6-тармақтағы «Ертерек ден қою шараларын қолдану» деген сөздер «Ерте ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын мақұлдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 35) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) мынадай мазмұндағы 45-1 және 45-2-баптармен толықтырылсын:
«45-1-бап. Қадағалап ден қою шаралары
1. Банк депозиторларының, кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау, банктің және (немесе) банк конгломератының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, олардың басшы қызметкерлеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;
2) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың депозиторларының және (немесе) кредиторларының және (немесе) клиенттерінің мүдделеріне және (немесе) банк жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
3) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың депозиторларының, кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
4) басшы қызметкердің (басшы қызметкерлердің) әрекеттерін (әрекетсіздігі) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына, кредиторларына және клиенттеріне залал келтіргені туралы куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының (оның ішінде, ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалардың нәтижесінде банкке залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттер жасауы;
6) банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларының (оның ішінде, банктің ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингінің немесе банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың қаржылық жағдайының орнықсыздығы;
7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
8) уәкілетті органға есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;
9) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының тексеру жүргізуге оны белгіленген мерзімдерінде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
10) банктің, банк холдингінің, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушы болып табылатын ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы.
3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға ықпалы;
5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;
9) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының қызметте анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, осыған байланысты қабылданған шараларды іске асыру жөнінде нақты шараларды жүзеге асырудың (жүзеге асырмаудың) тиімділігі және (немесе) осындай шараларды қабылдауға әзірлік.
4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:
1) осы Заңның 45-2-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) осы Заңның 46-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) осы Заңның 47-1-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
5. Уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
6. Қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
45-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
1. Уәкілетті орган банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) банк депозиторларының мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда, қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымның, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің жекелеген органдарының назарына осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) жеткізе отырып, хабардар ету;
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану мүмкіндігі туралы ескерту.
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.»;
9-тармақтың 36) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының және (немесе) банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін және (немесе) өтімділік коэффициенттерін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;
2) банк операцияларының және өзге операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуді, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
3) банк активтерінің және (немесе) міндеттемелерінің құрылымын өзгертуді қоса алғанда, оларды қайта құрылымдау;
4) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
5) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру;
7) жеке немесе заңды тұлғаны банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану;
8) банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жеңілдікті шарттарда жасалған мәміленің шарттарын жеңілдікті шарттармен мәміле жасалған күні үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелер шарттарына өзгерту;
9) банкпен, банк холдингімен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасалатын операцияларды шектеу;
10) жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;
11) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;
12) Осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;
13) банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;
14) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар депозиторларының және (немесе) кредиторларының және (немесе) клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал еткен себептерді және (немесе) жағдайларды жою;
15) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
3. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қабылдау және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
4. Уәкілетті орган мен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар немесе банктің ірі қатысушысы арасында жасалған, анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесін көрсете отырып, осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады.
Жазбаша келісім банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе банк холдингі немесе банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар немесе банктің ірі қатысушысы тарапынан міндетті түрде қол қойылуға жатады.
5. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйым немесе банктің ірі қатысушысы уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.»;
9-тармақтың 37) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37) 47-бап алып тасталсын;
9-тармақтың 38) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38) 47-1-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47-1-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 17-1-бабының 11-тармағында, 42-бабының 5-тармағында, 57-бабының 6-тармағында көзделген;
2) қадағалап ден қоюдың өзге де шараларын қолдану депозиторлар мен кредиторлардың заңды мүдделерін қорғауды, банктің және (немесе) банк конгломератының қаржылық орнықтылығын, банктің, банк холдингінің қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) банк холдингінің және (немесе) банктің ірі қатысушысының әрекеттері (әрекетсіздігі) банктің, банк холдингінің қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға алып келуі мүмкін жағдайларда, қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 39) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) мынадай мазмұндағы 47-2-баппен толықтырылсын:
«47-2-бап. Санкциялар
1. Уәкілетті орган банкке, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, оларға мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша банкті ашуға рұқсатты кері қайтарып алу.
2. Банктің барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.
Банктің барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысы осындай шешім банктің назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
3. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім бойынша ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
4. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге банктің атынан оның акционерлері ғана шағым жасауға құқылы.
5. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген санкциялар қолданылады.
Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру жағдайларына қолданылады.»;
40) 48-бапта:
1-тармақта:
9-тармақтың 40) тармақшасының үшінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзацтағы «лицензияны және (немесе) оған қосымшаны» деген сөздер «лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
в), г) және ж) тармақшалар алып тасталсын;
з) тармақшада:
«уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін» деген сөздер «уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жазбаша нұсқаманы» деген сөздер «уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
з-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«з-1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;»;
к-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«к-2) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы бар заңды тұлғаның қызметті берілген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға сәйкес қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы жүзеге асырмауы;»;
мынадай мазмұндағы к-3) тармақшамен толықтырылсын:
«к-3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясы бар заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;»;
9-тармақтың 40) тармақшасының он төртінші - жиырма алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
л-1), м) және н) тармақшалар алып тасталсын;
о) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«о) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу.»;
1-4-тармақтағы «және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде» деген сөздер «, сондай-ақ банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат берілген кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданудың мақсатқа лайықтығын айқындау және санкцияны таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға тигізетін әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы;
7) төлемге қабілетсіз банкке реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі.»;
41) 48-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарға:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға;
бұрын банктің клиенттері болып табылған тұлғалардың жабылған шоттарына келіп түсетін ақшаны қайтаруға;
клиенттің банк алдында берешегі болмаған немесе клиент банк алдындағы берешегін өтеген жағдайда, клиенттердің банкті лицензиядан айырғаннан кейін өздерінің банктік шоттарына келіп түсетін ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға;
9-тармақтың 41) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;»;
6) тармақша «адамдарына» деген сөзден кейін «және ірі қатысушыларына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалану есебінен орындайды.»;
9-тармақтың 41) тармақшасының он үшінші - жиырма бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындайды.
Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
1-2. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті лицензиядан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдауға және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуіне келісім береді немесе оны жүргізуден бас тартады.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдамаған немесе уәкілетті орган осы операцияны жүргізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
1-3. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға лицензиядан айыру күніне дейін үш жыл ішінде жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңның 61-13-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Осы Заңның 61-13-бабының 3-тармағында көзделген, мәмілелерді жарамсыз деп тану салдарлары барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банкке қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) өз қызметі кезеңінде:
осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға;
тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.»;