«10) уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында жасалған ақпарат алмасу туралы келісім негізінде шетелдік ұйымдар;
11) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде өзге де тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта аталмаған өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында аталған сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру сақтандыру есептерінің қолжетімділік деңгейлеріне және түріне қарай жүзеге асырылады:
1) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
2) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 2-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы алушымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін, ал қалған субъектілер бойынша тек дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде алуға құқылы;
4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
11-тармақтың 67) тармақшасының отыз төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы;
6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар өзі туралы ғана қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
7) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
8) пайда алушы өзінің жәбірленуші құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы;
9) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
10) сақтандыру омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
11) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алатын кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
12) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар қолжетімділігі стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
13) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар дерекқор субъектісінің жазбаша келісімі болған кезде қолжетімділігі стандартты және шектеулі сақтандыру есептерін алуға құқылы.
11-тармақтың 67) тармақшасының қырық үшінші абзацының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 9-тармағының редакциясында қолданылды
Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 3-1), 3-2), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
6. Ұйым осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған алушыларға сақтандыру есебін ұсынуды олардың сұрау салуы негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
11-тармақтың 67) тармақшасының қырық бесінші абзацының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 9-тармағының редакциясында қолданылды
Сұрау салуды өзі туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде қамтылатын, ұйымға сұрау салу беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1), 3-2), 4), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, қолжетімділігі стандартты және (немесе) шектеулі сақтандыру есептерін алушылардың атынан жазбаша нысанда береді.»;
68) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 68) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2023 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 7-тармағының редакциясында қолданылды
«1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша, оның ішінде оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, оларды мерзімінен бұрын бұзу, сақтандыру (қайта сақтандыру) сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары (сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғалар), сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) сыныптары бойынша ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасында аталған ақпарат беруші әрбір сақтандыру жағдайы бойынша, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты осы Заңда, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.
1-2. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1-2) тармақшасында аталған ақпарат берушілер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша ақпаратты осы Заңда, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде береді.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер дерекқорға беретін ақпараттың мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
3. Осы баптың 1, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1), 1-1) және 1-2) тармақшаларында аталған ақпарат берушілер тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде электрондық түрде береді.»;
69) 82-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы «3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар» деген сөздер «бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
70) 86-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері барлық сақтандыру түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру омбудсманын уәкілетті орган үш жыл мерзімге сайлайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды уәкілетті орган, оның ішінде сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің өтінішхаты бойынша жүзеге асырады.»;
«8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттік тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесін және уәкілетті органды жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.»;
71) 87-баптың 2-тармағында:
1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін, сақтандыру омбудсманы лауазымына кемінде үш кандидат бар кандидаттардың тізімін бекіту;»;
«3) сақтандыру омбудсманының жылдық бюджетін, қызметінің қорытындысы туралы есепті бекіту және уәкілетті орган бекіткен міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері негізінде міндетті жылдық жарнаның мөлшерін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) сақтандыру омбудсманына сақтандыру көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың сақтандыру омбудсманының әрекеттеріне шағымдарын талдау және сақтандыру омбудсманының есептерін қарау қорытындысы бойынша оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органға сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішхат жіберу;»;
72) 88-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары заң білімі бар;»;
«4) бұрын уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру омбудсманы қаржы ұйымдарында лауазымдардың кез келгенін атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.»;
73) 89-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы «беруге міндетті.» деген сөздер «беруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ақпарат пен мәліметтердің толықтығын, анықтығын және өзінің интернет-ресурсында уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
11-тармақтың 74) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
74) 90-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.»;
75) 91-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган бекіткен сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі және сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының жарналары есебінен қаржыландырылады. Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Міндетті жарналар төленбеген, уақтылы төленбеген не толық емес көлемде төленген жағдайда, сақтандыру омбудсманы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органды сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабардар етуге міндетті.
11-тармақтың 75) тармақшасының жетінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Сақтандыру омбудсманының офисі сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының шешімі негізінде ақпараттық технологиялар, заңтану, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі, бағалау саласындағы, өтініш берушілердің жолданымдарымен жұмыс жөніндегі қызметтер мен мамандарды және өзге де қызметтерді (мамандарды) ұстауға тиіс.».
12. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісім Даму Банкі қатысатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.».
13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) акцияларды бөлшектеу - акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының санын ұлғайту;»;
«14-1) қор биржасының өкілдік тізімі - бағалы қағаздар және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сай келетін олардың эмитенттерінің тізімі;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тәуелсіз директор - осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының - үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сай келетін директорлар кеңесінің мүшесі;»;
2) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға жататын хаттамамен (шешіммен) ресімделеді.»;
3) 13-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамның орналастырылған артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.»;
4-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі төртінші абзацындағы «айырбастау туралы мәселелер жатады.» деген сөздер «айырбастау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«артықшылықты акцияларды бөлшектеу туралы мәселелер жатады.»;
4) 14-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мыналарды:
талап қою күніне қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;
соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);
орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің (акционер өтініш жасаған күнге дейінгі үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне қатысты ақпаратты қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;»;
13-тармақтың 5) тармақшасы 2022 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қоғамның директорлар кеңесі акционерлер жалпы жиналысының шешімі немесе қоғамның жарғысы негізінде осы баптың 1-тармағының талаптарын қолданбай, қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыру (өткізу) туралы шешімді мынадай:
1) қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен сыйақы төлеу;
2) қоғам қызметкерлерін акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен көтермелеу;
3) қызметін Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында қоғамның акцияларын немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды бастапқы орналастыруды жүргізу жағдайларында қабылдауға құқылы.
Қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру (өткізу) тәртібі, шекті саны және мерзімдері акционерлер жалпы жиналысының шешімінде немесе қоғамның жарғысында айқындалады.»;
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге қолданылмайды.»;
7) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған тұлға туралы және оның үлестес тұлғалары және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.»;
8) 25-1-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) алынған талап туралы хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға қалған акционерлердің талабы бойынша оларды акцияларды сату бағасының айқындалғанын растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, осы акцияларға құқықтар кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату жөніндегі мәмілелерден, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау жөніндегі операциялардан басқа, қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.»;
5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға басқа акционерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мәліметтері бар, осы акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотына аударылады.