Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2710 Қазақстан Республикасының Заңы
(2017.10.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 41-VI Заңын қараңыз (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары
5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру
7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары
10-бап. Әскери қарсы барлау органдары
10-1-бап. Алып тасталды
10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары
11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер
3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi
12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары
13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту
14-бап. Алып тасталды
15-бап. Берiлген құқықтарды iске асыру
3-1-тарау. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдануы
15-1-бап. Дене күшін, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлік техниканы қолдану шарттары мен шектері
15-2-бап. Дене күшін қолдану
15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану
15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану
4-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы
16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлар құрамы
17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
19-бап. Алып тасталды
20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары
21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері
22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау
5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету
24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық қадағалау
27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
28-бап. Осы Заңды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттік органдар.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) астыртын әрекет ету - құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу жолымен қарсы барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
2) қарсы барлау қызметі - Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін шет мемлекеттердің және өзге де шетелдік ұйымдардың арнаулы қызметтерінің барлау және нұқсан келтіру әрекеттерінен қорғау жөніндегі жедел және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 2-бап өзгертiлдi; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертiлдi
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;
3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
4-1) Қазақстан Республикасында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзге де мiндеттер жүктелуi мүмкiн.
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) осы Заң;
3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгіндегі басқа да нормативтiк құқықтық актілері;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсіз болу қағидаттарына негізделіп құрылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерiнiң және жұмыскерлерінің iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды
6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
2-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi және олардың қызметiн ұйымдастыру
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 09.12.98 ж. № 307-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.
16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;
2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк актiлер шығарады және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.
2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-1-бап өзгертілді
8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.
09.12.98 ж. № 307-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Әскери қарсы барлау органдары
Әскери қарсы барлау органдары:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады;
1-1) әскери құралым болып табылады;
2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады;
3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз болады.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды
10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертiлдi
11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер
Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер терроризм актілерін және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады.
Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел-жауынгерлік және өзге де іс-шараларға қатысады.
3-тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2009.28.08. № 192-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкіметін елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;
2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;
8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;
9) 2010.27.05. № 279-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;
11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;
12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзуге;
15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілеген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға және атқаруға;
17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі, соның iшiнде мемлекеттік қызметтiк құпия болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе жедел-қызметтік қызмет материалдарына оларға жария сипат берілгенге дейін қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін уәкілетті лауазымды адамның өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;
19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға мiндеттi;
20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;
21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;