7) 60-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «байланыс, жарықтандыру тіректерін» деген сөздер «байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 68-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді» деген сөздер «байланыс құрылысжайларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 73-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды автомобиль жолдары бойындағы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысына тапсырыс беруші олар толық әзір болған кезде жүргізеді және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
15. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 2-тармағындағы «құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді,» деген сөздер «құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді, талшықты-оптикалық байланыс желілерін,» деген сөздермен, «құрылыстар» деген сөз «құрылысжайлар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-бапта:
1-тармақтың екінші сөйлемі «ұйымдастыру үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ автомобиль жолдары бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды, реконструкциялауды және жөндеуді жоспарлау кезінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша, кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органның күтіп-ұстауына бере отырып, талшықты-оптикалық байланыс желілері салынуы мүмкін.».
16. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «әзірлейді» деген сөзден кейін «және бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алып тасталсын.
17-тармақ 2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 28-1) және 32) тармақшалары алып тасталсын;
2) 14-1-бап алып тасталсын;
3) 45-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
18. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оны конфигурациялауға, оның ішінде желілік трафик ағынын реттеуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) байланыс желісін басқару орталығы - байланыс желісін басқаруға немесе байланыс желісі құрамында байланыс торабын қалыптастыруға арналған бағдарламалық-аппараттық және ұйымдастырушылық-техникалық құралдар кешені;»;
«22-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштері - телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылыс жайлары;»;
23) тармақшадағы «отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес» деген сөздер «отырып,» деген сөзбен ауыстырылсын;
36-4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 40-4) тармақшамен толықтырылсын:
«40-4) мобильді байланыс станциясы - байланыспен қамтудан тыс аймақтарды байланыс желісімен қамтамасыз етуге арналған жылжымалы байланыс құралы;»;
47) тармақша «бөліп беруді,» деген сөздерден кейін «қайта бөліп беруді,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:
«48-1) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) - байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру, радиожиілік спектрін тиімді пайдалану мақсатында қолданып отырған пайдаланушыға бос атылған жиілік диапазонының орнына жиілік диапазондарының радиожиілік спектрін бере отырып, берілетін жиілікке ауысу үшін қажетті барлық шығындарын өтеп, иелікке берілген қолда бар жиіліктерді қандай да бір нақты жиіліктер белдеуінен толық немесе ішінара шығаруға бағытталған шаралар кешені;»;
67-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67-5) ұялы байланыстың виртуалды операторы - ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы;»;
мынадай мазмұндағы 67-6) және 70-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«67-6) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер - жерге тереңдетіп көмілген іргетас түріндегі берік байланысы жоқ, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылыс жайлары;»;
«70-1) хабарламаларды кеңінен таратып беру технологиясы - белгілі бір географиялық аймақта ақпараттық хабарламаларды дереу жеткізуге арналған ұялы байланыс желілерінде мәтіндік хабарламаларды жаппай тарату;»;
2) 6-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің және бақылаудың мақсаты мен міндеттері»;
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Байланыс саласының тұрақты және тиімді жұмыс істеуі байланыс саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.»;
3) 8-баптың 1-тармағында:
3), 5), 6), 7), 10), 18), 19), 19-1), 19-6), 19-9) және 19-16) тармақшалар алып тасталсын;
19-17) тармақшадағы «, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды» деген сөздер алып тасталсын;
19-19) тармақша алып тасталсын;
19-20) және 19-21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-20) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радио жиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;
19-21) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 19-22) және 19-23) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-22) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту;
19-23) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;»;
4) 9-1-баптың 1-тармағы 6) тармақшадағы «қолдап отыруды жүзеге асырады.» деген сөздер «қолдап отыруды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
8) ұялы байланыс желілерінің жиілік-аумақтық жоспарларын келісуді жүзеге асырады.»;
5) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрін және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындауды радиожиілік органдары жүзеге асырады.»;
6) 12-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиожиілік спектрін бөліп беру Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сай, уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонында жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін, оның ішінде ұялы байланыстың виртуалды операторының қызметі үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган байланыс операторларының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдікті тарифтер ұсыну жөніндегі қосымша міндеттемелерін белгілей алады.»;
8-1-тармақ 5) тармақшадағы «болмағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.» деген сөздер «болмағанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7), және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) уәкілетті органның:
байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру;
радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша;
7) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылғанда;
8) байланыс операторы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған күннен бастап алты ай ішінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану туралы хабарламаны және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігінің есептемесін ұсынбағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.»;
9-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
7) 14-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Байланыс операторлары әлеуметтік сипаттағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және (немесе) туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде жедел штабтардың сұратуы бойынша олардың иелігіне мобильді байланыс станцияларын беруге міндетті.
6. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде кеңінен хабар тарату технологиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;
8) 18-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты радиожилік органдары белгілі бір аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу қойған диапазондағы радиожиіліктер пайдаланыла отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.
2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешімді уәкілетті орган осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылдайды.
Конкурс (немесе аукцион) осындай шешім қабылданғаннан кейін алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.»;
9) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «шекті деңгейін реттейді.» деген сөздер «шекті деңгейін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді реттейді.»;
10) 21-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Барлық санаттағы желілердің байланыс операторларының Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желісін басқару орталығының болуы міндетті.»;
7-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнаулы» деген сөздер «Арнаулы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шет мемлекеттің аумағындағы шетелдік спутниктік операторлардың жерүсті телекоммуникация желілері арқылы спутниктік байланысты ұйымдастыру осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
12) 26-бапта:
1-тармақтағы «, оның үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ұялы байланыстың виртуалды операторлары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен рұқсат алған жағдайда көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсынуға құқылы.»;
13) 28-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
14) 29-бапта:
4-2-тармақта:
бірінші бөліктегі «шарт негізінде» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналыста ұялы байланыс операторларына телекоммуникациялық жабдықты орнату үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдайды не осындай өкілеттік береді.»;
4-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, бірлесіп пайдалану тіреуіштерін, өзге де телекоммуникация құралдары мен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:
«4-4. Байланыс операторлары және (немесе) телекоммуникация желілерінің иелері ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне сымсыз қол жеткізуді ұйымдастыру үшін ұялы байланыс операторларына шарт негізінде өздерінің телекоммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділік береді.»;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Талшықты-оптикалық байланыс желілері электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекет меншігіндегі электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері байланыс операторларына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
Байланыс операторлары тиісінше жай-күйде болмаған электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін жөндеу жөніндегі техникалық шарттарды орындайды.»;
15) 6-тарау мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.»;
16) 32-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
17) 34-бапта:
тақырыптағы «әмбебап» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды ендіру мақсатында субсидиялауға жатады.».
19. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 22-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.».
20. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) баланың туу туралы медициналық куәлігі;»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«баланың туу туралы медициналық куәлігін;»;
2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«баланың туу туралы медициналық куәлігін;»;
2) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-10) тармақшамен толықтырылсын:
«3-10) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметі және алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ клиенттерді қашықтан биометриялық сәйкестендіру қызметтерін көрсету үшін банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығына;».
21. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 36) тармақшасы алып тасталсын.
22. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 21-4) тармақшасы «ғылыми-техникалық» деген сөздерден кейін «, инновациялық» деген сөзбен толықтырылсын.
23. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 19-2) тармақшасы «ғылыми-техникалық» деген сөздерден кейін «, инновациялық» деген сөзбен толықтырылсын.
24. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
76-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекет меншігіндегі электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері байланыс операторларына өтеусіз пайдалануға, талшықты-оптикалық байланыс желілерін, электр беру желілерін бірлесіп тарту үшін шектеулі пайдалануға берілген жағдайларда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
осы Заңның 18-бабында көзделген аумақтық-әкімшілік бірліктер үшін бір жылдан аспайтын;
осы Заңның 18-1-бабында көзделген аумақтық-әкімшілік бірліктер үшін үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.».
25. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 13-1) тармақшасындағы «құжаттандыру және» деген сөздер алып тасталсын.
26. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 6-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан байланыс желілерін оның аумағында құруға және пайдалануға, сондай-ақ осындай байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін телекоммуникация құралдарын әкелуге тыйым салынады.
Осы тармақшаның талаптары пилоттық жоба шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілерін пайдалануға қолданылмайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтамай, геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып байланыс желілерін пайдалану жөніндегі пилоттық жоба 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып байланыс желілерін пайдалану тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша айқындайды;».
27. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.»;
2) 9-баптың 1-тармағының 3) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
3) 10-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
28. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «ынталандыру» деген сөзден кейін «, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 6-тармағы 5) тармақшадағы «ұсынуы микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «ұсынуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы, микроқаржы ұйымдары, өзге де қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган арасында микрокредит беру құпиясын құрайтын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша мәліметтер алмасу микрокредит беру құпиясын ашу болып табылмайды.».
30. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің мақсаты мен қағидаттары»;
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетілуін қамтамасыз ету мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.»;
2) 8-баптың 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;
3) 9-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
12-2) тармақша алып тасталсын;
12-3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына (бұдан әрі - мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары)» деген сөздер «мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық палатаның төралқасы (бұдан әрі - төралқа) өз мүшелерінің тақ санынан құралады және оны төраға басқарады.»;
екінші бөліктің 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Парламентінің кемінде 5 депутатынан, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен;»;
«3) төралқа комитеттерінің төрағаларынан;
4) өңірлік кеңестердің төрағаларынан қалыптастырылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері;»;
3) тармақшадағы «депутаттары;» деген сөз «депутаттары төралқа мүшелері лауазымына сайланады және лауазымынан босатылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
2) 22-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттер төрағалары лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар және оларды сайлау тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.».
32. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүзеге асырылатын рұқсат беру бақылауын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, онда мұндай бақылау Қазақстан Республикасының осындай заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 1-қосымшаның 12-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Геостационарлық емес байланыс спутниктері қолданылатын спутниктік байланыс.»;
3) 2-қосымшаның 1-сыныбы мынадай мазмұндағы 87-14-жолмен толықтырылсын:
«
87-14. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат | |
».
33. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздер «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Басқарушы комитеттің Төрағасы» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасы «ғылымды,» деген сөзден кейін «инновацияларды,» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «ғылым» деген сөзден кейін «және инновациялық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 20-баптың 3-тармағы «ғылым,» деген сөзден кейін «инновациялар,» деген сөзбен толықтырылсын;
4) 28-баптың 1) тармақшасы «ғылым» деген сөзден кейін «және инновациялық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 30-1-баптың 2) тармақшасы «ғылым» деген сөзден кейін «және инновациялық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын.
35. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
33-1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
55-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55-2) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесі» - бірыңғай портал арқылы инновациялық қызмет пен инновацияларды қолдау шараларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Автономды кластерлік қор ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» құруды, дамытуды және қолдап отыруды қамтамасыз етуге уәкілетті ұйым болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 55-4) тармақшамен толықтырылсын:
«55-4) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі.