1) қолжетімді инфрақұрылым құру (халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды тазарту, санитариялық жағдайларды жақсарту, көлік, энергетика);
2) денсаулық сақтауға, білім беруге, оның ішінде кәсіптік оқытуға, қаржыландыруды алуға және қаржылық көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) қолжетімді тұрғынжай салу;
4) халыққа көмек, жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламалар;
5) азық-түлік қауіпсіздігі (оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің еңбек өнімділігін арттыру саласында);
6) қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау және оларды дамыту (мүліктік теңсіздікті қысқартуды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағдарламаларын, әйелдер кәсіпкерлігін, гендерлік теңдік саласындағы жобаларды қоса алғанда, активтерге, көрсетілетін қызметтерге, ресурстарға және оларды бақылауға тең құқықпен қол жеткізу, тең құқықпен нарыққа шығу және қоғам өміріне араласу);
7) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының әлеуметтік облигацияларының стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда айқындалған өзге де әлеуметтік жобалар.
5. Орнықты даму облигацияларын шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген тек қана «жасыл» және әлеуметтік жобалардың үйлесімін қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс.
6. Орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару кезінде эмитент болашақта алдын ала белгіленген мерзімдерде орнықты даму саласындағы қызметтің нақты нәтижелерін жақсартуға міндеттенеді.
Эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметінің көрсетілген нәтижелері сандық бағалауға, салыстырмалы талдауға және сыртқы бағалауға болатын тиімділіктің өлшенетін түйінді көрсеткіштері түрінде көрсетілуге тиіс.
Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген сипаттамаларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне эмитенттің қол жеткізу нәтижелеріне қарай өзгеріп отырады.
Эмитент оларға қол жеткізген жағдайда қолданысқа енгізілетін, эмитенттің орнықты даму саласындағы қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері, сондай-ақ орнықты дамумен байланысты облигациялардың қаржылық және (немесе) құрылымдық сипаттамалары осы облигацияларды шығарудың шарттары шеңберінде және (немесе) облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада көрсетілуге жатады.
20-2-бап. Сыртқы бағалау (верификация)
1. Эмитенттер «жасыл», әлеуметтік облигациялардың, орнықты даму облигацияларының және орнықты дамумен байланысты облигациялардың, сондай-ақ осы облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттардың негізгі қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан облигацияларды шығару алдында сыртқы бағалауды алу үшін тәуелсіз сарапшыға жүгінеді.
2. «Жасыл» және (немесе) әлеуметтік облигациялар және (немесе) орнықты даму облигациялары және (немесе) орнықты дамумен байланысты облигациялар шығарылғаннан және орналастырылғаннан кейін эмитенттер осы облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін сыртқы аудиторлық ұйымды немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ұйымдарды тартады.
3. «Жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигациялары мен орнықты дамумен байланысты облигацияларды шығаруға жүргізілген тәуелсіз сыртқы бағалаудың және (немесе) оны верификациялаудың нәтижелері туралы ақпарат тәуелсіз сыртқы бағалау және (немесе) верификациялау нәтижесі алынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде эмитенттің интернет-ресурсында ашып көрсетілуге жатады.
Эмитент өзінің интернет-ресурсында эмитенттің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты пайдалану қорытындылары, сондай-ақ орнықты даму саласындағы мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу нәтижелері туралы ақпаратты ашып көрсетуді жүзеге асырады.»;
19-тармақтың 26) тармақшасы 2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
26) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы хабарлама
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы арқылы, орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемнің кемінде жиырма пайызы көлемінде шет мемлекеттің аумағындағыдай орналастыру шарттарымен иеленуге ұсынуға тиіс.
2. Базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органды осы баптың 1-тармағының талаптарын ескере отырып, осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
3. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы өткізуді жоспарлайтын тұлға уәкілетті органды осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді.
4. Депозитарлық қолхаттарды шығару қағидаларында депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес беру тәртібі қамтылуға тиіс.»;
27) 23-баптың 3-тармағындағы «проспектісінде» деген сөз «шарттарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Эмитент анықталған бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға ықпал ететін барлық әрекетті жасауға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта бастау анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.»;
29) 30-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) беру актісіне қол қойған (осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қосылатын акционерлік қоғамды қоспағанда, қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам үшін);»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы ұйымы болып табылатын қосылатын акционерлік қоғам қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті органның лицензияның қолданысын тоқтату туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға жүгінуге міндетті.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешімді уәкілетті орган эмитентке жібереді.»;
30) 31-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу. Төлем агенті. Облигацияларды өтеу»;
1-тармақтағы «проспектісінде» деген сөз «шарттарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді (облигацияларды өтеу кезінде төленетін облигациялар бойынша соңғы купондық сыйақыны қоспағанда) эмитент дербес немесе төлем агентінің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттерді қоспағанда, эмитент соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге арналған ақшаны облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған соманы есепке жатқызу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, әрбір облигация ұстаушыға төленуге жататын сома туралы ақпараты бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып аударады.
Орталық депозитарий облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы облигацияларды ұстаушылардың банктік шоттарына аударуды жүзеге асырады.
Банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер облигацияларды ұстаушыларға осы эмитенттер шығарған облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны төлеуді дербес жүзеге асыруға құқылы.
Өз облигацияларын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындағаннан кейін банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар эмитенттер орталық депозитарийге әрбір облигация ұстаушыға төлем сомасының мөлшері туралы ақпарат бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін қоса бере отырып, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған ақшаны облигацияларды ұстаушыларға төлеу туралы хабарламаны беруге міндетті.
Сәйкестендірілмеген («жоғалған») облигацияларды ұстаушылар болған жағдайда, банктік аударым операцияларын жүргізуге лицензиясы бар бағалы қағаздар эмитенті осы ұстаушыларға тиесілі төлем сомасын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орталық депозитарийге аударуды жүзеге асырады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуді жүзеге асыру үшін төлем агентін сайлау туралы шешімді эмитенттің органы өз жарғысына сәйкес қабылдайды.
6. Төлем агентінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану туралы шешім қабылданған жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде төлем агенті туралы мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) төлем агентінің толық атауы;
2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді жүзеге асыратын барлық филиалдарының тұрған жері, деректемелері.»;
31) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
Орталық депозитарий эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде өтегені туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»;
32) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Репо операциялар, туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттары қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында репо операцияларды және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау тәртібі мен шарттарын тараптар тиісті шартта айқындайды.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген шарт бас қаржылық келісім түрінде жасалуы мүмкін.
Резиденттер арасында жасалатын бас қаржылық келісімді кәсіптік ұйым әзірлейді. Егер шетелдік тұлға бас қаржылық келісімнің тарапы болып табылса, бас қаржылық келісімді шетелдік кәсіптік ұйым әзірлеуі мүмкін.
Бас қаржылық келісімде бұдан басқа, тарату неттингін қолдану тәртібі мен шарттары айқындалады.
Тараптар бас қаржылық келісімнің үлгілік шарттарына, оның ішінде тарату неттингін қолдану тәртібіне және(немесе) шарттарына қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.»;
33) 34-бап алып тасталсын;
34) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды орталық депозитарий жүзеге асырады.
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және орналастыру тәртібі, шарттары орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.»;
35) 41-бап «қоспағанда,» деген сөзден кейін «орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттың бар-жоғы туралы,» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.»;
37) 45-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
38) 47-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін және қызметін жүзеге асыруы мүмкін трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлер және (немесе) дилерлер байқаушы кеңесін құрады.»;
39) 48-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақтандыру ұйымына бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қолданылмайды.»;
40) 49-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органның талап етуі бойынша инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға осы Заңның 72-3-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
41) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 53-2-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;»;
42) 53-1-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы «нарығына кәсіби қатысушылар ұсынатын» деген сөздер «нарығында ұсынылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.» деген сөздер «тұлғаларға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларына әрекет етуге тыйым салынады.»;
43) мынадай мазмұндағы 53-2-баппен толықтырылсын:
«53-2-бап. Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктері
1. Инвестициялық консультация беру деп дара инвесторларға бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жөнінде инвестициялық ұсынымдар (бұдан әрі - инвестициялық ұсыным) беру бойынша көрсетілетін қызметтер түсініледі.
Инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.
2. Инвестициялық ұсыным дара инвесторға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен беріледі.
3. Инвестициялық ұсынымды бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және лицензиаттың ішкі құжаттарында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкері ғана беруге құқылы.
4. Инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсету кезінде брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері тиісті сақтықпен адал және тек қана клиенттің мүдделері үшін іс-қимыл жасауға міндетті.
Мүдделер қақтығысы туындаған және (немесе) болған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы және олардың қызметкерлері клиент мүдделерінің өз мүдделерінен басымдығын негізге ала отырып әрекет етуге міндетті.
5. Брокер және (немесе) дилер, инвестициялық портфельді басқарушы:
1) инвестициялық консультация беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды бұзу;
2) жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
3) егер клиент осы ұсынымды алған кезде мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығы мен фактілері туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, мүдделер қақтығысы болған кезде қаржы құралымен мәміле жасасуға инвестициялық ұсыным беру нәтижесінде клиент шеккен залалдар үшін жауаптылықта болады.»;
44) 54-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған лицензиаттың атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) мен мүшелері;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқаруға ниеті бар жеке тұлға немесе басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тәуелсіз директор болып табылатын адам түсініледі.»;
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) қызметін осы тармақшада санамаланған салаларда жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілген адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
5) өзін басшы лауазымына келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымын атқара алмайды (лауазымына тағайындала немесе сайлана алмайды).
Өтініш берушілер (лицензиаттар) басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сәйкестігін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Басшы қызметкерлерге және басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
«4. Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған лицензиаттың атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам) лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) өтініш берушінің (лицензиаттың) бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) өтініш берушінің (лицензиаттың) өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының тек қана қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне жетекшілік ететін мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп басқару органы басшысының және мүшелерінің, атқарушы орган басшысының және мүшелерінің, осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.
4-2. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не өтініш беруші (лицензиат) беруі мүмкін.