2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.»;
4) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал «өмірді сақтандыру» саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.»;
5) 26-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «ірі қатысушысының» деген сөздер «ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «4-7-1» деген цифрлар «4, 5, 6, 7, 7-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша «ұйымының акцияларын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;»;
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иемдену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.»;
6) 26-1-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «болмауы негіздер болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.»;
7) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
7) 27-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
бірінші сөйлемдегі «актуарий» деген сөз «құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем «білім деңгейі» деген сөздерден кейін «, уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтағы «6-1» деген цифрлар «6» деген цифрмен ауыстырылсын;
8) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
8) 28-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «табыс» деген сөздің алдынан «құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.»;
9) 32-бапта:
5-тармақтың 5) тармақшасы «күнге» деген сөзден кейін «және құжаттарды қарау кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептер бойынша еншілес ұйымды бақылауды иемденіп алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Уәкілетті орган:
1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның қызметі осы Заңның 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты өзі белгілеген тәртіппен кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 34-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы «бас бухгалтері» деген сөздерден кейін «,ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының мүшелері» деген сөздер «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.»;
5-тармақта:
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «шеттету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
11) 37-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;»;
11) тармақшадағы «көшірмесін табыс етеді.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауды растайтын құжаттарды табыс етеді.»;
10-тармақта:
«(қайта ресімдеу)» деген сөздер алып тасталсын;
«бір ай» деген сөздер «отыз жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
12) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жүгінбеуі негіздері бойынша бас тартылады.» деген сөздер «жүгінбеуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.»;
13) 43-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;»;
14) 48-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «листингтің ең жоғарғы және ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша» деген сөздер «қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) төлем қабілеттігі маржасы жеткіліктілігінің нормативін төмендетуді;
2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін азайту жолымен қысқартуды қолданады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген әсер ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
16) 53-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-1-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына:
1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;
5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, сондай-ақ ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
17) 53-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы «әрекетсіздіктерін анықтаған» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
18) 54-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;»;
2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауына, қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса,» деген сөздер «қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 67-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.»;
20) 74-1-бапта:
1-тармақтағы «тоқсан» деген сөз «жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «тоқсан» деген сөз «жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «тоқсан» деген сөз «жүз жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;