Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру
және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1012-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1012-бап. Селекциялық жетiстiктердi пайдалануға жіберу
Құқықтық қорғау берiлген (патентi бар) селекциялық жетiстiктер пайдалануға жіберiледi.».
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасының үшінші және отызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«тірі ірі қара мал;»;
«Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнім түрлерін айқындау (осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген өнім түрінен басқа) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-І, 18-ІІ, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-тарау. Өсімдіктерді қорғау мен өсімдіктер карантині, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнім өндіру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар»;
мынадай мазмұндағы 408-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«408-1-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу»;
2) 22-тараудың тақырыбындағы «және асыл тұқымды мал шаруашылығы» деген сөздер «, асыл тұқымды мал шаруашылығы, органикалық өнім өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 402-баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
4) 407-баптың бірінші бөлігінде:
1), 2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;»;
«6) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды өсімін молайту мақсатында пайдалануы;»;
7) тармақшадағы «бағалау нәтижелерін бұрмалауы» деген сөздер «бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық - » деген сөздермен ауыстырылсын;
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 408-1-баппен толықтырылсын:
«408-1-бап. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді шығару және өткізу түрінде жасалған, Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасын бұзу -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - қырық бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 701-бап «358,» деген цифрлардан кейін «408-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 729-баптың бірінші бөлігі «405 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «408-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
8) 804-баптың бірінші бөлігінде:
22) тармақша «314,» деген цифрлардан кейін «408-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
50) тармақша «404 (тоғызыншы бөлігі),» деген сөздерден кейін «408-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.
4. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етілген» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
4), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) асыл тұқымдық куәлiк - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат;»;
«7) асыл тұқымды мал - республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал;
8) асыл тұқымды малдың жеке карточкасы - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, оның шығу тегi туралы, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары жөніндегі деректерді қамтитын, шаруашылық ішіндегі бастапқы есепке алу нысаны;»;
14) тармақша алып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;»;
17), 21) және 22) тармақшалар алып тасталсын;
23-1) және 23-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1) бонитер (сыныптаушы) - бонитирлеу (бағалау) бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;
23-2) бонитирлеу (бағалау) - тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша малдардың асыл тұқымдық құндылық деңгейін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 23-3), 23-4) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-3) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты, әкесі бойынша шығу тегінің генетикалық сараптамасы бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
23-4) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, әкесі бойынша тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;»;
«26-1) зауытшы - мал туылған кездегі оның енесінің иесі;»;
35) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) таза тұқымды мал - бір тұқым бойынша кемінде он алтыдан он бес қан үлесі бар мал;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) тұқым стандарты - республикалық палаталар бекітетін, фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштері бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды малдар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;»;
3) 13-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
5), 14-1), 17) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мыналарды:
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативтерін;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
4) 14-бапта:
3) тармақшадағы «ірi қара мал тұқымдары жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша алып тасталсын;
5) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.»;
6) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер малды бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөнiндегі көрсететiн қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;
5) барлық бақылау және қадағалау объектілеріне кедергісіз баруды, Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамалар беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.»;
7) 16-2-бапта:
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «бағалау» деген сөз «бонитирлеу (бағалау)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) өнiмдiлігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;
5) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайлар кешенінің (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттардың көшірмелері;
7) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының көшірмесі қоса беріледі.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында, стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарламай жүзеге асырады.»;
8) 16-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу
Бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алуға жатады.
Асыл тұқымды малдың саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша асыл тұқымды малдың жеке карточкасын немесе асыл тұқымдық куәлігін ресімдейді.»;
9) 16-5-баптың 2) тармақшасындағы «малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлiнен өсiру» деген сөздер «малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану мен оны бонитирлеу (бағалау)»;
11) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнiм (материал) егер:
1) республикалық палата берген асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі және асыл тұқымдық куәлігі немесе асыл тұқымды малдың жеке карточкасы болған;
2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған жағдайларда, асыл тұқымдық деп танылады.»;
12) 18-бапта:
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртініш бөліктегі «бағалаудан өткен және бағаланған» деген сөздер «бонитирлеуден (бағалаудан) өткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Асыл тұқымды малдар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.»;
13) 19 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Бонитирлеу (бағалау)
Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдар уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бонитирлеуге (бағалауға) жатады.
Бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды асыл тұқымдық мақсаттарда өткізуге жол берілмейді.
Бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.»;
«23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық орталықтар;
2) дистрибьютерлiк орталықтар;
3) бонитерлер (сыныптаушылар);
4) техник-ұрықтандырушылар;
5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
6) республикалық палаталар жатады.»;
14) 24 және 25-баптар алып тасталсын;
15) 26-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «жүзеге асыру;» деген сөздер «жүзеге асыру болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы мен 2-тармағы алып тасталсын;
16) 27-баптағы «, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәліктер беру» деген сөздер алып тасталсын;
17) 28-баптың 1-тармағындағы «бағалау» деген сөз «бонитирлеу (бағалау)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 28-1-бап алып тасталсын;
19) 28-2 және 28-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-2-бап. Республикалық палата
1. Республикалық палата асыл тұқымды малдарды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
3. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.
4. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi.
5. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың, жылқылардың және құстардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады.