Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 заң күшi
бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2002 ж. 21
наурыздағы № 309-II Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы".
2. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.".
3. Бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлықтан" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңға", "Заңда", "Заңның", "Заңнан" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 1-баптағы "Республиканың Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi ұлттық қауiпсiздiк органдары)" деген сөздер мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi ұлттық қауiпсiздiк органдары)" деп, "Республиканың Президентiне" деген сөздер мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының Президентiне" деп дұрыс жазылған.
5. 2-баптың 1-тармағында:
1) 6) тармақшадағы "елдiң" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7) тармақшадағы "ұйымдары" деген сөз "ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7) тармақшадағы "ұйымдастыру" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "болып табылады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.".
6. 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.".
7. 6-баптың 1-тармағындағы "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын, "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен толықтырылсын.
8. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды".
9. 8-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды;";
2) 2-тармақтағы "құрылымы мен қызметiнiң ұйымдастырылуы" деген сөздер "мәртебесi мен өкiлеттiктерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) олар заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары болады.".
11. 10-бапта:
1) 1) тармақшадағы "және өзге де" деген сөздер ", басқа да әскерлерiнде және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3) тармақшадағы "және өзге де" деген сөздер ", басқа да әскерлерi мен" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 10-1 баптағы "үкiметтiк байланыс әскерлерi мен басқа да әскерлерден құралады" деген сөздер алып тасталсын.
13. 12-бапта:
1) 7) тармақшада "мемлекеттік және әскери құпия" деген сөздер "мемлекеттік құпия" деген сөздермен ауыстырылсын, "құрамалар" деген сөзден кейiн ", бөлiмдер" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 10) тармақшадағы "заңға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге";
4) 17) тармақшадағы "мемлекеттік, әскери және қызметтiк құпия" деген сөздер "мемлекеттік құпиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. 13-бапта:
1) 8) тармақша "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен, "нақты залалды" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9) тармақша "құрамалардың" деген сөзден кейiн "және бөлiмдердiң" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 10) тармақшадағы "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11) тармақша "құрамалардағы" деген сөзден кейiн ", бөлiмдердегi" деген сөзбен толықтырылсын;
5) 12) тармақшадағы "заңмен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен, "құрамалар" деген сөз "құрамаларға, бөлiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13) тармақшадағы "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 14) тармақшадағы "құрамалар" деген сөз "құрамалардан, бөлiмдер" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. 16-баптың 1-тармағындағы "(қызметкерлер)" деген сөз алып тасталсын.
16. 17-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Әскери қызметшiлердi ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмыс iстейтiн резервiне есепке алу мен олардың әскери қызметтi өткеру тәртібін Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.".
17. 18-бапта:
1) 3-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. 19-баптың 2-тармағындағы "Қарулы Күштердiң", "заңдарда" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң", "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. 20-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комитет төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң стажын еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.";
2) 3-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-тармақтағы "Қарулы Күштердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. 21-бапта:
1) 1-тармақтағы "еңбек туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы "заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
21. 22-бапта:
1) 1-тармақтағы "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. 23-баптың 2-тармағындағы "Республикасының" деген сөз мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының" деп дұрыс жазылған, "құрамаларының" деген сөзден кейiн "және бөлiмдерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының