1) 1-баптың 17-тармағы 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «абзацтарын;» деген сөз «абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 13-тармағының 5) тармақшасын және 19-тармағының 26) тармақшасын;
2) 2022 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 22-тармағының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын;
3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 8) тармақшасын, 19) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын, 14-тармағы 5) тармақшасының жиырма екінші және жиырма төртінші абзацтарын, 9) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын;
4) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 66) тармақшасының отыз бірінші абзацын, 19-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 13) тармақшасын, 14) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 15) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы, жетінші, он екінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 23-тармағы 3) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 5) және 8) тармақшаларын;
5) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын, 11-тармағының 14) тармақшасын, 18) тармақшасының бесінші абзацын, 19) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 34) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 67) тармақшасының он бірінші, жиырма бірінші және отыз төртінші абзацтарын, 74) тармақшасын, 75) тармақшасының жетінші абзацын, 15-тармағының 2) тармақшасын, 16-тармағының 2) тармақшасын, 17-тармағының 4) тармақшасын, 18-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасын, 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 13) тармақшасын, 17) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 20-тармағы 2) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 21-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 26-тармағының 3) тармақшасын, 34-тармағы 7) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 12) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 13) тармақшасының сегізінші және он төртінші абзацтарын, 14) тармақшасын;
6) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 18) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 28) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Жалпы сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) көрсетілген сақтандыру портфелін беру туралы міндетті түрде хабардар етіп және сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы ақпаратты жібере отырып, сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінсіз, осындай берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті.
«Жалпы сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру портфелі берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лицензиялық алым төлеместен, лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.
«Өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиялық алым төлеместен, лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берген келісімі (уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайларды қоспағанда) бір сектор шеңберінде ұқсас лауазымға тағайындалмаған (сайланбаған) кезде:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері үшін - еңбек шарты бұзылған (өкілеттіктері тоқтатылған) немесе өзге лауазымға ауыстырылған күннен бастап он екі ай өткен соң;
2) банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкері үшін - еңбек шарты бұзылған (өкілеттіктері тоқтатылған) немесе өзге лауазымға ауыстырылған күннен бастап алты ай өткен соң өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған), бірақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органмен келісілмеген адамдар тиісті функцияларын өздері тағайындалған (сайланған) күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органның келісуінсіз жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, осы адаммен еңбек шарты бұзылады не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылданады.
5. Осы Заңның 1-бабының 11-тармағы 19) тармақшасының он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған сақтандыру агенттеріне қолданылады.
6. Осы Заңның 1-бабының 34-тармағы 12) тармақшасының отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтарының және 13) тармақшасының он жетінші абзацының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.
7. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 66) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Ұйым осы Заңның және сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының негізінде сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.»;
2) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 68) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұрын бұзу, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде беруге міндетті.».
8. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағының 61) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;»;
9. 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 18) тармақшасы он үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын туристі міндетті сақтандыру;
Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент-заңды тұлғалары сақтанушылары болып табылатын міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.»;
2) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 67) тармақшасы қырық үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 3-1), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.»;
3) осы Заңның 1-бабы 11-тармағының 67) тармақшасы қырық бесінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Сұрау салуды өзі туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде қамтылатын, ұйымға сұрау салу беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1), 4), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, қолжетімділігі стандартты және (немесе) шектеулі сақтандыру есептерін алушылардың атынан жазбаша нысанда береді.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 шілде
№ 138-VІІ ҚРЗ