76) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар құрған заңды тұлға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 77) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 77) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға құжаттарды ұсынған заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 78) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78) пруденциялық нормативтер - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
79) резервтiк қор - қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған қаражат;
80) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 81) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
81) сауда-саттықты ұйымдастырушы - осы Заңға сәйкес орталық депозитарийдің клиенттері арасындағы белгіленімдермен алмасу жүйесін пайдалану және оған қолдау көрсету арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруы кезіндегі қор биржасы немесе орталық депозитарий;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 82) тармақша жаңа редакцияда
82) тарату неттингі - бас қаржылық келісімнің ережесі, оның негізінде бас қаржылық келісімде айқындалған оқиға басталған кезде барлық ақшалай міндеттемелер (ақшалай талаптар), сондай-ақ қамтамасыз ету ақысын беруді (енгізуді) қоса алғанда, бас қаржылық келісім шеңберінде жасалған барлық мәмілелер бойынша мүлікті беру жөніндегі барлық міндеттемелер (талаптар) көрсетілген міндеттемелер (талаптар) осындай оқиға басталған кезде орындалуға жататынына не орындалуға жатпайтынына қарамастан, жаңарту, тоқтату арқылы немесе бас қаржылық келісімде айқындалған өзгеше тәсілмен орындалу мерзімі басталған болып есептелетін бір нетто-міндеттемеге (нетто-талапқа) ауыстырылады (автоматты түрде немесе тараптардың біреуінің таңдауы бойынша);
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 83) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
83) төлем агентi - банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
84) трансфер-агент - өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 85) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
85) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздар туынды қаржы құралы болып табылмайды, бірақ туынды қаржы құралының базалық активі бола алады);
86) тiркелген тұлға - бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыны есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар тұлға;
87) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
88) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 89) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
89) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, олармен жасалатын мәмiлелер қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 90) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, онда бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен, оның ішінде шетел валюталарымен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелер қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 91) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
91) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) - бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға орталық депозитарий беретін әріптік-цифрлық код;
92) хеджирлеу - хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 92-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
92-1) шетелдік кәсіптік ұйым - халықаралық ұйым, шетелдік заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын, қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енетін шетелдік ұйым;
93) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
94) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
95) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
96) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар;
97) эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы - бағалы қағаздардың қайталама рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 98) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
98) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
99) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында бағалы қағаздарды сату;
100) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 101) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
101) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
102) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде болуын тоқтату;
103) эмиссиялық консорциум - эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi;
104) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті, бағалы қағаздар нарығын және бағалы қағаздар нарығы субъектілерін реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп таниды, оларды тіркеу тәртібін, шығару, айналысқа жіберу, өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;
5) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуын және айналысын тоқтата тұрады және қайта бастайды, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жояды;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттарда, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талаптарындағы және облигациялардың жеке меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты ашып көрсетеді;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асыру қағидаларын, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбiне, осы мәмiлелердi есепке алуға қойылатын талаптарды айқындайды;
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және одан айыру тәртібін белгілейді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 11) тармақша жаңа редакцияда
11) пруденциялық нормативтердің түрлерін және лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін, олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемесін, оның ішінде лицензиат өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде белгілейді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;
13) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 14) тармақша өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мыналардың:
орталық депозитарийдің;
14) тармақшаның үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
бірыңғай оператордың;
өтініш берушілердің (лицензиаттардың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
15) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) өз құзыреті шегінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына осы Заңның 3-3-бабында белгіленген қадағалап ден қою шараларын және (немесе) осы Заңның 3-6-бабында белгіленген санкцияларды қолданады;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 19-2) тармақша жаңа редакцияда
19-2) бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) осы Заңның 3-1-бабында белгіленген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды
19-4) кәсіби ұйымға орындалуы үшін міндетті нұсқама жібереді;
20) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 22-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
22-2) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 22-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
22-3) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өзіне қабылдайтын тәуекелдерге байланысты пропорционалды түрде айқындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша орталық депозитарийдің, бірыңғай оператордың, лицензиаттардың және инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3-1-бап. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды және кәсіптік ұйымдарды қоспағанда) қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе оның лауазымды адамдарының (болған кезде) құқыққа сыйымсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де талаптары орындалмаған жағдайларда, уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жазбаша ескерту шығаруға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)