6) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші - он бірінші абзацтарын, 2), 6), 12) және 16) тармақшаларын, 8-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он алтыншы, жиырма бірінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 9-тармағы 42) тармақшасының үшінші, төртінші және он үшінші абзацтарын, 11-тармағының 3) тармақшасын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 27-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 1-бабы 19-тармағы 7) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;»
5. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 21) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары қолданысқа енгізілген күнінен бастап, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарттарын қоса алғанда, бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 22) тармақшасының он жетінші абзацы және 29-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күнінен бастап бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 9-тармағы 22) тармақшасының отыз төртінші абзацы қолданысқа енгізілген күнінен бұрын жасалған шарттардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының сомалары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күні өткен соң есепке жазылған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін төленген қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер қайта есептеуге жатпайды;
4) осы Заңның 1-бабы 38-тармағының 3) тармақшасы бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде қолданған санкциялары қадағалап ден қою шараларына теңестіріледі.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларына, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қатысты қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары қадағалап ден қою шараларына теңестіріледі.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген, уәжді пайымдауға негізделген қадағалап ден қою шаралары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған немесе өзгертілген мәмілелерге қолданылады.
9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы төртінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капитал сомасынан аз болса, онда бөлінбеген бүкіл таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің билік етуінде қалады және резервтік капитал жарғылық капиталдың мөлшеріне жеткенге дейін оны толықтыруға бағытталады.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 2-і.
№ 168-VІ