3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелер көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде - бөліну балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;
5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) коммерциялық ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат беріледі.»;
7) 8-баптың екінші бөлігіндегі «(банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы)» деген сөздер алып тасталсын;
12-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 10 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Тiркеу алымын төлеу
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен тіркеу алымы алынады.
Тiркеушi орган өткізетін, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен орталық мемлекеттiк органдар қатарынан айқындалатын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келiсу бойынша белгiлейдi.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.»;
«14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкілдік) мемлекеттік (есептік) қайта тiркелуге жатады.
Бұл ретте тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы шешімі не шешімінен үзінді-көшірме ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар құрылтай құжаттарының (ережелерінің) үш данасы;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің төлнұсқалары;
5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.»;
12-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 16-бапта:
бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
4) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының жоқ екендігі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хаты;
5) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;
6) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.»;
«Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін ақы төленгенін растайтын құжатты ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген: бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тіркеуші органға өтініш жасамаған; мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген кезде заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметі мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылуға жатады. Қызметті мәжбүрлі тәртіппен тоқтату заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі. Заңды тұлғаларды Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау соттың заңды күшіне енген, мәжбүрлеп тарату туралы шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
12-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 16-1-баптың тақырыбы, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару
Филиал (өкiлдiк):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi;
2) филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
3) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн тіркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
4) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенiн растайтын құжат негiзiнде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша, есепке алынуы мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) міндеттемелерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен орындамаған жағдайда, берешек туралы көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тартады.
Сот оған қатысты борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару соттың банкроттық рәсімді аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Сот оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару филиал (өкілдік) туралы ереже қоса беріле отырып, осындай заңды күшіне енген шешім негізінде жүзеге асырылады.».
13-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
9-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Шаруашылық серiктестiгi таратылған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тарату балансы ұсынылады, соның негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне серiктестiктің таратылғаны туралы тиісті жазба енгізіледі.».
14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
14-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу
Банкті мемлекеттiк тiркеуді Корпорация уәкiлеттi органның банк ашуға берген рұқсатының және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi органмен келiсiлгенiн растайтын деректердің негiзiнде жүзеге асырады.
Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банкті ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бiр ай iшiнде банктi мемлекеттiк тiркеу үшiн Корпорацияға өтініш жасауға мiндеттi.»;
14-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 28-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Құрылтай құжаттарына енгізілетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк қайта тіркеу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға Корпорацияның белгiсi мен мөрi соғылған құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркелуді қажет етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда банк Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға банктің осы хатының көшірмесін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
14-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 29-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк өзінің филиалы мен өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;»;
6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғаны туралы Корпорацияның белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның банкке осы Заңның 47-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, жұмыс істеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.»;
«8. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкі Корпорацияның банктің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банктің көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
11-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Корпорацияның белгісі мен мөрі соғылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілгені туралы хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілдігінің хатын қабылдап алғаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өкілдігінің көрсетілген хатының көшірмесін, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі Корпорацияда (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорация құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.»;
14-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 38-баптың 1-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттар бойынша ақпарат беру үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылын жүзеге асырады.»;
14-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 48-1-баптың 8-тармағындағы «әдiлет органының» деген сөз «Корпорацияның» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 52-15-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) банкті ислам банкі етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін Корпорацияға өтініш жасау;»;
14-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 52-17-бапта:
тақырыптағы «әділет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін банк банкті мемлекеттік қайта тіркеу үшін күнтізбелік отыз күн ішінде Корпорацияға өтініш жасауға міндетті.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банк Корпорацияда мемлекеттік қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, бірақ уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға:»;
14-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 69-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банктi тарату туралы есеп бекiтілгеннен кейiн жетi күн мерзiмде оларды Корпорацияға және уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.»;
14-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 73-баптың 7-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Корпорацияға және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды - Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.».
15-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
15. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпияны білдіретін құжаттар құрамына кіреді және мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға серіктестік органдарының шешімімен ғана не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ұсынылуға жатады.
Мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтай шартын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ұсыну талап етілмейді.»;
2) 19-баптың 2 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»;
«5. Егер серіктестіктің құрылтайшылары өз қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыру шешімін қабылдаған жағдайда, онда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш ұсынылады.».
16. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасындағы «жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi» деген сөздер «жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын» деген сөздермен ауыстырылсын;