42) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
9-тармақтың 42) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:
«1-6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, мемлекеттік кіріс органдарына валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат ұсыну;»;
9-тармақтың 42) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өз депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктің, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді, салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін ұсынуы;»;
4) тармақшадағы «61-3 және 61-4-баптарында» деген сөздер «61-4, 61-11 және 61-12-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-8) тармақшамен толықтырылсын:
«4-8) уәкілетті органның осы Заңның 57-бабы 9-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты аудиторлық ұйымға беруі;»;
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) екінші деңгейдегі банктердің уәкілетті орган бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру және (немесе) Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті мәліметтерді дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымына ұсынуы;»;
8) тармақшадағы «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 42) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың д) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;
9-тармақтың 43) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43) 52-14-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «және банкке қатысты банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген айдың алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде санкциялардың» деген сөздер «және (немесе) банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде банкте Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 54-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «тізбесін, нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзімдері мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «тізбесі, нысандары не нысандарына қойылатын талаптар, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді» сөздермен ауыстырылсын;
45) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1-бап. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің есептілігі
1. Банктердің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясының қабылданғанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.»;
9-тармақтың 46) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 55-баптың бірінші бөлігі «, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің корпоративтік интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 57-бапта:
1-тармақтағы «жүргізе алады» деген сөздер «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1-тармақтың бірінші бөлігі «жүргізу банктерге» деген сөздерден кейін «(барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-3-тармақтағы «және орыс тілдерінде» деген сөздер «немесе орыс тілінде» сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 47) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайға әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
банкке - осы Заңның 46-бабында көзделген қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды;
банк холдингіне, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымға осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Банк холдингі аудиторлық есепте көрсетілген, банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін банк холдингіне осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Банктердің, банк холдингтерінің және өздерінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдардың активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.»;
9-тармақтың 47) тармақшасының он екінші - жиырма жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Уәкілетті орган банк қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-модельге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, аудит жүргізілетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу банктер үшін міндетті.
Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банк өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған, өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Банктің өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне қойылатын осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ аудиторлық ұйымға банктік және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйымның қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдаудың нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
10. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, банк, банк холдингі, өзінде банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылар болып табылатын ұйым аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
11. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.»;
9-тармақтың 48) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 59-2-бапта:
тақырыптағы «құрылымдауды жүргізу үшін негіздеме» деген сөздер «құрылымдаудың негізі мен қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оларды орындау күні басталған кезден бастап күнтізбелік жеті күннен асатын мерзімде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банкті қайта құрылымдау мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) талаптарды қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында көзделген кері кезектілігіне сәйкес банктің депозиторлары мен кредиторларының құқықтарын және мүдделерін сақтау;
2) талаптарды қанағаттандырудың осы Заңның 74-2-бабында көзделген бір кезегінде тұрған депозиторлар мен кредиторлардың құқықтарын және мүдделерін тең сақтау.»;
9-тармақтың 49) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 59-3-баптың 15-тармағының екінші бөлігіндегі «акционерлеріне ықпал етудің шектеулі шараларын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды» деген сөздер «ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 50) тармақшасы 2018 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
50) 60-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банкті қайта ұйымдастыру рәсімдерін жүргізу шеңберіндегі қажетті мерзім ішінде өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгергені туралы хабардар етеді.
Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптар бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін:
өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозитордың банктік шотына талапты (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк қосылатын банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) өзіне қосылу жүзеге асырылатын банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген депозитордың тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың осындай банк ашқан банктік шоттарынан орындайды;
депозитордың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк олардың қосылатын банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен, депозиторлардың өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк ашқан банктік шоттарынан орындайды.
Өзіне қосылу жүзеге асырылатын банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді.»;
9-тармақтың 51) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 61-2-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта көзделген операцияны жүргізу тәртібі, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органмен келісу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операция осы Заңның 61-4-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапқа сәйкес жүргізіледі.»;
3-тармақта:
«, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі, уақытша басқарушысы) банк» деген сөздер «банктің» деген сөзбен ауыстырылсын;
«басылымдарында» деген сөзден кейін «, банктің интернет-ресурсында» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «төртінші және бесінші бөліктерінде» деген сөздер «төртінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «бесінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «Банк» деген сөз «Осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде, банктік» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «ашылған» деген сөз «бар» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтпелі кезең ішінде сатып алушы-банк депозиторлардың банктік шоттарына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жеке сәйкестендіру кодтарын береді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген тәртіппен, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жеке сәйкестендіру кодтарының өзгергені туралы хабардар етеді.
Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындауға қабылданған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға, депозиторлардың банктік шоттары бойынша ауыртпалық салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда, депозиторлардың өздеріне қойылған орындалмаған талаптар бар банктік шоттарының жеке сәйкестендіру кодтарын өзгерткеннен кейін:
сатып алушы-банк депозитордың банктік шотына талапты (банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдерін (қаулыларын) қоса алғанда) жіберген немесе депозиторлардың банктік шоттарына ауыртпалықтар салған тұлғаны (органды) депозитордың банктік шоты деректемелерінің, оның ішінде жеке сәйкестендіру кодының өзгергені туралы хабардар етеді;
депозитордың сатып алушы-банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған орындалмаған талаптарды сатып алушы-банк банктің деректемелерін (атауын, банктік сәйкестендіру кодын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін) сатып алушы-банктің тиісті деректемелеріне, сондай-ақ депозитордың жеке сәйкестендіру кодын осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес банктік шотқа берілген депозитордың тиісті жеке сәйкестендіру кодына түзете отырып, депозиторлардың сатып алушы-банк ашқан банктік шоттарынан орындайды;
депозитордың сатып алушы-банкке берілген банктік шотына бұрын қойылған, банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың орындалмаған өкімдерін, сондай-ақ клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардың орындалмаған шешімдерін (қаулыларын) сатып алушы-банк олардың банкке келіп түсуінің күнтізбелік кезектілігін сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен, депозиторлардың сатып алушы-банк ашқан банктік шоттарынан орындайды.
Сатып алушы-банк депозиторлардың банктік шоттарына қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және міндеттемелері осы банкке өткен банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарына сәйкес жүргізеді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 52) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52) 61-3-бап алып тасталсын;
9-тармақтың 53) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
53) мынадай мазмұндағы 7-2-тараумен толықтырылсын:
«7-2-тарау. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі шаралар
61-6-бап. Банкті өз депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу
1. Уәкілетті орган мынадай белгілердің кез келгені болған кезде банкті өз депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына (бұдан әрі - қаржылық жағдайы орнықсыз банк) жатқызады:
1) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттері мәндерінің және оның мөлшерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден төмен деңгейге дейін төмендеуі;
2) банкте ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты банктің кредиторлардың ақшалай міндеттемелерін және міндеттемелер бойынша ақшалай сипаттағы өзге де талаптарын орындамауы;
3) банктің қаржылық және өзге де есептілігінде анық көрсетілуі банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін бұзуына және (немесе) кредиторлардың ақшалай міндеттемелерін және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарын орындамауына алып келетін фактілерді (мәмілелерді) уәкілетті органның анықтауы;
4) уәкілетті органның бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде банк қызметінде банктің тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның депозиторларының және (немесе) кредиторларының мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктерді және (немесе) тәуекелдерді анықтауы.
2. Уәкілетті органның банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы шешімі қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде банктің назарына жеткізіледі және таратылуға жатпайды.
3. Уәкілетті орган банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызған жағдайда, осы Заңның 45-1-бабында көзделген қадағалап ден қою шараларына қосымша банкке бару арқылы, оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық және басқа ұйымдарды тарта отырып, оның қаржылық және мүліктік жағдайына бағалау (талдау) жүргізуге құқылы.
Уәкілетті органның банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы шешімінде көрсетілген күннен бастап банк пайданы бөлу, дивидендтерді төлеу, ірі қатысушылар және (немесе) банк холдингтері алдында кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау туралы, сондай-ақ жалақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдер қабылдауға құқылы емес.
4. Қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банк және оның ірі қатысушылары, банк холдингі оның қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы банктің қаржылық жағдайын жақсарту, тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар және оларды әрбір тармақ бойынша іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар банк әзірлеген және уәкілетті органға мақұлдау үшін ұсынған қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.