Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін жүргізу жүйесіндегі (номиналды ұстау жүйесіндегі) жеке шоттың үзінді көшірмесінде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер тіркеуші клиентінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша мәліметтеріне сәйкес келмеген жағдайда жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.»;
9) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
9) 39-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
10) 45-бапта:
4-1-тармақта:
бірінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Ішкі құжаттарды» деген сөздер «Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жарғылық капиталын қалыптастыру» деген сөздер «акцияларына төлем жасау» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
12) 48-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
лицензияны алу мақсаттары;
қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.»;
13) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
13) 50-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «бір ай мерзімнен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
14) 54-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы «бас бухгалтері» деген сөздерден кейін «, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы «(лицензиаттың)» деген сөзден кейін «директорлар кеңесінің бірінші басшысы,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.»;
5-тармақта:
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «шеттету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
15) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
15) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:
1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;
2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;
3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган қор биржасының директорлар кеңесінің (егер мұндай мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса) сараптамалық қорытындысын қарау нәтижесі бойынша жүзеге асырады.
3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау үшін қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін құрады.
Қор биржасының директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеті (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар өзге де сарапшылардан тұрады.
Қор биржасының атқарушы органының басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.
4. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:
1) бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бес жұмыс күні ішінде жасалған, олардың орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер (мәмілелер тараптарындағы бағалы қағаздардың бастапқы санының он және одан да көп процентке айырмашылығы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруі деп танылады);
2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;
3) бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар алдын ала келісілген баға бойынша жасалған мәміле;
4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;
5) сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле жатқызылады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
16) 57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.»;
17) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
17) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгізуге;»;
18) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
18) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу шартына сәйкес жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады.
2. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге жасалған шарт болған кезде ғана жүзеге асыра алады, оның үлгілік нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тіркеуші орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарт жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің қалыптастырылған жүйесін беруге міндетті.
3. Тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан да көп процентіне ие осы эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
4. Эмитент туралы, эмитент шығарған бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың жеке шоттары бойынша тіркелген операциялар туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі.
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің нысандары мен оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6. Тіркеуші лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайларда, сондай-ақ тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін жаңа тіркеушіге беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі мәліметтерді эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнінде жаңа шарт жасасқан жаңа тіркеушіге беруге құқылы.»;
19) 66-баптың 10) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заң» деген сөздер «осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
20) 68-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған құжаттарды беру тіркеушілер өкілдерінің қатысуымен қабылдау-беру актісін жасау жолымен жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін бұрынғы тіркеуші орталық депозитарийге жаңа тіркеушіні көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін беру туралы хабарлауға міндетті. Жаңа тіркеуші қабылдау-беру актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұрынғы тіркеушіден қабылданған құжаттардағы мәліметтерді өзі шарт жасасқан эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізуге міндетті. Мәліметтерді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізгеннен кейін жаңа тіркеуші ол жөнінде орталық депозитарийге хабарлауға және оған осы эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді табыс етуге міндетті.»;
21) 73-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, кастодиан өз клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.»;
22) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
22) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық депозитарий жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.»;
23) 81-бапта:
1-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.»;
23) тармақшаның алтыншы, жетінші абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу ережелері;»;
24) 82-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары болмайынша» деген сөздер «,сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тіркеушінің тиісті өкімі болмаса да жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізуге;»;
25) 83-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «Қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын бақылауды» деген сөздер «Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 84-бапта:
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Листинг, делистинг мәселелері бойынша шешім қабылданған немесе бағалы қағаздар тізімінің санаттары алмасқан кезде:»;
4) тармақшадағы «директорлар кеңесі мүшелерінің» деген сөздер «, құзыретіне көрсетілген мәселелерді қарау кіретін қор биржасы органы мүшелерінің (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.»;
27) 88-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау;»;
28) 89-баптың 1-1-тармағындағы «қор биржасының ресми тізіміне ең жоғары санат бойынша» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;
30) 109-бап алып тасталсын;
31) 111-бапта:
2) тармақшадағы «бағалы қағаздармен мәмілелерді» деген сөздер «лицензияланатын қызмет түрін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;»;
4) тармақшадағы «тарату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.» деген сөздер «тарату;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.».
7. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат, 2007 ж., № 4, 28-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Уәкілетті органның банктердегі өкілінің міндеті,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері қатарынан тағайындалатын өзінің өкілін банктерге жібереді.
Уәкілетті органның бір банктегі өкілдерінің санын уәкілетті орган айқындайды.
2. Уәкілетті органның өкілі өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган банктегі өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
4. Банктегі өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банктің қаржылық жай-күйіне талдау жасайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сауал салуының, нұсқамалардың, талаптардың сақталуын бақылайды;
3) банкте тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) банктің (бұдан әрі - банк органдары) басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз банк акционерлерінің жалпы жиналысына байқаушы ретінде қатысады.
6. Өкілдің:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында банктен және (немесе) оның лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша түрде мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банк органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
2) автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) қол жеткізуге құқығы бар.
7. Уәкілетті органның банктегі өкілі:
1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды банктің бермеуі немесе уақтылы бермеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі жасау, банк тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) уәкілетті органның банкке өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер бойынша уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Уәкілетті органның өкілі жіберілетін банк:
1) уәкілетті органның өкіліне өз функцияларын орындауына жәрдемдесуге;
2) банктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің уәкілетті органның өкіліне ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және банктің барлық ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) уәкілетті органның өкілінен сауал салуды алған күні не сауал салуда белгіленген және банкпен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) банк қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарап шығу режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті органның өкілдерін өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Уәкілетті органның өкілі өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыруы барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін үш жыл ішінде жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Уәкілетті органның өкілі уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі уәкілетті органның өкілі болған банкке жұмысқа қабылдана алмайды.
Уәкілетті органның өкілі банк органдары отырыстарының барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.»;
2) 13-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган ұйымдардың қызметіне жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді кешенді түрде не ұйым қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктей отырып жүргізеді.
Жоспарлы тексеру уәкілетті органның тексеру жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштеріне байланысты, сондай-ақ уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) өтініш бойынша тексеру - келіп түскен өтініштерге, арыздарға, шағымдарға, хабарламаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өзге де ақпараттарға байланысты тағайындалатын тексеру;
2) бірлескен тексеру - бірнеше мемлекеттік органдардың бірлескен актісінде тағайындалатын және (немесе) актіде тексеруге қатысатын басқа да мемлекеттік органдар көрсетіле отырып, бір мемлекеттік органның актісінде тағайындалатын тексеру;
3) қарсы тексеру - егер тексеру жүргізу кезінде уәкілетті органның жүргізілген операциялар туралы, тексерілетін тексеру объектісімен байланысты шарттық не өзге де өзара қарым-қатынастарды іске асыру туралы қосымша ақпаратты алу қажеттілігі туындаса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреттер шегінде үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру;
4) рейдтік тексеру - бірнеше ұйымдардың қызметін олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша бір мезгілде қамтитын тексеру;
5) бақылаушылық тексеру - алдыңғы тексеруде анықталған бұзушылықтарды жоюды орындау мақсатында жүргізілетін тексеру.»;
3-тармақтағы «тексеру тобына» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші абзац «жетекшісінің» деген сөзден кейін «немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша аралық және (немесе) қорытынды есеппен танысуға және қол қоюға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«тексеру тобына» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тексеру тобынан» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «тексеру тобына» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«тексеру тобына» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;