Қазақстан Республикасының
Заңы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы
(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасы
2-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары
4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері
3-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ
8-бап. Алып тасталды
8-1-бап. Тіркелген тариф және аукциондық баға
9-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр және (немесе) жылу энергиясын сату кезіндегі қолдау
10-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілеріне қосу, электр және (немесе) жылу энергиясын беру кезіндегі қолдау
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
11-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
11-1-бап. Өтпелі ережелер
12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) аукциондық баға - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) аукциондық сауда-саттық - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;
1-2) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы - уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-3) басым шартты тұтынушылар - жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жаңартылатын энергия көздерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі - шартты тұтынушылар) - көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектр станциялары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф - уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сатуына арналған тариф;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі - қаржы-есеп айырысу орталығы) - жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы - осы Заңға сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы айқындайтын баға;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар - қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындары, тасқындық электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындар, резервтік қорды қалыптастыруға жұмсалатын шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
7) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы - жаңартылатын энергия көздері пайдаланыла отырып, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған технологиялық және қосалқы жабдық;
8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi - жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері - электр энергиясын, тасқындық электр энергиясы өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемі үлесінің жоспарланатын көрсеткіші, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылық көрсеткіштері;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі - атаулы көмек) - жеке-дара тұтынушылардың Қазақстанда өндірілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері - қазақстандық өндірушілер өндірген және:
Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын;
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-2) тармақша жаңа редакцияда
9-2) қайталама энергетикалық ресурстар - металлургиялық өндіріс процесінде жанама өнім ретінде түзілетін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын ферроқорытпа, кокс және доменді газдарды қамтитын энергетикалық ресурстар;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-3) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-4) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі - қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық жағынан қажетті және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды
9-5) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудан алынатын энергияны өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-6) тармақшамен толықтырылды
9-6) резервтік қор - қаржы-есеп айырысу орталығы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнайы банктік шотта сақталады және шартты тұтынушылар тарапынан өздеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясы берілгені үшін төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 9-7) тармақшамен толықтырылды
9-7) тасқындық электр энергиясы - Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес көлемде Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары) өндіретін және осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясына арналған шекті тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізілетін электр энергиясы;
10) тіркелген тариф - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
11) уәкілетті орган - жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) шекті аукциондық баға - электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке-дара тұтынушы (бұдан әрі - жеке-дара тұтынушы) - электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі - нетто-тұтынушы) - жаңартылатын энергия көздерінің аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған жалпы белгіленген қуаты бір жүз киловаттқа дейін беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) электр энергиясын тұтыну аймағы - жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бір бөлігі.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Биоотын өндіру және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының биоотын өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасымен реттеледі.
3. Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде туындаған, осы Заңмен реттелмеген қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасымен реттеледі.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алу үшін тіркелген тарифтер мен аукциондық бағаларды қолдану тәртібін реттейтін ережелері:
пайдалану мерзімі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдарға;
2016 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілгендерді қоспағанда, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын бір гидроторапта орналасқан қондырғылары және (немесе) реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектр станцияларына қолданылмайды.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Осы Заңның басым шартты тұтынушыларға қатысты ережелері тұлғалар тобына, егер мұндай тұлғалардың бірі басқа тұлғаға қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай тұлғалар бір тұлғаның бақылауында болса, қолданылады.
Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді мынадай бір немесе бірнеше әрекет:
1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына билік ету;
2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.
Тұлғалар тобы бірыңғай басым шартты тұтынушы ретінде қарастырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары
1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу экономиканың энергияны қажетсінуі мен электр және жылу энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін азайту және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесін ұлғайту үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясы өндірісіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) жаңартылатын энергия көздерi секторын дамытудың нысаналы көрсеткiштерiн ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн орналастыру жоспарын бекiтудi және iске асыруды;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды белгілеуді;
1-2) атаулы көмек ұсынуды;
2) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қазақстандық кадрларды даярлау мен оқытуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасауды;
5) техникалық реттеуді;
6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтиды.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді ынталандыру;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру;
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін бірыңғай электр энергетикасына, жылу жүйесіне, электр және жылу энергиясының нарығына тиімді ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасының парник газдары шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға жәрдемдесу бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-1) тармақша жаңа редакцияда
7-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекітеді;
7-2) тіркелген тарифтерді бекітеді;
7-3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) қаржы-есеп айырысу орталығының оның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатудан түсетін кірістерінің жеткіліксіз болуы салдарынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) қаржы-есеп айырысу орталығына мемлекеттік қаржылық қолдау ұсыну қағидаларын бекітеді;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңымен, өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді әрі электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалау, салу, пайдалану және олардың техникалық қауіпсіздігі саласындағы ұлттық стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;