндетті.»;
4) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданысы кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;»;
5) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы не аудиттелетін субъект сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.»;
6) 19-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсетіп және өзінің талабын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурс арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.»;
7) 21-баптың 4-тармағы «бас тартудың себептеріне жазбаша нысанда, дәлелді негіздемемен келтірген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді» деген сөздер «бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 4-тармағындағы «аффилиирленген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ақпараттық өзара іс-қимылдың осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген түрлері сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы электрондық ақпараттық ресурстар алмасу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3) 10-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Сақтанушының қалауы бойынша тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
17-тармақтың 4) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерек қорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу;
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасалды деп есептеледі.
5. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
5) 11-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен) он екі айдан кем мерзімге жасасуға жол беріледі.»;
6) 13-бапта:
тақырып «Сақтанушының» деген сөзден кейін «(сақтандырылушының)» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Сақтанушы» деген сөзден кейін «(сақтандырылушы)» деген сөзбен толықтырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);»;
«6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа құқықтары да көзделуі мүмкін.»;
7) 14-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезінде оны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөнінде мәліметтер ұсынуға;»;
8) 16-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай, өзге де тәсілдермен жасасу кезінде жеңілдіктер беруге жол берілмейді.»;
9) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға міндетті.»;
10) 24-баптың 4-тармағындағы «сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып,» деген сөздер «бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 24-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: