Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.»;
29) 241-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «акт жазбаларын мемлекеттік тіркеуге арналған ақпараттық жүйеге» деген сөздер «азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.»;
30) 242-баптың бірінші бөлігі «тіркеуші орган» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 245-бапта:
2) тармақша «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
32) 246-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орын бойынша электрондық нысанда береді.
Қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.»;
33) 247-баптың 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;»;
«8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.»;
34) 30-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-тарау. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру»;
35) 257-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру үшін негіз»;
бірінші бөліктегі «ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді» деген сөздер «ауыстыруды» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;»;
36) 258 және 260-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - құжаттарды кейіннен тіркеуші органға жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне беріледі.»;
«260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;
37) 261-бап алып тасталсын;
38) 262-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тарту»;
39) 263-бап алып тасталсын;
40) 264-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.
Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті куәлік береді.»;
41) 265 және 266-баптар алып тасталсын;
42) 268-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған кезде қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне ғана енгізеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған жағдайда, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне де, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне де енгізеді.»;
43) 270-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«270-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.»;
44) 271-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«271-бап. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеуді сот-медициналық сараптама ұйымының лауазымды адамының жазбаша өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.»;
45) 273-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.»;
46) 274-бапта:
3) тармақшада «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада «тіркеуші органның» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 279-баптың 1-тармағындағы «Республикасының астанасы әкімдігінің» деген сөздер «Республикасы астанасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
48) 280-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.».
6-тармақ 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
638-баптың екінші бөлігіндегі «соттағы бірыңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден» деген сөздер «соттағы алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 28-баптың 10-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-2. Квазимемлекеттік сектор субъектісі деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, деректерді басқару талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін қажетті иесіздендірілген деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына береді.»;
2) 36-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда ұсынылады.»;
3) 241-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) қайырымдылық ұйымдарына, эндаумент-қорларға инновациялық жобаларға сараптама, мониторинг жүргізу жөнінде қызметтер көрсете алады.».
8. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
343-баптың 19-тармағының 1) тармақшасы «қайтыс болуы туралы куәлік» деген сөздерден кейін «немесе хабарлама» деген сөздермен толықтырылсын.
9. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
9-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 68-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 47-бабының 3-тармағында, 50-бабының 1 және 4-тармақтарында, 106-бабының 5-тармағында, 107-бабының 4-тармағында, 133-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында, 146-бабының 3-тармағында, 149-бабының 2-тармағында, 163-бабының 1 және 4-тармақтарында, 164-бабының 3-тармағында, 181-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында көзделген хабарламалар, хабархаттар және хабарлар құзыретті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында, 117-бабының 4-тармағында, 118-бабының 5-тармағында, 119-бабының 8-тармағында, 120-бабының 2-тармағында, 133-бабының 5-тармағында, 169-бабының 1-тармағында, 170-бабының 2-тармағында, 171-бабының 5-тармағында, 173-бабының 2-тармағында және 181-бабының 5-тармағында көзделген өтініштер мен ұсыныстар құзыретті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы беріледі.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 70-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде ашық қолжетімділікте жариялайды.
Ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган құзыретті органмен бірлесіп бекітеді.
7. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылады.»;
9-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 93-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлға:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті қаржы қаражатының бар екенін растау үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы ақпарат және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшердегі банк шотындағы қалдық туралы үзінді көшірме;
2) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшерде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қызметін қаржыландыруды қарыздың нысаналы мақсаты ретінде көздейтін, ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат ретінде ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері ұсынылған жағдайда, қарыз берушіде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қаржылық мүмкіндіктердің бар екенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға қажетті қаржы қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.»;
9-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізуге өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.
2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:
1) осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты жылына төрт реттен асырмай жариялайды;
2) егер өтініш беруші өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады.
Аукцион өткізу туралы хабархат жарияланған жағдайда, аукционға қатысуға арналған өтініштер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.»;
9-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 95-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әрбір учаске бойынша аукционды құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтініш бойынша өткізеді.
Аукционды өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабархат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде және құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.»;
мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:
1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы;
2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды.
8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін.
11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ:
1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады;
2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады.»;
9-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 96-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінішті көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалану арқылы жібереді.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей және (немесе) жанама бақылайтын барлық (кез келген) заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «нұсқау қамтылуға тиіс.» деген сөздер «нұсқау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;
6) өтініш берушінің кепілдік жарнаны төлегені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы және 4) тармақшасындағы «құжаттар;» деген сөз «құжаттар қоса беріледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы бапта көзделген құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің 99-бабының 5-тармағына сәйкес құзыретті орган айқындайтын тәртіппен ұсынылады.»;
9-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 97-бапта:
3-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту өтініш берушіні ағымдағы аукцион шеңберінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.»;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 98-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия аукцион жеңімпазын келісімшарт жасасу құқығынан айырады, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционның күшін жояды немесе оны өткізілмеді деп таниды.»;
9-тармақтың 9) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 99-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер аукцион өткізуге арналған өтінішті берген тұлға аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға болса, онда аукционға қатысуға арналған өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционның күші жойылады және мұндай тұлға қол қою бонусының бастапқы мөлшерін төлеген жағдайда, осы Кодекстің 100-бабында белгіленген тәртіппен мұндай тұлғамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалады.»;
2-тармақтағы «интернет-ресурсында» деген сөздер «ақпараттандыру объектісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;