Тиісті мәртебені иемдену туралы өтініш инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне өзінің сәйкес келетіні өзіне мәлім болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер тек осы тұлғаның көрсетілген мерзімде акцияларын иелігінен шығаруға ниеті болмаса ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті органға дереу беріледі.
Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін адамға келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған адам жазбаша хабарламаны алған кезден бастап алты ай ішінде инвестициялық портфельді басқарушының өзіне тиесілі акцияларының санын осы бапта белгіленген деңгейден төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
15. Уәкілетті орган осы тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетінін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны білетін кез келген тұлғадан, сондай-ақ осындай тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, өзіне тиесілі акциялар санының өзі тікелей немесе жанама иелік ететін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасының өзгергені туралы өзгеріс инвестициялық портфельді басқарушының меншікті акцияларды өзге акционерлерден сатып алуы салдарларынан орын алатын жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі инвестициялық портфельді басқарушы акцияларының саны (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпаратты беруге тиіс. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған.
Инвестициялық портфельді басқарушы акциялары санының инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан аз санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті органның бұрын берілген жазбаша келісімі инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының өтініші бойынша уәкілетті орган көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күшін жойды деп есептеледі.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы өзіне тиесілі акциялардың саны инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылықты және инвестициялық портфельді басқарушы иеленгендерді шегергендегі) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызына дейін ұлғайған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша және мерзімдерде таяу бес жылға арналған, қойылатын талаптарын уәкілетті орган белгілейтін бизнес-жоспарды ұсынады.
17. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органды инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өздері осы фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Осы баптың 14, 15, 16 және 18-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен банк біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде сатып алынған немесе «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2, 61-4-баптарында көзделген операция жүзеге асырылған кезде берілген банктің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуына уәкілетті органның келісімі бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері (номиналды ұстау) жүйесінде операция тіркелгеннен кейін берілді деп саналады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 72-2-баппен толықтырылды
72-2-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негіздері
1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдіретін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тартуына:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 54-бабының 2-тармағы 3) - 6) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алудың тәртібін және (немесе) шарттарын бұзуы;
2) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы не ұсынылған құжаттардың осы Заңның 72-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі немесе ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулерін жоймау;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өтініш беруші инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иемденуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;
2) өтініш беруші міндеттемелерінің басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;
3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша залал шегуі;
4) өтініш беруші міндеттемелері мөлшерінің инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қатер төндіруі;
5) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушы алдында мерзімін өткізіп алған және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы;
6) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
7) инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларға) залал келтіру ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің тұрақсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.
3. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иемденген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 72-3-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 72-3-баппен толықтырылды
72-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына:
1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 72-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;
4) инвестициялық портфельді басқарушы белгілері бар тұлға, олардың салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді жасаған;
5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ ірі қатысушыларының соның салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) осы Заңның 3-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
7) инвестициялық портфельді басқарушы мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қарым-қатынастар болған;
8) ірі қатысушы белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 49-бабының 5-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі жағдайларында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде:
1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушысынан олардың тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды;
2) инвестициялық портфельді басқарушыдан ірі қатысушыға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны тәуекелге ұрындыратын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды;
3) инвестициялық портфельді басқарушыдан, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысынан инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы тиісті шешімінде айқындалады.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды иемденушілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Сенімгерлік басқару белгіленген мерзім өткенге дейін инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша оларды өткізу арқылы иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар инвестициялық портфельді басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеттері тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 72-4-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 72-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
72-4-бап. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының есептілігі
1. Инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, сондай-ақ оларды уәкілетті органға ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 72-5-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
72-5-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының аудиті
1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары үшін қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу міндетті.
Аудиторлық есептің көшірмесі көрсетілген құжатты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын, өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының бейрезиденті ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының осы бейрезиденті ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым растауға тиіс.
3. Инвестициялық портфелді басқарушының Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілдерінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне әсер ететін бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, уәкілетті орган аталған тұлғалардың аудиторлық есепті алған күнінен бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жойғанға дейін:
1) инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты тиісті лицензияның қолданысын тоқтата тұруға;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Осы есеп алынған күннен бастап бір жыл бойы бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
1) инвестициялық портфельді басқарушыны лицензиядан айыруға;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына қатысты осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
14-тарау. Кастодиандық қызмет
73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртібі
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыруға құқылы.
2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылмайтын кастодиан өз клиентінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.
5. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
1. Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу;
2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету;
3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;
5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;
6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу;
7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;
8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету;
9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.
2. Кастодиан:
1) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындауға;
2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;
4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзге де қаржы құралдарын ұстаушыға талап етуі бойынша оның шоттарының жай-күйі туралы есептілікті ұсынуға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарт
1. Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма шартының нормалары қолданылады.
2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
3. Кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартта:
1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тәртібі;
2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртібі;
4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тәртібі және оны клиенттiң шотына есептеу;
5) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартты бұзу тәртібі;
6) тараптардың жауапкершiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.
15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет
76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі
1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және лицензиаттың iшкi құжаттарымен белгiленедi.