Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 701-бап өзгертілді
701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 408-1, 425 (бірінші бөлігінде), 428, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде), 637 (он екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстің 406-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
1) өткiзу орындарында - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда - мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
3) мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.
704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары құқылы.
705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 706-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 706-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші бөлігінде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.
708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші бөлігінде) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 710-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 712-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
713-бап. Монополияға қарсы орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 714-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде) 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен Кодекс 715-1-баппен толықтырылды
715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 (бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.
717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде) және 571-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші, үшінші және 4-1-бөліктерінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi де қарайды.