3-1-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 21) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;»;
22) мынадай мазмұндағы 34-1-баппен толықтырылсын:
«34-1-бап. Жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз беру ерекшеліктері
1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шартын жасағанға дейін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларына сәйкес қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін (төлем қабілеттілігін) жан-жақты, толық және сапалы бағалауды (бұдан әрі - қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалау) жүзеге асыруға міндетті.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қалауы бойынша мынадай құжаттардың бірімен:
жеке зейнетақы шотынан берілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;
жұмыс орнынан берілген соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;
қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша соңғы салық кезеңіндегі салық декларациясымен;
банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің бар екенін көрсететін өзге де құжаттармен расталған, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің болуын;
2) қарыз алушының соңғы алты айдағы кредиттік тарихының бар екенін не жоқ екенін;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің бар екенін не жоқ екенін;
4) үшінші тұлғалар алдында кредиттік есепте көрсетілген берешектің бар екенін не жоқ екенін айқындау жөніндегі іс-шаралары осы баптың мақсаттары үшін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалау болып танылады.
Қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін қарыз алушы жөніндегі мәліметтермен жиынтықта тиісінше бағалау жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарызды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы үшін ынтамақты жауапты ретінде әрекет ететін жеке тұлға (қоса қарыз алушы) жөніндегі мәліметтерді ескереді.
Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы тармақта көзделген қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін тиісінше бағалауды жүзеге асыруы үшін қарыз алушының (қоса қарыз алушының) анық емес ақпарат ұсынғаны үшін банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жауапты болмайды.
2. Жеке тұлға өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде шетел валютасында кірісі болмаған жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарды шетел валютасында беруге тыйым салынады.
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарттары бойынша ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ банктік шотқа қарызды есепке жатқызғаны үшін комиссия белгілеуге және алуға құқылы емес.
4. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шартының талаптарын өзгерту немесе ипотекалық тұрғын үй қарызы шартын өтеу мақсатында жаңа қарыз беру кезінде мерзімі өткен сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) негізгі борыш сомасына капиталдандыруға (жинақтауға) жол берілмейді.
5. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы ипотекалық тұрғын үй қарызының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ипотекалық тұрғын үй қарызы шартында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаның ипотекалық тұрғын үй қарызының нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы нысаналы пайдаланылмаған кезде қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ипотекалық тұрғын үй қарызын мерзімінен бұрын қайтаруға және ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану бөлігінде ипотекалық тұрғын үй қарызының нысанасы пайдаланылған бүкіл кезең үшін ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша есепке жазылған сыйақы төлеуге міндетті.
6. Қарыз алушының жеке басына байланысты өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарыз алушы банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осындай барлық өзгерістер туралы ақпарат береді.
Қарыз алушының жеке басына байланысты өзгерістерге оның тұрғылықты жерінің өзгеруі, тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыруы, қарыз алушымен байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының және байланыс тәсілінің өзгеруі жатады.
Егер қарыз алушы ақпараттың тиісті түрде жіберілгенін дәлелдесе, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыдан оның жеке басына байланысты барлық өзгерістер туралы ақпарат алмағаны туралы мәлімдемесі қарыз алушының тарапынан осы баптың талаптарын бұзу болып табылмайды.
7. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алу болған жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым міндеттемені орындаудың мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде:
1) міндеттемені орындау бойынша мерзімін өткізіп алудың туындағаны және мерзімі өткен берешек мөлшерін көрсете отырып, ипотекалық қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттігі;
2) объективті себептер болған кезде, ипотекалық қарыз шартының талаптарын өзгерту арқылы берешекті реттеу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шартының талаптарын өзгерту мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды:
1) ипотекалық қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;
2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;
3) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту;
4) ипотекалық қарыз шартының қолданыс мерзімін өзгерту;
5) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) күшін жою.
8. Қарыз алушы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қабылданған шешім туралы ипотекалық қарыз шартында көзделген тәсілмен ақпарат береді.
9. Жеке тұлға болып табылатын қарыз алушы берешегінің ұлғаюын болғызбау мақсатында банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу міндеттемесін орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күн өткен соң есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етуге құқылы емес.
10. Егер қарыз алушы жүргізген төлем сомасы жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындау үшін жеткіліксіз болса, ол қарыз алушының берешегін мынадай кезектілікпен өтейді:
1) сыйақы бойынша берешек;
2) ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер бойынша берешек;
3) осы Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған мөлшерде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке жазылған сыйақы;
5) ипотекалық қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның орындауды алу бойынша шығасылары;
7) негізгі борыш бойынша берешек;
8) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі борыш сомасы.»;
23) 35-баптың 5-тармағындағы «сот тәртібінен тыс сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы мәжбүрлі түрде сот тәртібінен тыс» деген сөздер «сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы соттан тыс тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 36-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацындағы «көрсетілген хабарламадан» деген сөздер «және осы Заңның 34-1-бабының 7-тармағында көрсетілген хабарламалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
бірінші абзац «осы баптың 1-1-тармағында» деген сөздерден кейін «және осы Заңның 34-1-бабының 8-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
25) 36-1-бапта:
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларға» деген сөздер «соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында банктің құқықты (талап етуді) уәкілетті органға беру жағдайларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары құқықтарды (талап етулерді) беру бойынша банк пен уәкілетті органның арасында туындайтын қатынастарға қолданылмайды.»;
9-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 39-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 27) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
1. Банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшердегі қарыздарды, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары болып табылатын тұлғаларға берілетін қарыздарды қоспағанда, банктердің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етілмеген қарыздарды (бланктік қарыздарды) беруіне тыйым салынады.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспайтын мөлшерде берілетін банктік қарыздарды және осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген, қаржыландыруды қоспағанда, банктердің осы банктердің директорлар кеңесінің мүшелеріне және ірі қатысушыларына қарыздар беруіне тыйым салынады.
2. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғамен жасамайтын мәмілені банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасауды білдіреді, атап айтқанда:
1) банк операциясын орындағаны үшін үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда төмен сыйақы және төлем алу;
2) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан банк тартқан депозиттер мен өзге де қаражат бойынша үшінші тұлғаларға ұсынылатын шарттарға қарағанда жоғары сыйақы төлеу;
3) кепілдерді, кепілдіктерді, кепілгерліктерді немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операциялар бойынша талап етілетіннен төмен мөлшерде қабылдау;
4) сыйақы алу, негізгі борышты және (немесе) банк операциялары үшін өзге де төлемдерді өтеу бойынша үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас операцияларға қарағанда мерзімін көбірек етіп кейінге қалдыруды ұсыну;
5) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға сатып алынатын мүлікке және (немесе) көрсетілетін қызметтерге құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын мәміле немесе мәмілелер жиынтығы бойынша үшінші тұлғаларға осыған ұқсас сатып алынатын мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге қарағанда жоғары бағамен ақы төлеу;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға мүлікті осыған ұқсас мүлікті үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құн бойынша сату;
7) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға бағалы қағаздарды осыған ұқсас бағалы қағаздарды үшінші тұлғаларға сатқаннан төмен немесе нарықтық құнынан төмен құны бойынша сату;
8) уәжді пайымдауды пайдалану жолымен бұрын уәкілетті орган жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызған мәмілелерді жасау.
Мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп мыналар танылады:
1) осы банктің лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату (борышкердің банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу немесе банктің кепілді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда) туралы шешімдер, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленгеннен жоғары мөлшерлерде банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің және тиісті органының басшылары және тұрақты мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) және жақын туыстары;
2) осы банктің ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банктің ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;
4) банктің үлестес тұлғалары;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға.
Уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалану жолымен жеке немесе заңды тұлғаны банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жатқызуға құқылы. Бұл жағдайда банк уәкілетті органның қадағалап ден қоюдың тиісті шарасын алған күннен бастап банк осы жеке немесе заңды тұлғаны онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп таниды.
Тәуелсіз директор, банктің акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де тұлғалар осы баптың мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылмайды.
4. Банк қандай да бір тұлғамен құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асатын және:
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға алдындағы міндеттемелерге ақы төлеуге;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғадан қандай да бір мүлікті сатып алуға;
банктің меншігіндегі бағалы қағаздарды қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алуға алып келетін мәмілені жасаса алмайды.
5. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле, банктің директорлар кеңесі осындай мәмілелердің үлгілік шарттарын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалған ұқсас мәмілелерге қолданылатын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, банктің директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалуы мүмкін.
Банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарын қоспағанда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқықтарынан бас тарту акционерлердің жалпы жиналысын кейіннен хабардар ете отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағында аталған тұлға банк пен:
оның өзі;
кез келген жақын туысы немесе өзінің жұбайы (зайыбы);
өзі немесе жақын туыстарының бірі, жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы (тәуелсіз директорды қоспағанда) немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға қатыспауға тиіс.
Банк және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі директорлар кеңесі оның барлық шарттарын қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
6. Банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар туралы, сондай-ақ осы тұлғалармен жасалған барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
7. Осы баптың талаптары банк холдингтеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
8. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарының талаптары осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйым бас банкпен немесе банк конгломератының құрамына кіретін еншілес ұйыммен жасайтын мәмілелерге қолданылмайды.
Осы баптың 4-тармағының талаптары банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттарда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымынан және (немесе) еншілес банктің еншілес ұйымынан мүлікті сатып алуға алып келетін, банктің үшінші тұлғалармен жасаған мәмілелеріне де қолданылмайды.
9. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болса;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса, банк холдингі, банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
9-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 40-2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бұрын уәкілетті органның банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы жұмыскері болып табылған адам ұсынылмайды. Бұл талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.»;
9-тармақтың 29) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) 40-5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады.»;
9-тармақтың 30) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 41-баптың бірінші бөлігінде:
бесінші абзац алып тасталсын;
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қадағалап ден қою шараларын қолдану;
санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асырады.»;
9-тармақтың 31) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31) 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде, уәкілетті орган банк холдингіне, банктің ірі қатысушысына осы Заңның 47-1-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
9-тармақтың 32) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) 43-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган банк құрған провизиялардың (резервтердің) жеткіліктілігін бағалауды, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып бағалауды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігі, олардың сақталуы және қолданылуы тұрғысынан жүзеге асырады.»;
33) 44-бапта:
тақырып «Банктердің,» деген сөзден кейін «банктердің ірі қатысушыларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөлік «Банктердің,» деген сөзден кейін «банктердің ірі қатысушыларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «орган банктердің» деген сөздерден кейін «және (немесе) банк конгломераттарына қатысушылардың (банк холдингтерін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «Банктер,» деген сөзден кейін «банктердің ірі қатысушылары,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «банктердің,» деген сөзден кейін «банктердің ірі қатысушыларының,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «банктердің,» деген сөзден кейін «банктердің ірі қатысушыларының,» деген сөздермен толықтырылсын.»;
5-тармақта:
екінші абзацтағы «банк холдингі, банк холдингі» деген сөздер «банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «банк холдингі» деген сөздер «банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 34) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 45-бапта:
3-тармақта:
екінші бөліктегі «лауазымды адамдарды» деген сөздер «басшы қызметкерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның ірі қатысушыларына (банк холдингтеріне) осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.»;
4-тармақта:
екінші бөліктегі «лауазымды адамдарды» деген сөздер «басшы қызметкерлерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.»;
5-тармақтағы «акционерлеріне (ірі қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады» деген сөздер «ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады» деген сөздермен ауыстырылсын.»;