«д-1) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы;»;
8) тармақшаның жетінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
е) тармақшасы алып тасталсын;
9) 25-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
10) 26-бапта:
10) тармақшаның екінші-он алтыншы абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде:
1) өтінішті;
2) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені жөнінде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиісті біліктілігі бар персоналды жалдауға;
3) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмесін;
4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;
5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;
8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;
9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып);
10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;
11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк осы баптың 2-тармағының 2), 10) тармақшаларында көзделген лицензияны алу үшін банкке қойылатын талаптарды банк қызметін жүзеге асыру кезінде сақтайды.»;
10) тармақшаның он жетінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
4-тармақтағы «лицензия беруге құжаттар табыс етілген күннен бастап бір ай» деген сөздер «Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
11) тармақшаның екініші -жетінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
«27-бап. Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту негіздері
Банк операциясын жүргізуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған;
2) егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған;
3) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
4) құжаттардың толық емес пакеті табыс етілген;
11) тармақшаның сегізінші абзацы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк үшін) жағдайда жүргізіледі.»;
12) 30-бапта:
5-тармақта:
екінші бөліктегі «5), 9) және 12) тармақшаларында» деген сөздер «5) және 12) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшаның төртінші , бесінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктерге банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені туралы қорытындысы талап етіледі. Қорытындыны беру тәртібін Ұлттық Банк айқындайды.»;
12) тармақшаның алтыншы, жетінші абзацтары 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингі бар ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, негізгі банкі не банк холдингі жоқ банктер (орналасқан акцияларының елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі банктерді қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге құқылы емес.»;
13) тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
13) 31-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.
Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.»;
14) 39-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді.
Сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды және ол шартта осы тармақтың талаптары ескеріле отырып айқындалған мерзім ішінде өзгермейтін болады. Тіркелген ставканың ең аз қолданылу мерзімі кемінде үш жыл болуға тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімі бойында сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азайтылу жағына қарай не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк қарызын жасасу күніне белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай өзгеруге құқылы емес.»;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «Аталған талаптар» деген сөздер «Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 41-баптың бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ертерек ден қою шараларын қолдану;»;
16) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын
«45-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктігі коэффиценттерінің төмендеуін;
2) өтімділік коэффиценттерінің төмендеуін;
3) банк міндеттемелері сомасында жеке және заңды тұлғалардың тартылған салымдары үлесінің төмендеуін;
4) негізгі борышы және проценттік сыйақысы бойынша мерзімін кешіктіру уақыты тоқсан күннен асатын банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін банктердің қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің көбеюін болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Банк және (немесе) оның акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлеріне төмендегі тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) банктің ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
2) депозиттер қабылдауды шектеуді;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктің басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
6) тәуекел дәрежесі жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерін тоқтата тұруды немесе шектеуді;
7) банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктің меншікті капиталын ұлғайтуды;
8) банк активтерін қайта құрылымдауды;
9) әкімшілік шығыстарды қысқартуды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес ұйымдарын жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдарға қатысу үлесін азайту арқылы қысқартуды қолданады.
3. Банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған ертерек ден қою іс-шаралары жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етілмеген немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы атқарылмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес атқарылмаған немесе уақтылы атқарылмаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне осы Заңда көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
17) 46-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «реттерде» деген сөз «, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-1-бап. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
1) ірі қатысушы және банк холдингі мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) банктің ірі қатысушысы және банк холдингі мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 46-бабына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
4) банктің ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалар жасаған іс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған;
5) ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйі тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтірілген немесе залал келтірілуі мүмкін болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де уәкілетті орган банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банк холдингтеріне және банктің ірі қатысушылары-жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушыдан оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
2) банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен оның банктегі тікелей немесе жанама иелену үлесін дауыс беретін акциялардың жиырма бес процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды және банкті тәуекелге душар ететін, олар мен банк арасындағы операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банктен банк немесе банк холдингі қатысушы болып табылатын ұйымға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты ұйымдар мен банк арасындағы банкті тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банктен немесе банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ банк холдингінен өз иелену үлесін иеліктен шығаруды немесе еншілес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргізуді талап етуге құқылы.
3. Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не ірі қатысушы, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға банктің өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
19) 48-баптың 1-тармағының м-1) тармақшасы «талаптарды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 50-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға банк шоттарының ашылғаны жөнінде салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге, шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
4) басқа банктің мүлкін және міндеттемелерін қабылдаушы банктерге осы Заңның 73-1-бабында көзделген операцияны жүргізуге қажетті мәліметтерді табыс ету банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;
21) 54-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде алынған, уәкілетті орган мен Ұлттық Банк арасындағы ақпарат алмасу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.»;
22) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің есептілігі
1. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) алынған қарыздар есебінен ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) сатып алуы туралы;
4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты беруге тиіс.
2. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күннің ішінде жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
3. Есептілікті табыс ету тәртібі және оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Банк холдингі уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
5. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі;
3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты табыс етуге тиіс.
Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
7. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
1) банк холдингі қызметі түрлерінің сипаттамасы;
2) банк холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
3) банк холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, жарғылық капиталдағы оның қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйым қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
8. Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.»;
23) 57-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2, 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі алған күннен бастап отыз күн ішінде табыс етеді.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы резидент емес банк холдингі орналасқан елдегі қаржылық ұйымдарға аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.