3. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
9) 42-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «анықталған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптары орындалмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 42-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-7-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына:
1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 42-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы жасаған;
5) олардың салдарынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғалардың, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушыларының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар орын алған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына олардың осы Заңның 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға да құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорынан ашық жинақтаушы зейнетақы қорын тәуекелге ұрындыратын, ірі қатысушы мен ашық жинақтаушы зейнетақы қоры арасындағы ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
11) 45-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттар және (немесе) ашылған жеке зейнетақы есепшоттары болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
5-тармақ алып тасталсын;
12) 45-1-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;
3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының болмауын растайтын құжат;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатына және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бірінші басшысы қол қойып, олар қордың мөрімен расталуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында ол жөнінде ақпарат жариялауға міндетті.»;
3-1-тармақ алып тасталсын;
13) 49-1-бапта:
2-тармақтағы «және басқа да ақпаратының» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
14) 49-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-2-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының есептілігі
1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы жыл сайын уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) басқа тұлғалармен бірге, өз араларындағы шарттың негізінде не өзгеше түрде ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыру туралы, оның ішінде осындай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдардағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып, өзінің ұйымдардағы лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы өзіне тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
3. Есептілікті беру тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
5. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), ірі қатысушы (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы, қаржылық есептілігі;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының (ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе қызмет түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушысы болмаған жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы қаржылық есептілікті және осы баптың 5-тармағында көрсетілген ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей беруге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - заңды тұлға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
7. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілігін, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
8. Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы осы баптың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.»;
15) 49-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-3-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына және жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғаларға аудит
1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Аудиторлық есептің көшірмесі және аудиторлық ұйымның ұсыныстары уәкілетті органға көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде берілуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы, жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайына әсерін тигізетін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке берілген лицензияның қолданылуын осы Заңның 42-бабының 8-тармағы 6) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
1) жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты жинақтаушы зейнетақы қорын осы Заңның 42-бабы 11-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға;
2) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 42-7-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.»;
16) 59-1-бапта:
2-тармақтағы «және басқа да ақпаратының» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
4. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139 құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25 құжат, № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат, № 18, 145-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасалуына тыйым салу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салынады.
2. Жеңілдікті жағдайлар жасау:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәмілеге келуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің табиғаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен оның мүддесі үшін мәмілеге келмеуін;
2) сақтандыру тарифін төмендетіп қолдануды не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай да бір тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы алдындағы міндеттемесін төлеу мүмкіндігін оған беру мақсатында мәмілеге келе алмайды.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап құқықтарынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысын хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және:
өзі;
өзінің кез келген жақын туыстарының бірі;
өзі немесе жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәмілені қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша беруге міндетті.»;
2) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.»;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы «және басқа да ақпараттарды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
7-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.»;
3) 21-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резиденттерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;