Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
4. Анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер және (немесе) бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, уәкілетті орган мен бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында жасалған, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға байланысты емес себептер бойынша бұзушылықтарды жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.»;
8) 3-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына бұрын оған қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы Заңның 51-бабында белгіленген негіздер бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолдануға құқылы.»;
9) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) шығарылуы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес тіркелген бағалы қағаздар;»;
10) 5-1-бапта:
1-тармақтағы «Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар» деген сөздер «Осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші абзацындағы «3-тармағында» деген сөздер «1-1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 6-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген бағалы қағаздарға қолданылмайды.»;
12) 8-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 12) тармақшасының екінші - он бірінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асыратын, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуге, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені болып табылады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мыналарды:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарауды;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағазға орталық депозитарий берген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) туралы мәліметтерді қоса алғанда, эмитент және оның бағалы қағаздары туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізуді;
3) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын жіберуді;
4) бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде эмитентке электрондық нысанда:
мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы және тұрған жері өзгерген немесе жарияланған облигациялар саны азайған кезде);
өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, шығарылым шарттарын жіберуді қамтиды.
3. Егер осы Заңда өзге де мерзімдер айқындалмаса, уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы туралы құжаттарды олар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынады.»;
19-тармақтың 13) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тарту»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, уәкілетті орган шығарылымды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «(бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды)» деген сөздер алып тасталсын;
14) 11-бапта:
19-тармақтың 14) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері алып тасталсын;
4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда ұсынған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешімінің) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін акционер шешімі) хаттамасының көшірмесі;
3) осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) акциялар шығарылымы проспектісі;
5) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акцияларға ақы төленгенін растайтын құжаттар.
19-тармақтың 14) тармақшасының он екінші - жиырма екінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және акциялар шығарылымы проспектісін электрондық нысанда акционерлік қоғамға жібереді.
6. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымы проспектісі;
3) акционерлік қоғамның акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған акционерлік қоғам органының отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме;
4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің көшірмесі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар мерзімі өткен салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда).
7. Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамға электрондық нысанда мыналарды жібереді:
1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар саны ұлғайған және (немесе) олардың түрі өзгерген, акционерлік қоғамның атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген проспект.
8. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам осы баптың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қайта ұсынады, бұл ретте уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.
9. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
15) 12-бапта:
19-тармақтың 15) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуі»;
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 15) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтінішті;»;
«5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды;»;
6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) эмитенттің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігінің (эмитенттің еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілігінің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептердің көшірмелерін (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда);»;
19-тармақтың 15) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенті уәкілетті органға электрондық нысанда қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:»;
5, 6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитентке мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) электрондық нысанда жібереді.
19-тармақтың 15) тармақшасының он алтыншы - жиырма үшінші абзацтары 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, эмитенттің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген электрондық түрдегі облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);
3) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған эмитент органы отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме.
7. Облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган эмитентке электрондық нысанда мыналарды жібереді:
1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген және (немесе) эмитенттің атауы өзгерген және (немесе) тұрған жері өзгерген кезде);
2) өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі).»;
«9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
16) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
1. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент мынадай талаптар сақталған кезде:
1) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттар уәкілетті органға ұсынылған күні эмитент өз қызметін кемінде бес жыл жүзеге асырса;
2) өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы бес жылдың қорытындылары бойынша осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген шарттарды бұзу жағдайлары болмаса, жүзеге асырады.
2. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлар арасында орналастыруға тыйым салынады.
3. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар акцияларға айырбасталуға жатпайды.
4. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды шығару туралы шешімді және оларды шығару шарттарын айқындауды акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды. Бұл шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
5. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигациялар шығару көлемі акционерлік қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің он пайызынан аспайды.
6. Өтеу мерзімі жоқ мемлекеттік емес облигацияларды ұстаушылар мұндай облигацияларды, оның ішінде осы Заңның 15 және 18-4-баптарында көзделген негіздер бойынша сатып алу туралы талап қоя алмайды.»;
17) 13-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «асып кеткен;» деген сөздер «асып кеткен жағдайда, эмитентке облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
18) 15-баптың 2-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды бұзған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шарттарды өзгертуге келісімі болған жағдайларды қоспағанда, эмитент жинақталған сыйақыны ескере отырып, облигацияларды ұстаушылардың талап етуі бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы микроқаржы ұйымын шаруашылық серіктестіктен акционерлік қоғам етіп қайта құру кезінде оған қолданылмайды.»;
19) 18-1-баптың 1-тармағындағы «, инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау» деген сөздер алып тасталсын;
20) 18-2-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитенттің осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 15-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауы мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.»;
«3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (егер осы облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) орналастырады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер барлық орналастырылған облигация бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімді осындай ұстаушы жеке-дара қабылдайды және ол жазбаша түрде ресімделуге жатады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысының шешімі қабылданған күнінен кейін үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Көрсетілген мерзімде эмитент қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді хабардар етеді.
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, облигациялар шығарылымы проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың (жалғыз ұстаушының) жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап облигацияларды ұстаушылардың (облигацияларды ұстаушының) жалпы жиналысында қабылданған шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналысы тоқтатыла тұрады.
Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген, облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру мерзімі облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.
Эмитент осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген жағдайларда орталық депозитарий мен қор биржасын (облигациялар қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) облигацияларды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру туралы хабардар етеді.»;
21) 18-3-баптың 2-тармағындағы «, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау» деген сөздер алып тасталсын;
22) 18-4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:
жиналған, бірақ төленбеген сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;
қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған мемлекеттік емес облигациялардың нарықтық бағасымен (осындай баға болған кезде);
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған бағамен (егер эмитенттің облигациялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа түспесе) сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.»;
23) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «ипотекалық облигацияларды» деген сөздерден кейін «немесе секьюритилендіру мәмілесі шеңберіндегі облигацияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың талаптары жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруға, орналастыруға, айналысқа жіберуге және өтеуге қолданылмайды.»;
24) 20-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «проспектісінде» деген сөзден кейін «немесе жеке меморандумда» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «эмитентпен» деген сөзден кейін «, бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «проспектісінде» деген сөзден кейін «немесе жеке меморандумда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін басқаруды (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) жүзеге асырады;»;
25) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару ерекшеліктері
20-1-бап. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигациялары және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигациялар
1. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларына мыналар жатады:
1) «жасыл» облигациялар;
2) әлеуметтік облигациялар;
3) орнықты даму облигациялары.
2. Орнықты дамудың мемлекеттік емес облигацияларын және орнықты дамумен байланысты мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. «Жасыл» облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс:
1) жаңартылатын энергия;
2) энергетикалық тиімділік (жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан өнеркәсіптік объектілердің, ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергетикалық тиімділігін арттыру);
3) қоршаған ортаның ластануын болғызбау және бақылау;
4) су мен қалдықтарды орнықты пайдалану (су үнемдеу, қалдықтар мен сарқынды сулар, су ресурстарын сақтау және қалпына келтіру);
5) ауыл және орман шаруашылығын орнықты жүргізу, жер пайдалану, биологиялық әртүрлілікті сақтау;
6) экологиялық туризм;
7) экологиялық таза көлік (оның ішінде төмен көміртекті көлік құралдары, экологиялық таза көліктік инфрақұрылым);
8) климаттың өзгеруіне бейімделу (климаттың өзгеруі салдарына инфрақұрылымның төзімділігін арттыру, климаттың өзгеруін байқау және осындай өзгерістердің ерте алдын алу жүйесі);
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, «жасыл» облигациялар арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) және (немесе) Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының «жасыл» облигациялар стандартын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, орнықты даму саласындағы халықаралық танылған стандарттарда көзделген сыныптамаларға сәйкес келетін өзге де жобалар.
4. Әлеуметтік облигацияларды шығару мен орналастыру нәтижесінде алынған қаражат тек қана мынадай салалардағы жобаларды қаржыландыруға (қайта қаржыландыруға) бағытталуға тиіс: