5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ тууға, үйленуге, қайтыс болуға байланысты отбасылық салт-жораларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ереуілдерге тыйым салу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі іс-шараларға тартылған басқа да мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату;
7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;
8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) президенттік және үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді.
2020.16.05. № 330-VI ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды; 2021.08.06. № 48-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төтенше жағдай енгізілген кезеңде және осыған байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес салық, бюджет, кеден, банк, еңбек заңнамасының, монополияға қарсы заңнаманың, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, валюталық реттеу туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік салаларындағы, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері жөніндегі заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
16-бап. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) коменданттық сағат енгізу;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
2) баспа басылымдарының мiндеттi даналары мен радио және телехабарларының материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру;
3) төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайларды жоюға кедергi келтiретiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе тоқтату;
4) көшiру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу, сондай-ақ дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды уақытша алып қою;
5) азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатудың, сатып алудың және бөлудiң ерекше тәртібін орнату;
6) тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және қаржылай қаражаттың бiрден бiрге өтуiн қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруына шек қою;
7) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға шек қою немесе тыйым салу, дәрi-дәрмектiң, есiрткi заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң айналымына ерекше режим белгiлеу;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрімен және улы заттармен қатар әскери және жауынгерлік оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивті заттарды да уақытша алып қою көзделеді.
Төтенше жағдай кезінде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде төтенше жағдай енгiзiлген ретте, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) тұрғындарды оларға міндетті түрде уақытша тұрғын үй-жайлар бере отырып қауiпсiз аудандарға уақытша көшiру;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін күзетуді күшейту жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік материалдық резервтi пайдалану, заңды тұлғалардың ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимiн өзгерту және төтенше жағдай кезiнде қажеттi өнiмдер шығаруға қайта бағдарлау;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу және қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарын аталған жұмыстарды жүргiзуге тарту көзделедi.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлетін жерде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды
тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі
17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану шектерi
1. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс.
2. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен шектеулер адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиiс.
18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңіндегі жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар берiледi, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және шекте қажеттi көмек берiледi.
2. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайларды жою қажеттiлiктерi үшiн мүлiктерi мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бiрдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Төтенше жағдай кезеңінде жеке басты куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялардың, рұқсаттардың және өзге де құжаттардың қолданылуы
Жеке басты куәландыратын құжаттар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар беретін лицензиялар, рұқсаттар және өзге де құжаттар, егер төтенше жағдай енгізілген жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұзартуды немесе ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, олардың қолданылу мерзіміне, иесінің мәртебесі өзгергеніне және өзге де елеулі мән-жайларға қарамастан, төтенше жағдай кезеңі ішінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жарамды болып есептеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген нормалар төтенше жағдай режимі қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылуы аяқталған құжаттарға не жеке немесе заңды тұлғаларға қосымша міндеттемелер жүктейтін құжаттарға қолданылмайды.
19-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолданудың, әскери техниканы пайдаланудың шарттары мен шектерi
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдануының, әскери техниканы пайдалануының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен шектерi төтенше жағдай кезiнде өзгертiлмеуге тиiс.
20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртібі
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) немесе төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарындағы патрульдер - коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзімен бірге болмағандарды - жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерімен бірге болған заттары мен көлік құралдары тексеріп-қаралуы мүмкін.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмiне жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
3. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде адамдар мен жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының таралу қаупiнiң туындауы салдарынан карантин енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай режимiн бұзған, көрсетiлген жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегiнен мiндеттi түрде шығарылуға тиiс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгiлеген мерзiмi аяқталғанға дейiн жалпы негiзде ұсталып, кiдiртiледi.
4. Ұсталып кiдiртiлген адамдарды ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарымен белгiленедi.
2020.16.05. № 330-VI ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдарлары
1. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқықтық актілер төтенше жағдай енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған актілерді қоспағанда, төтенше жағдайдың қолданылуының тоқтатылуымен бір мезгілде бұл туралы арнайы хабардар етілмей күшін жояды.
Осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған құқықтық актілердің ережелері, егер Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша актілердің өзінде өзгеше қолданылу мерзімі белгіленбесе, төтенше жағдайдың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтату төтенше жағдай режимін бұзу туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді.
22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысушы органдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн жүзеге асыру
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттар жүзеге асырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгiлiк көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
«Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы» 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 408-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 101-құжат);
«Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 409-құжат).
Қазақстан Республикасының