Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі сайланғаннан кейін келісілген кезде келісуге құжаттар уәкілетті органға сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, Қор осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) Қорда басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісім алынған немесе одан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындамау (сайламау);
2) уәкілетті органның Қордың басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқару басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқару атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелеген жағдайларды қоспағанда, Қордың басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды алмастыруына) тыйым салынады.
Уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.»;
4-тармақта:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесінің дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім ішінде басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, осы баптың 3-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор уәкілетті органды Қордың тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, Қор уәкілетті органды осы ақпарат Қорға белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) басшы қызметкерлердің осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;»;
3) тармақшадағы «алуға құқылы» деген сөздер «алады» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік «қаржы ұйымдарында,» деген сөздерден кейін «банк, сақтандыру холдингтерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қор:
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған кезде басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
5) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қор акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға бір дауыстан беру қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
3-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес кепілдік берілуге жататын сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын филиалдары Қордың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алмай Қормен қатысу шартын жасасады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қордың директорлар кеңесінің құрамы мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қордың тәуелсіз директорларының саны Қордың директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс;
2) Қордың директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның кемінде екі өкілі кіруге тиіс;
3) Қордың директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар және уәкілетті органның өкілдері болып табылмайтын мүшелері Қор акционерлерінің арасынан сайлануға тиіс;
4) «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша қызметін жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны тең болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қор:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты;
2) Қордың меншікті активтері бойынша бөлек бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды.
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу тәртібін Қор уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжатқа сәйкес белгілейді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
зиянды өтеу резервінің қаражатын;
Қордың меншікті активтерін есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.
14-тармақтың 5) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Кастодиан «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алуды және сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.
14-тармақтың 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Кастодиан уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен осы Заңның талаптарына сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві қаражатының пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қорда:
1) Қордың директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді;
3) тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті Қор органдарына ұсынудың ішкі рәсімдерін;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттарын айқындайтын тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі қалыптастырылуға тиіс.
Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Қорда Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын ішкі аудит қызметі құрылуға тиіс.»;
6) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) Қорда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және осындай жүйенің жұмыс істеуін бақылау;
4-3) Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын айқындау;
4-4) Қорда ішкі аудит қызметін құру;»;
7) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Консультативтік комитет
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.
Қор акционерлерінің жалпы жиналысы, Қордың директорлар кеңесі, Қордың директорлар кеңесінің комитеттері консультативтік комитеттің қарауына берген (енгізген) мәселелер бойынша Қордың директорлар кеңесіне ұжымдық ұсынымдар дайындау және беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіру консультативтік комитеттің негізгі міндеті болып табылады.
2. Консультативтік комитет уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекіткен өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.
3. Консультативтік комитет туралы ережеде:
1) консультативтік комитеттің негізгі міндеті мен құзыреті;
2) консультативтік комитет мүшелерін, олардың өкілеттіктерінің мерзімін айқындау тәртібі;
3) консультативтік комитет мүшелерінің функциялары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі;
4) консультативтік комитеттің отырыстарын шақыру және өткізу, консультативтік комитет мүшелерінің сырттай дауыс беру тәртібін қоса алғанда, консультативтік комитеттің жұмыс тәртібі;
5) консультативтік комитеттің хатшысын және оның функцияларын айқындау тәртібі;
6) осы Заңға қайшы келмейтін өзге де ережелер айқындалуға тиіс.
4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Консультативтік комитет комитеттің отырысына қатысып отырған мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің саны қанша болса да шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Консультативтік комитеттің құрамына:
1) сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген барлық лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған қатысушы-сақтандыру ұйымын қоспағанда, әрбір қатысушы-сақтандыру ұйымынан бір-бір өкілден;
2) Қордың директорлар кеңесі айқындаған Қор қызметкері кіреді.
Консультативтік комитет отырысының төрағасы консультативтік комитеттің әрбір отырысында отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
6. Консультативтік комитеттің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған кезде консультативтік комитет мүшелерінің ешқайсысының, оның ішінде консультативтік комитет отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылмайды.
7. Консультативтік комитеттің мүшелеріне оның жұмысына қатысқаны үшін сыйақылар есепке жазылмайды және төленбейді.
8. Консультативтік комитеттің ұсынымы, егер оны қабылдауға консультативтік комитеттің отырысына қатысып отырған консультативтік комитет мүшелерінің немесе сырттай дауыс беруге қатысқан мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
9. Консультативтік комитеттің отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.»;
8) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
«6-2-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитеттің мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау мақсатында Қорда бір немесе бірнеше инвестициялық комитет құрылуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қордың меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды тек қана инвестициялық комитет (инвестициялық комитеттер) жүзеге асырады, оның құрамында (әрқайсысының құрамында) кемінде үш адам болуға тиіс.
Қордың өзге органдары және (немесе) басшы қызметкерлері осы Заңмен Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құзыретіне жатқызылған шешімдер қабылдауға құқылы емес.
3. Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін басшы қызметкерлер етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған Қордың басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатына және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері етіп тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, тиісінше Қордың және (немесе) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлері болып табылуға тиіс.
Қордың инвестициялық комитетінің (инвестициялық комитеттерінің) құрамына Қордың атқарушы органының мүшесі және Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі басшысы кіреді.
4. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелерін сайлауды Қордың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
5. Инвестициялық комитеттің отырыстары оларға инвестициялық комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.
Инвестициялық комитеттің шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және жазбаша түрде ресімделеді.
6. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық шешімдер қабылдау бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды атқаруды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері өз мүдделері мен Қордың мүдделері өзара сәйкес келмейтін мән-жайлардың бар екендігі туралы ақпаратты Қордың атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайда, инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) мүшелері инвестициялық комитеттің (инвестициялық комитеттердің) отырысына қатысуға және қабылданатын шешімдерге қандай да бір түрде ықпал етуге құқылы емес.
8. Инвестициялық комитет отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, оларға инвестициялық комитеттің төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және онда қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылады.
Инвестициялық комитеттің мүшелері өздерінің ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол инвестициялық комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі және оның бір бөлігі болып табылады.
9. Қордың инвестициялық комитеті (инвестициялық комитеттері) қабылдаған инвестициялық шешімдерді Қордың атқарушы органы қабылданған шешімдерге қатаң сәйкестікте орындауға тиіс.
10. Инвестициялық комитет Қордың меншікті активтері және (немесе) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты және (немесе) зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен, осы активтерді және (немесе) қаражатты мақсатсыз пайдалануды, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзуды көздейтін мәмілелер жасау туралы шешімдер қабылдаған кезде, уәкілетті орган мұндай шешімдерді қабылдауға дауыс берген адамды (адамдарды) инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол осындай хабарламаны алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей мұны инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан уәкілетті орган шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
11. Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін атқарудан шеттету туралы хабарламасы Қордың атқарушы органының назарына жеткізілген кезден бастап аталған адам не адамдар инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган мұндай шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы оның құрамына сайлана алмайды.
12. Инвестициялық комитетті құру және оның жұмыс тәртібі, негізгі міндеттері мен құзыреті уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін Қордың ішкі құжатында белгіленеді.»;
9) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеу;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен (толық немесе ішінара) құқыққа сыйымсыз бас тартқан не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
2-1 және 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, өмірді сақтандыру;
3) зейнетақы аннуитеттік сақтандыру;
4) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру.
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын;
заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
14-тармақтың 9) тармақшасының он жетінші - жиырмасыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қор:
1) Қордың осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;
2) кредиторлардың сақтандыру шарттарына қатысты оларға Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.»;
10) 8-баптың 2-тармағында:
1-1) тармақшадағы «мәжбүрлеп» деген сөз алып тасталсын;
3) тармақша «ұйымдарының» деген сөзден кейін «бастапқы бір реттік,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «қызметті жүзеге асырады.» деген сөздер «қызметті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады.»;
11) 3-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.
2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
2) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.
5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
12) 10-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «қосымша» деген сөз «бастапқы бір реттік, қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 12-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.»;
«3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.