24-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы баптың 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарының талаптары:
тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын өзі дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін және осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған) бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің үлестес тұлғаларынан (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын көрсетілген тұлғамен жиынтықта иеленетін және қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы;
үлестес тұлғаның (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) бағалы қағаздардың қайталама нарығында басқа үлестес тұлғадан (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 25-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында көрсетілген акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өздері бойынша дауыс беру құқығы берілетін, орналастырылған, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде өзі туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі жай акциялар және (немесе) артықшылықты акциялар осы баптың мақсаттарында қоғамның дауыс беретін акциялары деп түсініледі.»;
4) 53-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет тек қана директорлар кеңесінің мүшелерінен тұруға тиіс.»;
5) 63-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде мұндай мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде қоғам немесе қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын иеленетін (жиынтықта иеленетін) акционер (акционерлер) өз атынан қоғам мүддесінде, жасалуына мүдделілік болған және нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген мәмілені қоғамның жасасуы нәтижесінде қоғамда туындаған зиян үшін лауазымды адамды жауаптылыққа тарту туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.»;
6) 73-баптың 1-тармағы «шешiм» деген сөзден кейін «, осындай мәміленің үлгілік шарттарын қоғамның директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ірі мәмілені және жасалуына мүдделілік болған мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ өзге де мәмілелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасасу осы мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп тануға алып келуі мүмкін.
Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде сатып алынған немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны оның «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, жасалуына мүдделілік болған, нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген және жасалуы нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле қоғамның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жиынтығында иеленетін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.»;
24-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 85-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қайта ұйымдастырылатын қоғам қызметiн тоқтатпай, оның мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бере отырып, қоғамның бiр немесе бiрнеше қоғам құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiтілуге жатпайды.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.».
25. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат):
14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде, сақтандырушы бұл туралы бір жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға хабарлайды.».
26-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
26. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
107-баптың екінші бөлігіндегі «әдiлет органдары» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және (немесе) әділет органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде арнаулы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай танылатын болуға тиіс».
28. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматты түрде лицензиялау (байқау) - жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
2) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы - сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтерді қамтитын интернет-ресурс;
3) айрықша құқық - сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жекелеген тауар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруына айрықша лицензия негізінде ұсынылатын құқық;
4) арзандатылған тауар - кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;
5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi - елде бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны жол берілетін шектерде ұстау және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының жол берілетін деңгейi, ішкі сауда субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн асырған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;
7) бақылау (сәйкестендіру) белгісі - қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар, сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім);
8) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
9) жаппай сату - тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағалармен өткізу;
10) кедендік әкелу бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;
11) кедендік әкету бажы - тауарлардың экспорты кезінде алынатын міндетті төлем;
12) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшері (шамасы);
13) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі - кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшерi (шамасы);
14) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
15) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiруге, қайта өңдеуге, өткiзуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
16) мамандандырылған электрондық сауда алаңы - экономикалық қызметтің бір сыныптағы тауарлары, бір түрдегі жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері өткізілетін электрондық сауда алаңы;
17) материалдық жеткізгіш - қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралдарын басып беруге, сақтауға және беруге арналған, кез келген материалдан жасалған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе объектісі;
18) өтемақы шарасы - осы шараны енгізуге өтініш берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономикасы саласына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше субсидиялаушы мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидиясының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
19) рұқсат - автоматты түрде лизенциялау (байқау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат;
20) рұқсат беру тәртібі - тауарлардың әкелінуін және (немесе) әкетілуін рұқсат беру құжаттарын (лицензия, мемлекеттік бақылау актісі, қорытынды, нотификация) беру арқылы реттеу шарасы;
21) сан жағынан шектеулер - тауарларлардың сыртқы саудасын саны жағынан шектеу жөніндегі, квоталарды белгілеу арқылы енгізілетін шаралар;
22) сауда алаңы - сауда объектiсiнiң тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы жабдық қойылған алаңы;
23) сауда базары - сауда қызметіне арналған, аумақта шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін оқшауланған мүліктік кешен;
24) сауда желiсi - сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқару аясындағы және бiрыңғай коммерциялық белгiленім мен өзге де дараландыру құралдарының аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiсiнiң жиынтығы;
25) сауда қызметі - ішкі және сыртқы сауданы қамтитын қызмет;
26) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) сауда объектiсi - тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
28) сауда орны - тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен жарақтандырылған орын;
29) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы;
30) сауда шаралары - арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;
31) сәйкестендіру құралы - штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
32) стационарлық емес сауда объектісі - инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
33) стационарлық сауда объектісі - жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық жалғанған) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);
34) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетуге және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелуге байланысты қызметі;
35) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар - сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
36) таңбаланған тауарлар - белгіленген талаптар сақтала отырып сәйкестендіру құралдары басылған және тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдасында өздері туралы анық мәліметтер (оның ішінде өздеріне басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) қамтылған тауарлар;
37) тарифтік жеңілдік - кедендік әкелу немесе кедендік әкету бажын төлеуден босату не оны төмендету;
38) тарифтiк квота - тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құндық мәнде) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;
39) тарифтік преференция - Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасы еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасқан елдерге әкетілетін тауарларға, осындай келісімдердің ережелеріне сәйкес көрсетілген елдерден шығатын және Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан - дамушы елдерден немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерін азайту;
40) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
41) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы - Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңалауды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
42) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар - өздері реттейтін салаларда тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
43) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган - тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
44) тауарлар сыныбы - ұқсас функционалдық мақсаты бар тауарлар жиынтығы;
45) Ұлттық тауарлар каталогы - Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы әзірлеген, өнімнің бірыңғай номенклатурасын қамтитын және Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін жүзеге асыру кезінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті, тауарлардың сипаттамаларын, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын және өзге де мәндерді қамтитын ақпараттық ресурс;
46) үшінші тарап - Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын шет мемлекет, шет мемлекеттер одағы;
47) фулфилмент орталығы - электрондық сауда саласында сатып алушы тауарға тапсырысты ресімдеген кезден бастап және осы тапсырыс сатып алушыға жеткізілген кезге дейінгі бүкіл операциялар кешенін орындайтын, оның ішінде: тауарларды қоймада сақтау, тапсырыстарды қабылдау және өңдеу, тапсырыстарды жасақтау және қаптау, сатып алушылардан төлемдер алу, тапсырыстарды жеткізу, тапсырыстардың кері қайтарылуын қабылдау сияқты функцияларды орындайтын логистикалық орталық;
48) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;
екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушы болып табылатын;
көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;
өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;
көрменің басталу және аяқталу күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін тіркеу дерекнамасында көрсетілген көрме;
49) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - нәрселерді (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің атынан өкілдік ететін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын, халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;
50) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін тіркеу дерекнамасында көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;
51) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану - халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (объектілерді пайдалану);
52) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi - халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізгеннен кейін қалған ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылысжайлар, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым мен өзге де объектілер;
53) iрi сауда объектiсi - сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
54) ішкі сауда - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатып алуды-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;
55) ішкі сауда субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
56) электрондық коммерция - электрондық саудадағы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сатудағы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;