2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;
3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;
4) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
5) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағындағы жер учаскелерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін резервте қалдыру;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
7) осы Кодекстiң 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
9) орман қоры жерiн қоспағанда, осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
10-1) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдардың оты-суының молдығы;
жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды
10-3) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды
10-4) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою;
11) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады:
1) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
1-2) 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-3) үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) осы Кодекстiң 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;
2-2) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарына бекітуге табыс ету;
2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жер учаскелерін мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз бере отырып, мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалануға беру;
5) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-1) 2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды
5-3) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-4) тармақшамен толықтырылды
5-4) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған мемлекеттік органдарға қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге ұсыну;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды
5-5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi
Аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:
1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара )
2) осы Кодекстiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2-1) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекітуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және ауданның жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
8-3) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қала шекарасының (шегi) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) осы Кодекстiң 13, 16 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызу, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығару;
2-2) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тиiстi өкiлдi органның бекітуi үшiн өзiне әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;
5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-2) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде және ақпараттық ресурстарда электрондық нысанда орналастыру;
6) арнайы жер қорын құру;
7) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) облыстық маңызы бар қаланың өкілді органына бекітуге табыс ету;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
8-3) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң құзыретi
Аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне:
1) осы Кодекстiң 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелерi жөнiнде аудандық (қалалық) әкiмдiкке ұсыныстар енгізу.
2-1) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оның іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
4-1) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.20.02. № 48-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жатады.
6) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Аудандық маңызы бар қала әкімінің құзыретіне үлгілік тізбеге сәйкес жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың тізбесін бекіту де жатады.
19-1-бап. 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және
жерге өзге де заттық құқықтар
3-тарау. Жерге меншік құқығы
20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
2. Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;
осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар.
2. Жердiң меншiк иесi ретіндегі мемлекеттiң құқықтарын осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.
22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) меншiк құқығын табыстау;
2) меншiк құқығын беру;
3) меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
2. Меншiк құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
3. Жер учаскесiне меншiк құқығы:
1) мемлекеттік органдар актілерінiң;
2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.
23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi
1. Осы Кодекске сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.
2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке және уақытша жер пайдалануға берілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуі шегінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарын халықтың қандай да бір ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) тұрғызу құқығынсыз, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және шөп шабу үшін пайдалануына жол беріледі.
2021.13.05. № 39-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
Шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде меншiк құқығы, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 66-бабының нормаларына сәйкес иелiктен шығарылуға немесе қайта ресiмделуге жатады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында орналасқан жер учаскелері шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына меншік құқығымен тиесілі болмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиған (ерлі-зайыпты болған) кезде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімделуге немесе иеліктен шығарылуға жатады.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының қатысушылары (акционерлері, мүшелері) құрамына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысатын заңды тұлғасы кірген кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелеріне меншік құқығы осы Кодекстің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресімдеуге немесе иеліктен шығаруға жатады.