2) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы, инвестициялық қорлар туралы заңнамасының нормаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асырылған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шаралары жүйелi түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған;
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1) тармақша өзгертілді
3-1) осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
3-2) лицензиаттар ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) лицензиат өзіне берілген лицензияға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырмаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4) лицензиат аудиторлық есепте көрсетілген бұзушылықтарды осы Заңның 55-1-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімдерде жоймаған;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қолдануы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша тоқтатылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және клирингтік қатысушы болып табылатын, уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған лицензиаттың міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалануы есебінен орындайды.
52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лицензиаттар, орталық депозитарий және бірыңғай оператор уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы анық және толық есептерді уақтылы ұсынуға мiндеттi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензиаттардың, орталық депозитарий мен бірыңғай оператордың есептілігінің тізбесі, нысандары, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері және тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу
1. Мынадай жағдайларды:
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуді;
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор биржасы осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа:
1) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасы мен оның мүшелері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жариялауды;
2) қор биржасының материалдық-техникалық құралдарын және өзге де жабдықтарын жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы баптың 1-тармағының күші трансфер-агенттің қызметіне қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 53-1-баппен толықтырылды
53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар ұсынатын көрсетілетін қызметтерге жарнама беруші ретінде мына тұлғаларға:
уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына;
лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 54-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Мыналар:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының басшысы мен мүшелері;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшенiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасасқан шарттарда және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген еңбек өтілі және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету саласында еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы-бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы - заңды тұлғасының басшысы болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;
6) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген, бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға - эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.
3. Акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл;
3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Өтініш берушінің (лицензиаттың) тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне ғана жетекшілік ететін басқару органының мүшелері, сондай-ақ атқарушы органның мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкерлердің осы Заңның осы бабында, 63-бабының 5-тармағында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) тестің теріс нәтижесі.
Мыналар тестің теріс нәтижесі болып табылады:
кандидаттың тест нәтижесі дұрыс жауаптың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың не аудармашының (егер осы аудармашыны кандидаттың өзі ұсынса) уәкілетті орган белгілеген тест тәртібін бұзуы;
кандидаттың келісу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген уақытта тестке келмеуі;
3) өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін жоймауы немесе өтініш берушінің (лицензиаттың) уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 5-тармағында белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;
4) басшы қызметкер уәкілетті органның келісімінсіз өзінің лауазымын атқарып жүрген, осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген мәміле тарапы болып табылғандығы туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы бойынша бас тартады.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілелерді жасағаны үшін оған қатысты қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің уәкілетті органда болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;
уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.