Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртібі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктік қарыз операциялары;
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.
Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақта көзделген банк операцияларын жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне және шарттарына қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
Тапсырма шартының нормалары - номиналды ұстау қызметтерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма шартының немесе комиссия шартының негізінде ұсынылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттар бойынша өзінің клиенттеріне электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Нақтылы ұстаушы ретіндегі клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердiң ішкі құжаттарына сәйкес өзге де құрылымдық бөлімшелері енуге тиiс.
5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокердiң және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 6 тармақ толықтырылды
6. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64-бап. Брокердiң және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы
1. Брокер және (немесе) дилер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен және брокердiң және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер өз iс-әрекетiн клиентпен келісіп алуға мiндеттi.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
2-1. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет шеңберінде брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын қарыз түрінде не өз мүдделерінде немесе үшiншi бір адамдардың мүдделерiнде міндеттемелерді орындау ретінде пайдалануға құқылы емес.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке:
1) андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді жариялау және ұстау;
3) бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер эмитентке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған қызметтерді көрсеткен кезде осы эмитенттің облигацияларын ұстаушылар өкілі болуға құқылы емес.
4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөніндегі бiрлескен қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын «қатаң мiндеттемелер» тәсiлiмен;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн «ең үздiк күш салу» тәсiлiмен;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды
64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның қызметін ұйымдастыру
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Уәкілетті орган, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
3. Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.
Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
4. Бірыңғай тіркеуші:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;
2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;
4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.
5. Бірыңғай тіркеуші:
1) қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.
6-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-2-баппен толықтырылды
64-2-бап. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы
1. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара қатынастарын айқындайтын оның ішкі құжаты болып табылады.
Тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.
Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растатйтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
3. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;
4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;
5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 65-бап өзгертілді; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
1. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу шартына сәйкес жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады.
2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Эмитент туралы, эмитент шығарған бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың жеке шоттары бойынша тіркелген операциялар туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс.
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің нысандары мен оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қызметтік міндеттеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін сақтау немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау кіретін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.
66-бап. Тiркеушiнiң функциялары
Тiркеушiнiң функциялары:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау;
2) тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;
3) тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу;
4) тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын растау;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;
6) қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уәкiлеттi орган тiркеген санына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткізуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;
8) эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;
9) осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мәлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттік органдарға ақпарат табыс ету;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) инвесторларға нақты уақыт режимінде басқа инвесторлардың бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға өтінімдері туралы, сондай-ақ биржадан тыс нарықта эмитенттердің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының ақпараттық жүйесін құру және қолдау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертiлдi (бұр.ред. қара)
10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
67-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шарт
1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарт бірігу шарты болып табылады, оның талаптары бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағында айқындалады. Эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі шарттың талаптарын көрсетілген шартқа тұтастай бірігу арқылы ғана қабылдауы мүмкін.
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан кезде эмитент тiркеушiге мынадай құжаттарды:
1) 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2) жарғының көшiрмесiн;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;
4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң, эмитент мөрiнiң (ол болған кезде) бедерi бар қолтаңба үлгiлерiнiң карточкасын ұсынуға мiндеттi. Бұл карточка нотариаттың куәландыруына жатады.
4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шартты жасасқан кезде тiркеушi эмитентке танысу үшiн өзiнiң iшкi құжаттарын табыс етуге мiндеттi.
5. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 69-бап тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.
3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүдделерiн көздеп табыс табу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың басқаруындағы қаржы құралдарына қатысты құқықтарын номиналды ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес ескереді.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсаттарында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және өздерінің iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi есепке алуды жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар басқаруындағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
71-бап. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 72-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары тіркеушіге, трансфер-агентке және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.