Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде болмаған жағдайда, ие болған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9) 27-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талап етуі бойынша жүргізуге тиіс.» деген сөздер «берсе);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, көрсетілген шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талабы бойынша жүргізуге тиіс.
Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда осы тармақшаның ережесі қолданылмайды.»;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер өзіне тиесілі акцияларды акционерлердің жалпы жиналысы акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған, қоғам оларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алған кездегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі редакциясына сәйкес сатып алуды талап етуге құқылы.»;
10) мынадай мазмұндағы 30-2-баппен толықтырылсын:
«30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
2. Қоғам акционерлері жалпы жиналысының акцияларды бөлшектеу жөніндегі шешімінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
2) бөлшектеу коэффициенті;
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
4) өзге де мәліметтер.
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларды бөлшектеу кезінде акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.»;
11) 35-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;»;
12) 36-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-2), 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай, қоғамның орналастырылатын (өткізілетін) акцияларының немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың тәртібін, шекті мерзімдерін және жалпы санын айқындау;»;
«3-4) акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау, осындай бөлшектеу шарттарын, мерзімдерін және тәртібін айқындау;
3-5) өтеу мерзімінсіз мемлекеттік емес облигациялар шығару туралы шешім қабылдау және оларды шығару шарттарын айқындау;»;
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) директорлар кеңесі санының құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар төлемі мен шығыстары өтемақысының мөлшерін және шарттарын айқындау;»;
«7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «1-1),» деген цифрлар «1-1), 1-2),» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.»;
13) 40-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоғам акционерлері қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтан қатысуға құқылы.»;
14) 53-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысанын айқындау;»;
«3-1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылдау;»;
15) 76-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «Қоғамның» деген сөзден кейін «аудиттелген» деген сөзбен толықтырылсын;
16) 80-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғам өз қызметіне қатысты қоғам құжаттарын өз қызметінің бүкіл мерзімі бойы электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында айқындалған өзге де жерде сақтауға тиіс.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Акционердің талабы бойынша қоғам оған осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмесін қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен, бірақ қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беруге шектеулер енгізуге жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған:
1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;
2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;
3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;
4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы.»;
17) 82-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерінің барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.»;
18) 83-баптың 1, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарт негізінде және өткізу актісіне сәйкес қосылатын қоғамның бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттерін басқа қоғамға бере отырып, қызметін тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. Қосылу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары қол қоюға тиіс. Өткізу актісіне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органының басшылары және бас бухгалтерлері қол қоюға тиіс.
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлеріне осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына пропорционалды түрде орналастыру (өткізу) арқылы қосылатын қоғамның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейін көрсетілген акциялар жойылады.»;
«4. Қосылу туралы шешім қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жеке қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өздерінің барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Өздерінің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы ақпарат кредиторларды өткізу актісімен таныстыру уақыты, орны және тәртібі көрсетіле отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.»;
19) 84-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бөліну туралы шешім қабылдаған күннен кейін екі ай мерзімде өздерінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.»;
20) 85-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бөлініп шығу туралы шешім қабылдаған күннен кейін екі ай мерзімде өздерінің барлық кредиторларына бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.»;
21) 89-баптың 1-тармағында:
екінші бөлік «мүлік» деген сөзден кейін «ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге жататын ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.».
14. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналары және олардың бастапқы біржолғы жарналары, қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Зиянды өтеу резерві осы Заңда көзделген жағдайларда тек қана жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) оны жерлеу шығыстарын өтеу үшін пайдаланылады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) инвестициялық комитет - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтеріне, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының алқалы органы;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредитор - осы Заңға сәйкес кепілдікті төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не жәбірленушіге (сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлғаға)келтірілген зиянды сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде өтеген және тиісінше, өзіне сақтандыру төлемін алу құқығы өткен өзге тұлға;»;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін және зиянды өтеу резервін қоспағанда, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтері;
16-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті капиталы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры активтерінің мөлшері мен оның міндеттемелерінің, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің мөлшері арасындағы айырмаға тең шама;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақысын және тиісті салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын қоса алғанда, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті жарналары, олардың міндетті жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны не уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша есебінен, сондай-ақ резерв қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есебінен қалыптастырылатын және резерв қаражатын инвестициялаудан алынған теріс инвестициялық кіріске азайтылған және резервті инвестициялауға байланысты шығыстарға азайтылған резерв. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда ғана пайдаланылады;»;
2) 3-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қордың меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау тәртібі мен мөлшерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;»;
3) 4-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) активтерді инвестициялау тәртібін және Қордың меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;»;
6) тармақша алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) Қордың меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілейді;»;
10) және 10-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;»;
«10-2) Қор стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 10-4), 10-5) және 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:
Қордың меншікті активтерін, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;
«жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;
инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;
10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;
10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;»;
1-1-тармақтағы «Қордың есептілігінің (қаржылық есептілігін қоспағанда) тізбесін, нысандарын, оны» деген сөздер «қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы «оның өз капиталы» деген сөздер «Қордың меншікті капиталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.»;
4) 4-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қордың атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағаны туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың мақсаттары үшін Қордың басшы қызметкері лауазымына кандидат деп Қордың басшы қызметкері лауазымын атқару ниеті бар жеке тұлға немесе тәуелсіз директор болып табылатын, Қордың басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қордың басшы қызметкері лауазымын:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің болмауы мінсіз іскерлік бедел болып табылады;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) басшы лауазымға өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Қор басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Қордың басшы қызметкерлеріне және басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп жоғарыда аталған тармақшада көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басқару органы басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысы мен мүшелерінің, дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тиісті функцияларды сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды Қор не басшы қызметкер лауазымына кандидат ұсынуы мүмкін.
Уәкілетті органның Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сай келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат ол аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.