6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.»;
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларын бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) орындамаған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;
3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
4) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2-1), 2-2), 2-3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) осы Заңның 54-бабы 1-2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзушылық;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденттері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруы;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 72-1-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелі болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сақтандыру портфелі болмаған жағдайда осындай лицензияны ерікті түрде қайтару жүзеге асырылады.
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.
55-1-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 55-2-баппен толықтырылды
55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілік
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері не осы Заңның 34-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдар қатарынан тағайындайды.
Уақытша әкімшіліктің құрамына сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері міндетті түрде кіреді.
2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.
3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.
55-3-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-4-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-5-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-6-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру қызметі субъектілерін және сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешім уәкілетті орган оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкiлеттiгi көшедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен береді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;
3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру жариялайды. Бұл кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Уәкілетті орган сақтандыру портфелі берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкілетті орган уақытша әкiмшiлiктің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты анықтаған кезде, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жою және (немесе) белгiленген мерзiмде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы уақытша әкiмшiлiктер орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекітілу үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдап алу-беру актісімен ресімделеді, ол төрт данада жасалады. Қабылдап алу-беру актісінің бір данасы - уәкілетті органға, екіншісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімді қабылдаған сотқа жіберіледі.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс істеу, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкімшінің) өкiлеттiктерi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкімшінің) уәкілетті органға есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және Корпорацияның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.
57-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
58-бап. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті орган өз құзыреті шегінде талап еткен актуарий қорытындысы және өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынылмаған;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда
1-1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын және уәкілетті органның өзге де талаптарын орындамаған;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2) осы Заңның 40-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) актуарлық қызметті Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органға жіберілген, оның ішінде лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат ұсыну фактісі анықталған жағдайда, үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.
4) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 60-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
60-бап. Актуарийді лицензиясынан айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
2) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сақтандыру ұйымының пруденциялық нормативтердің талаптарын және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамауына алып келген, актуарий Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзған;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) көрінеу жалған актуарий қорытындысы берілген;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi органнан басқасына) берiлген;
4) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
Актуарийді лицензиясынан айыру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
61-бап. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тарау. Қайта құру
2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта ұйымдастырылуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.