2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 5-3), 5-4), 5-5), 5-6), 5-7) және 5-8) тармақшалармен толықтырылды
5-3) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5-4) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;
5-5) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-6) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
5-7) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;
5-8) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;
6) 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді және оны жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) электр немесе жылу желілеріне ең жақын қосу нүктесін айқындау және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
8-1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен тасқындық электр энергиясын өндіруді және желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1) тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10-2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 10-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-3) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-4) - 10-7) тармақшалармен толықтырылды
10-4) 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-5) қаржы-есеп айырысу орталығын айқындайды;
10-6) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
10-7) жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің жаңартылатын энергия көздерін дамыту мен пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;
12) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды
6-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің энергия беруші ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосылуын бақылауды жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылатын, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда
3-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін резервке қояды және береді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек көрсетедi;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясын өндіруге, беруге және сатып алуға қатысушылардың міндеттері
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған тасқындық электр энергиясының және өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері берген электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.
2. Шартты тұтынушылар:
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарт жасасуға және электр энергиясы берілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден қабылдау туралы ақпарат беруге;
3) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылға электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің, энергия беруші ұйымдарға берудің болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға міндетті.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Басым шартты тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады.
Басым шартты тұтынушылар жыл сайын қаржы-есеп айырысу орталығымен үлгілік нысанға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын сатып алуға шарттар жасасуға міндетті.
Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде басым шартты тұтынушылар объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті органды және жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді.
3. Қаржы-есеп айырысу орталығы:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеуді ескере отырып, қаржы-есеп айырысу орталығы мен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасындағы сатып алу-сату шартын жасасу күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) осы Заңда белгіленген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдардан (гидроэлектр станцияларынан) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне олар берген тасқындық электр энергиясын электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен шекті тариф бойынша сатып алуға;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен, электр энергиясын және тасқындық электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша шартты тұтынушыларға сатуға;
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын, бір жыл алға болжанатын шығындарды жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерінен, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланудан өндірілген және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берілген электр энергиясының бір киловатт-сағатына есептеп айқындауға және болжамды жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялауға;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы Заңның 6-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын шартты тұтынушылар, басым шартты тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын босату көлемдері негізінде алдағы жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақыны айқындауға міндетті.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) 2021 жылға жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының есебі мен шамасын өзінің интернет-ресурсында 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жариялауға міндетті. Кейіннен алдағы жылға 20 қарашадан кешіктірмей жариялауға міндетті.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын жіберу жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап он бес жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады және бұрын басталуына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне электр энергиясын босату жүзеге асырылған кешенді сынақтар басталған күннен бастап не сатып алу-сату шартына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап жиырма жыл бойы электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды
4-3. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялар) жыл сайын ағымдағы жылғы 31 қаңтарға дейін уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес тасқындық электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.
5. Қаржы-есеп айырысу орталығы «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар:
1) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік он күн бұрын оны шығарудың, желілерге жіберудің болжамды көлемдері туралы ақпарат беруге;
2) ай сайын қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясы берілген айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей оны шығарудың, желілерге жіберудің тәулік сайынғы нақты көлемдері туралы ақпарат беруге;
3) қаржы есеп айырысу орталығына жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөле отырып, электр энергиясын шығарудың, желілерге жіберудің алдағы жылға арналған болжамды көлемдері туралы ақпарат жолдауға;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға тәуліктік және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) электр энергиясын беру кестелерін ұсынуға;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестелерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1. Белгіленген қуаттылығы кемінде бір мегаватт болатын жаңартылатын энергия көздерін, қайталама энергетикалық ресурстарды, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар осы баптың 6-тармағында көрсетілген міндеттермен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүйелік оператор белгілеген, электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының жұмыс режимдерін сақтауға міндетті.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды
6-2. Су қоймаларымен жарақтандырылған гидроэлектр станциялары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін су режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде жүйелік оператордың өкіміне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулік ішінде реттеуді жүзеге асыруға міндетті.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды
6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне жаңартылатын энергия көздерін енгізгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде оларды пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге қоса мынадай материалдар мен құжаттарды:
1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін;
2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпаратты береді.
2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өздері аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілгеннен кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде өтінім береді.
Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды береді:
1) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
2) берілетін электр энергиясының көлемдері туралы ақпарат.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Басым шартты тұтынушы құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін қайталама энергетикалық ресурстарды,, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінде, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.
3-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау
8-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 8-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)