«жұмыс жасау үшін» деген сөздерден кейін «ұйымдық техникамен және қалааралық байланыспен жабдықталған» деген сөздермен толықтырылсын;
«ғимараттарына» деген сөзден кейін «(оның ішінде ұйымның келісімі бойынша мереке және демалыс күндері)» деген сөздермен толықтырылсын;
«тексеру тобы мүшелерінің» деген сөздер «тексеруші қызметкерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері аралық есептер жасауы мүмкін, олар ұйымға танысу үшін табыс етіледі.
Аралық есеп екі дана етіп жасалады, оған тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі немесе уәкілетті органның тексеруші қызметкері қол қойып, ұйымға жіберіледі.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұйым аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде басшы (орынбасар) не ұйымда тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшы қол қойған аралық есептің бір данасын қайтарады, аралық есептің мазмұнында ескертпелер болған жағдайда өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.»;
10-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тексеру тобынан» деген сөздер «тексеруші қызметкерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы «Тексеру тобының мүшелері» деген сөздер «Уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайда уәкілетті органның тексеруші қызметкерлері қол қойған тексеру нәтижелері туралы есептің екі данасы коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптар сақтала отырып, ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға), тексеру жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты адамға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жіберіледі.»;
13-тармақта:
бірінші сөйлем:
«тексеру нәтижелері туралы» деген сөздерден кейін «аралық немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
«және тексеру нәтижелері туралы» деген сөздерден кейін «аралық немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем «Тексеру нәтижелері туралы» деген сөздерден кейін «аралық немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы аралық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде немесе қорытынды есепті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды уәкілетті органның тексеруші қызметкерлеріне немесе уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.»;
15-тармақтағы «уәкілетті органның бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының» деген сөздер «уәкілетті органның бөлімшелері басшыларының немесе олардың орынбасарларының, тексеру тобы басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың бірінші бөлігіндегі «қажетті ақпарат» деген сөздер «қажетті ақпаратты өтеусіз» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс еткен заңды тұлға;»;
2) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы «(бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.»;
4) 8-баптың 3) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
5) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) лицензиялаудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беруден тұрады.
2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін лицензияны алған күннен бастап жүз сексен күн ішінде іске қосуға міндетті.
4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін іске қосу үшін мынадай іс-шараларды:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
5. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.»;
6) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
6) 9-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Лицензиат» деген сөз «Өтініш беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні;»;
мынадай мазмұндағы 3, 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға:
1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары кіруге тиіс.
4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.»;
7) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
7) 10-баптың 2) тармақшасындағы «9-бабында» деген сөздер «8-бабында және 9-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
8) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-1) осы Заңның 8-1-бабының 3-тармағында көзделген талап орындалмаса;»;
9) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.»;
10) 20-баптың 1-тармағының 4-тармақшасындағы «субъектісі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.» деген сөздер «субъектісі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) уәкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.»;
11) 24-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «кредиттерді» деген сөзден кейін «(өтеу көзін көрсете отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 27-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға жол берілмейді.»;
13) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары кредиттік есептің уәкілетті органның сауал салуы бойынша табыс етілу жағдайларына қолданылмайды.»;
14) 30-баптың екінші бөлігіндегі «үшін» деген сөзден кейін «, уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат):
1) 7-бапта:
тақырыбындағы «және кастодианға» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
2) 37-бапта:
2-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында құрылысқа үлестік қатысу және реконструкцияланып жатқан жылжымайтын мүлік объектілері шарттарынан, жобалық-сметалық құжаттамадан туындайтын талап ету құқықтары болмауға тиіс.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының он бес процентінен;
2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма процентінен;
3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауға тиіс.».
10. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Осы баптың 2-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген негіздер» деген сөздер «Уәкілетті органның депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастыру негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың тақырыбындағы, 1, 3-тармақтарындағы «дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын», «банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарының» деген сөздер тиісінше «мүлкін», «банк мүлкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптағы «жеті жүз мың» деген сөздер «бір миллион» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-баптың 2-тармағындағы «жеті жүз мың» деген сөздер «бір миллион» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат):
26-баптың 1-тармағында:
«2009» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін» деген сөздер «алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағы 6) тармақшасының екінші - бесінші, жетінші - тоғызыншы абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 10) тармақшасының он жетінші абзацын, 11) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 13) тармақшасын, 4-тармағының 7), 8), 11), 12), 18) тармақшаларын, 6-тармағының 12), 13) тармақшаларын, 8-тармағының 5), 6), 7), 8) тармақшаларын;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының алтыншы, оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 8) тармақшасының жетінші абзацын, 10) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының сегізінші абзацын, 12) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 3-тармағының 5) тармақшасын, 4-тармағының 10) тармақшасын, 6-тармағы 1) тармақшасының бірінші - бесінші, тоғызыншы - он бесінші абзацтарын, 14), 15) тармақшаларын;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 12) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 6-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтарын, 7), 8), 9), 17), 18), 20), 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарын, 24) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін, өзі орналасқан елдегі тұратын жерінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы болып табылатын тұлғаларға осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде тиісті құжаттарды табыс етпей-ақ банк холдингі, ірі қатысушы мәртебесі беріледі.
3. Қаржы ұйымдары өз қызметін осы Заңның талаптарына ол қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде сәйкес келтірсін.
Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 14) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, жеке тұлғалармен банк қарызы (оның ішінде ипотекалық қарыз) шарттарын жасасқан ұйымдар сыйақы ставкасын осы Заң қолданысқа енгізілген күнгі шарттардың талаптарында белгіленген мөлшерден жоғары етіп, үш жыл ішінде өзгертуге құқылы емес.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға - жеке тұлғаларға кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді депозит бойынша есептеп шығарылмаған сыйақысыз депозит бойынша қалдық сомасында, бес миллион теңге мөлшерінде төлейді.
Осы тармақта белгіленген мерзім өткеннен кейін кепілдік берілген өтем «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында көзделген мөлшерде төленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қазанның 23-і.
№ 72-ІV ҚРЗ