Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын және оларға ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттардың қағаз жеткізгіштегі құжаттармен мәні бірдей;»;
2) 7-бапта:
10), 20), 23), 25), 30) 37), 38), 50), 52) және 54) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 63-7) тармақшамен толықтырылсын:
«63-7) ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» басқаруды, жүргізуді, қолдап отыруды, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;»;
3) 9-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 17-6) тармақшамен толықтырылсын:
«17-6) «электрондық үкімет» архитектурасын іске асыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезесін» дамытуға қатысады;»;
4) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;»;
5) 12-бапта:
10), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ақпараттандыру саласында инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін және «электрондық үкімет» архитектурасын құру мен дамытуға арналған техникалық тапсырманың сараптамасын жүргізеді;»;
«14) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамыту, деректерді басқару, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезіндегі жобалық басқару кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық, әдіснамалық және практикалық көмек көрсетеді;»;
22) тармақша алып тасталсын;
6) 13-баптың 1-тармағының 1 және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;»;
«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;»;
7) 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану
1. Жай электрондық қолтаңба кодтарды, парольдерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы адамның қолтаңбасын растаудың электрондық-цифрлық түрі болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шетелдіктермен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелерді және тізбесін уәкілетті орган бекітетін мәмілелерді қоспағанда, мынадай жағдайлар орындалған кезде:
1) мәміле тараптары арасында өзара мәмілелер жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалану туралы жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілсе;
2) мәміле тараптары жазбаша нысандағы өзара келісіммен жай электрондық қолтаңба арқылы өзара жасалған мәмілелердің түпнұсқалығы мен жарамдылығын таныса, мәмілелерге қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның жай электрондық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мәмілелердің қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен мәні бірдей болады.
Осы баптың талаптары пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.»;
8) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және дамыту «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» архитектурасын дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріліп қамтамасыз етіледі.»;
9) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және олардың техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастырады.
Орналастыру талап етілетін ақпараттандыру объектісінің техникалық құжаттамасының тізбесі «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және оның іске асырылуын мониторингтеу қағидаларында айқындалады.»;
10) 38-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «электрондық үкімет» архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;»;
11) 60-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.».
36. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы - алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы клиенттің ақшасын жымқыруға бағытталған үшінші бір тұлғалардың әрекеттері нәтижесінде жүзеге асырылған төлем және (немесе) ақша аударымы (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда);
7-3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы (бұдан әрі - антифрод-орталық) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбауға бағытталған шараларды жүзеге асыратын заңды тұлғасы;»;
2) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Антифрод-орталық
1. Антифрод-орталық:
1) қаржы ұйымдарынан, төлем ұйымдарынан, ұялы байланыс операторларынан және қылмыстық қудалау органдарынан келіп түскен, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттенулер туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды және сақтауды жүзеге асырады;
2) белгіленген өлшемшарттарға сәйкес алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына жатқызылған, қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына қажетті, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі деректерді өңдейді және талдайды;
3) алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын болғызбау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде қатерлер, осал тұстар, оқиғалардың туындауының алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарына, төлем ұйымдарына, ұялы байланыс операторларына, қылмыстық қудалау органдарына ұсынады;
4) қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өз қызметі процесінде алынған ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған өзге де функцияларды орындайды.
2. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы төлемді және (немесе) ақша аударымын (осындай төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға әрекеттенуді, орындалу процесіндегі төлемді және (немесе) ақша аударымын қоса алғанда):
1) егер алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын анықтағаны туралы клиенттің өтініші болса;
2) егер қылмыстық қудалау органынан расталған ақпарат болса;
3) егер қаржы ұйымының, төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес осындай негіздер болса;
4) егер төлемнің және (немесе) ақша аударымының бенефициары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорда болса, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы деп таниды.
3. Антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру және антифрод-орталықтың антифрод-орталық қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, ұялы байланыс операторлары, қылмыстық қудалау органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар болып табылады.
4. Қылмыстық қудалау органы антифродорталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы жөніндегі хабарды (ақпаратты) алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы ұйымдарын, төлем ұйымдарын төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздердің бар екені және төлемді одан әрі тоқтата тұру не төлемді және (немесе) ақша аударымын қайта бастауға негіздердің жоқтығы туралы хабардар ету қажеттілігі туралы антифродорталыққа хабарлайды. Қылмыстық қудалау органы үш жұмыс күні ішінде одан әрі іс-қимыл жасау жөнінде хабарламаған жағдайда, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады.
5. Қаржы ұйымы, төлем ұйымы алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
1) нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады және (немесе) ақша сомасын үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;
2) клиентпен жасалған шартта белгіленген тәртіппен клиентке себептері мен негіздерін көрсете отырып, нұсқауды орындауды тоқтата тұру және (немесе) төлемді және (немесе) ақша аударымын бұғаттау туралы ақпарат береді;
3) кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізу үшін қылмыстық қудалау органына алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы бойынша ақпаратты жіберу үшін антифрод-орталыққа хабарлама жібереді;
4) үш жұмыс күні өткеннен кейін қылмыстық қудалау органының төлемді және (немесе) ақша аударымын одан әрі тоқтата тұру туралы не мұндай төлемді және (немесе) ақша аударымын тоқтата тұру қажеттілігінің жоқ екендігі туралы шешімі алынбаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады.
6. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары антифрод-орталықтан алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына қатысы бар адамдар туралы ақпарат алған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мерзімдерде және тәртіппен нұсқауларды орындаудан бас тартады немесе тоқтата тұрады.
7. Антифрод-орталық және антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары және (немесе) әрекеттенулер туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған нысан бойынша, мерзімдерде және тәртіппен антифрод-орталыққа жіберуге міндетті.
9. Антифрод-орталық қылмыстық қудалау органдарына алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын деректерді беруге құқылы.
10. Антифрод-орталық алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен әрекеттену туралы дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады, оларға антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын тұлғалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен нақты уақыт режимінде қол жеткізуін ұсынады.
11. Антифрод-орталық клиенттің келісімінсіз қаржы ұйымдарымен, төлем ұйымдарымен, ұялы байланыс операторларымен, қылмыстық қудалау органдарымен деректер алмасуды, клиент-жеке тұлға, оның жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік шотының және (немесе) төлем карточкасының нөмірі, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді және клиентті және оның қатысуымен болатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын сәйкестендіру үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректерді өңдеуді жүзеге асырады.»;
3) 50-баптың 4-тармағындағы «қылмыстық жолмен» деген сөздер «төлемдер және төлем жүйелері, қылмыстық жолмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 26) тармақшасының бірінші бөлігі «1 және 2-тармақтарында» деген сөздерден кейін «, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-1-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын.
38. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу, әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, жеделдетілген технологиялық даму үшін ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6, 8, 10 және 17-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 21 мамыр
№ 86-VІІІ ҚРЗ