1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.»;
24) 65-баптың 2-тармағының ж) тармақшасындағы «алуға құқылы.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы з) тармақшасымен толықтырылсын:
«з) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша банктің мүлкі мен міндеттемелерін осы Заңның 73-1-бабына сәйкес басқа банкке (банктерге) беруге құқылы.»;
25) 69-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелеріне кандидаттардың, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелерінің тізімі және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
26) 73-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«73-1-бап. Банктің міндеттемелері мен мүлкін басқа банкке
(банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция
1. Банк кредиторларының құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның келісімімен банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын және бір бөлігінде не толық мөлшерде банк міндеттемелерін қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозиттер бойынша банк мүлкін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы), тарату комиссиясы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін уәкілетті органның келісімі бойынша тарату сатысында жүргізуі мүмкін.
Мәжбүрлеп таратылатын банктің аралық тарату балансы бекітілгеннен кейін кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілігін сақтай отырып, оның кез келген міндеттемелері мен мүлкін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге жол беріледі.
3. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) осы баптың 1-тармағында көрсетілген операцияны уәкілетті органның келісімі бойынша консервациялау сатысында жүргізуге құқылы.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізудің тәртібі және ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
5. Қатысушы-банктің кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін басқа қатысушы-банкке (банктерге) беруі депозиторлардың келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың келісімін алу мақсатында қатысушы-банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы), тарату комиссиясы кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерді алдағы уақытта беру туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды. Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде депозиторлардан жазбаша қарсылықтың болмауы депозитордың депозитті беруге келісімі ретінде қаралады.»;
26) 77-бапта:
тақырыбындағы «Ұлттық» деген сөздің алдынан «Уәкілетті органның және» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат):
1) 31-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.»;
2) 36-бапта:
1-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе уәкілетті орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:
«1-5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда), егер оның өз акционерлерінің (қатысушыларының) тіркелген елі туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екінші бөлігі талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.»;
3) 36-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «ірі қатысушысының» деген сөздер «ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «4-7» деген цифрлар «4, 5, 6, 7, 7-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша «акцияларын» деген сөзден кейін «, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенетін, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төменгі рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына қарай өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат табыс етуге тиіс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.»;
4) 36-2-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «болмауы негіз болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.»
5) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
5) 40-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы «бас бухгалтері» деген сөздерден кейін «, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «қоры басқармасының» деген сөздер «қорының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесі мүшелері, сондай-ақ тек қана жинақтаушы зейнетақы қоры қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.»;
5-тармақта:
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның келісімінсіз жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «шеттету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 41-бапта:
3-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацындағы «листингтің ең жоғарғы санаты бойынша» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлағанда жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамын тікелей немесе жанама иеленетін ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.»;
7) 41-1-бапта:
5-тармақтың 5) тармақшасындағы «қарай» деген сөз «және құжаттарды қарау кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қоры еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша меншігіне иемденіп алған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып табыс етіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлесін) үш ай мерзімде өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер жинақтаушы зейнетақы қоры қомақты қатысуды жинақтаушы зейнетақы қорына байланысты емес себептер бойынша иеленсе, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы тармақпен көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Уәкілетті орган:
1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына жинақтаушы зейнетақы қорының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы жинақтаушы зейнетақы қорымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
8) мынадай мазмұндағы 41-2-баппен толықтырылсын:
«41-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және зейнетақы активтерін басқарумен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің төмендеуін;
2) номиналдық кіріс коэффициентінің төмендеуін;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
1) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгертуді;
4) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
5) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын басқа ұйымның басқаруына зейнетақы активтерін беруді;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде олардың жарғылық капиталын арттыру жолымен ұлғайтуды;
7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекел дәрежесін бәсеңдету мақсатында инвестициялық портфельді қайта құрылымдауды жүргізуді;
8) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу жолымен қысқартуды қолданады.