осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың кепіл ретінде қабылданған акцияларының немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің банк меншігіне өту жағдайларын қоспағанда, он екі айдан аспауға тиіс.»;
9-тармақ 13) тармақшадағы «жалға берумен айналысуға құқылы.» деген сөздер «жалға берумен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін қарыз алушының беруі нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде жалға берумен айналысуға құқылы.
Көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты өндіріп алуды қолдану не ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) шарты бойынша кепіл ретінде болған тұрғынжай түрінде бас тарту төлемін қарыз алушының беруі нәтижесінде тұрғынжайы банктің меншігіне өткен жеке тұлғалар ғана осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген тұрғынжайды жалға алушылар ретінде бола алады.»;
5) 11-1-бапта:
9-тармақтың 5) тармақшасының екінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
6) тармақшадағы «бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;»;
10-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды» деген сөздер «осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бесінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды» деген сөздер «осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 3) тармақшасындағы «егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса,» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың 5) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Егер банктің еншілес ұйымды немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуды сатып алуы банктің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың кепіл ретінде қабылдаған акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін өз меншігіне айналдыруы нәтижесінде орын алған жағдайда, уәкілетті орган банкке қадағалап ден қою шараларын қолдану шеңберінде белгілеген мерзімде, банк уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатын алуға міндетті.»;
6) 11-2-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
5-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1),» деген цифр алып тасталсын;
9-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 16-бапта:
1-тармақтағы «сату» деген сөз «орналастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен және 3) тармақшадағы «төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.» деген сөздер «төлеген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, банктің бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін банктің жай акцияларына айырбастаған;»;
«4) осы Заңның 17-2-бабында көзделген жағдайда банктің акцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен төлеген жағдайларда, банктерге қолданылмайды.»;
3-тармақ «шеңберінде» деген сөзден кейін «және (немесе) осы Заңның 61-10-бабында көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік тіркелгеннен кейін және банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берілгенге дейін жаңадан құрылған банктің құрылтайшылары немесе акционерлері оның жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін толық төлеуге тиіс.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 16-1-бапта:
2) тармақшада:
«өтеу» деген сөз «мерзімінен бұрын өтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туындаған кезінен бастап бес жылдан ерте» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.»;
9-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) мынадай мазмұндағы 16-2 және 16-3-баптармен толықтырылсын:
«16-2-бап. Мерзімсіз қаржы құралдары
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімсіз қаржы құралдарына жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде елу жылды құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен түсуіне алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме субординарлық борыш бойынша талаптардан кейін, осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру, сондай-ақ банк шығарған эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының тізіміне енгізу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығарған және (немесе) орналастырған кезде не шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде, уәкілетті органның рұқсаты «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттардан бөлек, қосымша мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шарттарында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шарттарында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығарған не шығару шарттарында Қазақстан Республикасының резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған кезде және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде, шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында саудаға түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілуі және (немесе) онда болуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелерін осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдаған жағдайда, осы баптың 1, 2, 3 және 6-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) ұйым шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарған және (немесе) орналастырған кезде оған қолданылмайды.
5. Қазақстан Республикасының резидент-банкі не эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген ұйым шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шарттардың орындалуын растайтын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ақпарат береді.
6. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің «Астана» халықаралық қаржылық орталығының аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру жағдайларына қолданылады.»;
9-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 17-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «консервациялау режиміндегі банктің» деген сөздер «банктің осы Заңның 61-12-бабында көзделген,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «органмен келісім» деген сөздер «органның ұсынысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін осы Заңның 61-10-бабына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдау жағдайларына қолданылмайды.»;
11) 17-1-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасында:
бірінші абзацтағы «жоғары» деген сөз «тиісті» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктегі «61-4-бабында» деген сөздер «61-4 және 61-11-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының және 5-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруі бөлігіндегі талаптары мынадай шарттардың біреуі орындалған кезде:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А-дан төмен емес кредиттік рейтингі болса;
2) өтініш беруші тұрған елдің қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар (қатысу үлесі, жарғылық қызмет түрлері) және өтініш берушінің ірі қатысушылары жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасына қолданылмайды.»;
9-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау;»;
9-тармақтың 11) тармақшасының он екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
он үшінші абзацтағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацтағы «болмауы негіз болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамалары олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер банк холдингі мәртебесін алғысы келетін тұлға еншілес қаржы ұйымын құратын немесе сатып алатын не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алатын жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйым құруға (сатып алуға), ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіздері болған кезде, уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартады.»;
10-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9-тармақтың 11) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) банктің акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болса;»;
сегізінші абзац «банкке» деген сөздің алдынан «өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе)» деген сөздермен толықтырылып, «- заңды тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ» деген сөздер «осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта:
бірінші бөлік «өзгерту туралы» деген сөздерден кейін «, мұндай өзгеріс банктің немесе банк холдингінің меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан болған жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда оны анықтаған күннен бастап екі ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды» деген сөздер «уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімінің күші банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған күннен бастап жойылды деп саналады» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 17-2-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «жағдайда» деген сөзден кейін «уәкілетті органның ұсынысы бойынша» деген сөздермен толықтырылып, «Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он пайызы мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігін қарайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарияланған акцияларын орналастырылған акциялардың жалпы санының он пайызынан кем емес мөлшерде сатып алу мүмкіндігі туралы ұсынысы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің акцияларын сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
13) 19-бапта:
3-тармақта:
б) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«б) құрылтайшылар - жеке және заңды тұлғалар (уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша) туралы мәліметтер, оның ішінде құрылтайшының - заңды тұлғаның аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі (бар болса, шоғырландырылған есепті қоса алғанда) аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі;»;
б-1) тармақшадағы «егер тұлға банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болатын болса, онда» деген сөздер «өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы қажет болған жағдайда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші абзацындағы «құрылтайшылар» деген сөз «акционерлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 20-бапта:
9-тармақтың 14) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші және екінші бөліктеріндегі «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінде:
«(сайланған)» деген сөз «(сайланған, тиісті функциялар берілген)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өз қызметін», «атқаруға» деген сөздер тиісінше «не заңды тұлға банк холдингі мәртебесін алған кезде банктің акциялары сатып алынған күннен бастап тиісті функцияларды», «жүзеге асыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 14) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Банктің» деген сөз «Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшартын қоса алғанда, банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақшаның бірінші абзацындағы «оған қатысты санкциялар және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолданған» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті органның тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартуына немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттардың келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмауына байланысты банктің басшы қызметкерімен еңбек шарты бұзылған немесе оның өкілеттігі тоқтатылған немесе осы банктегі басқа лауазымға ауыстырылған жағдайда, осы адам өзін банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тарту алған не өзімен еңбек шарты бұзылған немесе өкілеттіктері тоқтатылған немесе өзге лауазымға ауыстырылған соң күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Банк уәкілетті органды банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, басшы қызметкерлердің тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттігін тоқтатуды қоса алғанда, басшы қызметкерлер құрамында болған барлық өзгерістер туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін басшы қызметкерді тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осы ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
9-тармақтың 14) тармақшасының он төртінші - жиырма бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;»;
4) тармақша алып тасталсын;
12-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысына осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен еңбек шартын бұзуға не атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.»;
9-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының үшінші абзацындағы «қаржы ұйымын консервациялау» деген сөздер «банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 26-бапта:
тақырып «операцияларын» деген сөзден кейін «және өзге де операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
9-тармақтың 16) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;»;
9-тармақтағы «уәкілетті органның ресми баспасөз басылымдарында жарияланады,» деген сөздер алып тасталсын;
17) 27-бапта:
тақырыптағы «операциясын» деген сөз «операцияларын немесе өзге де операцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац «операциясын» деген сөзден кейін «немесе өзге де операцияны» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 29-бапта:
6-тармақта:
«толықтырулар» деген сөзден кейін «енгізу» деген сөзбен толықтырылсын;
9-тармақтың 18) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б), в), г), д), е) және з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының үшінші, алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде, 239-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды» деген сөздер «осы Заңның 47-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
бірінші бөлік «7,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«8-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды» деген сөздер «қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «61-4-бабында» деген сөздер «61-4 және 61-11-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 30-бапта:
6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операциясына арналған лицензия банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде - өз қызметін тек қана айырбастау пункттерін ашу жолымен жүзеге асыратын ұйымдарға;
қолма-қол емес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бөлігінде - өзге ұйымдарға беріледі.»;
6-1-тармақтың бірінші бөлігі «қор биржасы,» деген сөздерден кейін «орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 31-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
21) 34-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «жадынамаға банктік қарыз шартының әрбір тарапы қол қояды және» деген сөздер «жадынама» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-1-тармақ «овердрафт кредитіне» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өзінің шеңберінде қарыз алу үшін шарт (шарттар) жасасу немесе қарыз алушының қарыз беру туралы өтініш (өтініштер) беруі қажет кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге» деген сөздермен толықтырылсын;