2. Қадағалап ден қою шараларын қолдануға мыналар негіз болып табылады:
1) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына әкелуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) басшы қызметкердің, лауазымды адамның (басшы қызметкерлердің, лауазымды адамдардың) әрекеттерін (әрекетсіздігін) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және (немесе) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірген немесе келтірілуі мүмкін әрекеттерді жасауы;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының (оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың орнықсыз қаржылық жағдайы;
7) осы Заңға сәйкес бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларын орындамау;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) уәкілетті органға немесе Ұлттық Банкке есептілікті немесе мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк сұрататын өзге ақпаратты ұсынбау не оларды анық емес ұсыну;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;
12) уәкілетті орган бекіткен, міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесінде, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібінде және мерзімдерінде белгіленген мерзімде сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық емес көлемде төлеуі;
13) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы;
14) дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық және (немесе) уақтылы ұсынбау;
15) осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жоймау;
16) осы Заңның 38-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау.
3. Қадағалап ден қою шараларын қолданудың орындылығын айқындау және қадағалап ден қою шарасын таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері;
5) таңдап алынған қадағалап ден қою шарасын қолдану нәтижесінде жағдайды түзету қабілеті;
6) бұрын қолданылған қадағалап ден қою шараларының болуы және тиімділігі (нәтижелілігі);
7) қолданылатын қадағалап ден қою шарасының оны қолдану негіздеріне барабарлығы;
8) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және (немесе) тәуекелдердің туындауына негіз болған себептер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған бұзушылықтарды, тәуекелдерді және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауға, осындай шаралардың тиімділігі және (немесе) оларды қабылдау әзірлігі.
4. Уәкілетті орган мынадай қадағалап ден қою шараларын қолданады:
1) осы Заңның 53-2-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары;
2) осы Заңның 53-3-бабына сәйкес қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар;
3) осы Заңның 53-4-бабына сәйкес қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.
6. Қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-2-баппен толықтырылды; 2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-2-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 53-2-бап жаңа редакцияда
53-2-бап. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.
2. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналарды қамтиды:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы, осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның жекелеген органдарының назарына жеткізе отырып хабардар ету;
2) уәкілетті органның анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарын беру;
3) уәкілетті орган кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды қайта анықтаған, сондай-ақ қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары орындалмаған жағдайда, қадағалап ден қоюдың өзге шараларын қолдану ықтималдығы туралы ескерту.
3. Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы уәкілетті органның хатымен ресімделеді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 53-3-баппен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-3-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 53-3-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-3-бап. Қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралар
1. Уәкілетті орган анықталған, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қаржылық жағдайын жақсарту және (немесе) тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды:
1) төлеу қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін және (немесе) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндерден жоғары ұстап тұру;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоса алғанда, жекелеген мәміле түрлерін жасауды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
3) шығыстарды қысқарту, оның ішінде жұмыскерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді, еншілес ұйымдарды жабу, басшы қызметкерлердің ақшалай сыйақыларын және басқа да материалдық көтермелеу түрлерін шектеу арқылы қысқарту;
4) белгілі бір актив түрлеріне инвестицияларды тоқтата тұру және (немесе) шектеу не оларды жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілеу;
5) сақтандыру резервтерін қосымша қалыптастыру;
6) жеке және (немесе) заңды тұлғаны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға деп тану;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жеңілдікті шарттарда жасалған мәмілелердің шарттарын жеңілдікті шарттармен мәміле жасалған күні үшінші тұлғалармен жасалған осыған ұқсас мәмілелер шарттарына өзгерту;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен операцияларды шектеу;
9) жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазуды және (немесе) төлеуді тоқтату;
10) ішкі саясаттар мен рәсімдерді, тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне лимиттерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау рәсімін қайта қарау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің тиісті басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым осы басшы қызметкерді уәкілетті орган оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның ірі қатысушысына және (немесе) сақтандыру холдингіне тиесілі мүліктің құнына бағалау жүргізу;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және (немесе) жағдайларды жою;
14) сақтандыру агенттерінің тізілімінен сақтандыру агентін алып тастау;
15) олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар жазбаша нұсқама немесе жазбаша келісім нысанында қолданылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағында белгіленген орындалуы міндетті шараларды қолдануға және (немесе) оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Іс-шаралар жоспарында кемшіліктердің, тәуекелдердің немесе бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты басшы қызметкерлер көрсетіледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым арасында жасалған жазбаша келісім осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім болып табылады, онда анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көрсетіледі.
Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру брокері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге байланысты емес себептермен жазбаша нұсқамада және (немесе) іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, жазбаша нұсқаманы және (немесе) іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді орындау бойынша мерзім уәкілетті орган белгілеген күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Филиалына уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қойған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын, осы Заңның 46-бабының 12-тармағында көзделген активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 53-4-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
53-4-бап. Қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шаралары
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында және 46-бабының 4-тармағында көзделген;
2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға әкелуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.