8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын немесе өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
11) 52-баптағы «Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы» деген сөздер «Қазақстанның Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 52-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қарыздар алуға құқығы бар ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен осындай қарыздарды береді;»;
13) 54-баптың бірінші бөлігінде:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қамтамасыз етілмеген қарыздар, сондай-ақ бір жылдан асатын мерзімге қарыздар беруге;»;
бесінші абзацта:
«берілген кредиттерді ұзарту» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, берілген қарыздардың мерзімін ұзартуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рұқсат беру» деген сөздер «рұқсат беруге құқығы жоқ» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
14) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:
1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
4) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды және оны жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді;
5) айырбастау пункттерін ашу және уәкілетті банктердің және (немесе) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды есептік тіркеу, жүргізілген валюталық операциялар туралы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар ету және валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну тәртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу және валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары бойынша ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
8) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;
9) мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы резиденттерінің және Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің тәртібі мен нысанын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
10) банктер мен өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындауға құқылы.»;
15) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалау Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық қызмет, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтарды анықтауын, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауын көздейді.
2. Бақылау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
Қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, қаржы ұйымдарының, банк конгломераттарының және (немесе) сақтандыру топтарының қызметіндегі кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтаған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды, оның ішінде құқық шектеу шараларын қолданады.
3. Қазақстанның Ұлттық Банкі бақылау мен қадағалауды осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес тексеру жүргізу нысандарында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.»;
16) 62-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақтың 16) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшадағы «және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын» деген сөздер «не қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер «мақсатында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) банкті өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған және (немесе) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған жағдайда, жүзеге асырылады.»;
8-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 62-2-баптың 4-тармағында:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«бір рет қана» деген сөздерден кейін «, ал өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына не төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкке қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 62-4-баптың 13-тармағындағы «шаралары мен» деген сөздер «шараларын, қадағалап ден қою шараларын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) 62-5-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломератына және сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалау, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау тұрғысында мониторингтеу;»;
8-тармақтың 19) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің қаржылық және мүліктік жағдайын бағалау (талдау), оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық ұйымдарды және (немесе) басқа да тұлғаларды тарта отырып және (немесе) банкке бару арқылы бағалау (талдау);»;
8-тармақтың 20) тармақшасының бірінші - жиырма төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) мынадай мазмұндағы 62-6-баппен толықтырылсын:
«62-6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің уәжді пайымдауды пайдалану жөніндегі өкілеттіктері
1. Қазақстанның Ұлттық Банкі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға құқылы.
2. Уәжді пайымдау деп Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының негізделген кәсіби пікірі түсініледі, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге жағдайларда шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды мынадай:
1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдар капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат, банктің және (немесе) банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына рұқсат, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру (беруден бас тарту) кезінде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) туралы хабарламасын қарау, банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру кезінде мінсіз іскерлік беделінің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделін бағалау, сондай-ақ орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы тұрғысынан қаржылық жағдайын бағалау;
2) банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылатын тұлғаларды айқындау, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті шарттар беру фактілерін анықтау, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдікті шарттары бар мәмілелерге жатқызу;
3) банктегі және банк конгломератындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы және сақтандыру тобындағы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыдағы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын банктің, банк конгломератының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызмет сипатына, ауқымына және күрделілігіне, сондай-ақ олардың көлеміне сәйкес келетін тиімді ішкі саясаттар мен рәсімдердің болуы және іске асырылуы тұрғысынан бағалау;
4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің), сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қалыптастырған сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалау, оның ішінде оларды қалыптастыру жөніндегі әдістемелердің банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының тәуекелдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың анықтығы тұрғысынан бағалау жағдайларында, пайдалануға құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының басшылары қатарынан бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің алқалы органының отырысын Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарларының бірі жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды заңдылық, негізділік, объективтілік және біркелкі тәсіл қағидаттарын сақтай отырып пайдаланады.
Уәжді пайымдау Қазақстан Ұлттық Банкінің осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы шеңберінде алынған ақпарат пен жеке және заңды тұлғалардан, халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, оның ішінде шетелдік қадағалау органдары мен ұйымдарынан, өзге де қолжетімді көздерден алынған және уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін елеулі болып табылатын ақпаратқа негізделеді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың түсіндірмелері болған кезде оларды назарға алады.
Уәжді пайымдаудың жобасы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға жіберіледі. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға бес жұмыс күні ішінде Қазақстанның Ұлттық Банкіне уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауап ұсынуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауап ұсынбауы уәжді пайымдаудың жобасымен келісу деп есептеледі.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау жобасын Қазақстан Ұлттық Банкі алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау негізінде қолданған қадағалап ден қою шарасымен келіспеген жағдайда, қадағалап ден қою шарасы қолданылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылықтарын Қазақстанның Ұлттық Банкіне жазбаша түрде ұсынуға құқылы.
Қадағалап ден қою шарасын қолдануға қатысты қарсылықтар Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қатысатын кеңесте қаралады не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына шығарылады. Егер уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің белгіленген мәндерден төмен төмендеуіне алып келуі мүмкін болған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы алынған қарсылықтарды қарайды. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның өкілдері қарсылықтарды қарауда қатысуға құқылы.
Қарсылықтар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықтарды қарау мерзімі он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның қарсылықтарын қарау нәтижелері бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні не Қазақстанның Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шарасының күшін жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен соң не қарсылықтар ұсынылған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаға ұсынылған қарсылықтармен негізді түрде келіспейтіні туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап күшіне енеді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға уәжді пайымдау негізінде қолданылған қадағалап ден қою шарасына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі уәжді пайымдау негізінде қабылданған, заңсыз деп танылған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.
5. Қазақстанның Ұлттық Банкі құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере келе, уәжді пайымдауды пайдалана отырып қадағалап ден қою шараларын қолданудың қорытылған практикасын жариялайды.
6. Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
9-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 12-2) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-2) мерзімсіз қаржы құралы - банктің осы Заңның 16-2-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;»;
«13-1) төлемге қабілетсіз банк - уәкілетті органның шешімімен осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-1-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті органнан және банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, оларды басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, оларды иеленуге және (немесе) өткізуге құқылы.
Құқықтар (талап ету) уәкілетті органнан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға өткен жағдайда, мұндай өтуге қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдің және өзге де тұлғалардың келісуі талап етілмейді;»;
3) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
4) 8-бапта:
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі мынадай:
банк кепіл ретінде қабылдаған осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымына беру;