22-4-бап. Гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі сыртқы сауда қызметін реттеу
Гуманитарлық көмекті және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарларын жою мақсатында көрсетілетін көмекті беру (алу) шеңберінде тауарларды әкету және (немесе) әкелу кедендік-тарифтік, тарифтік емес және сауда шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.»;
20) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тапсырыстар бойынша сауда ішкі сауда субъектiлерiнiң тапсырыстарды тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында беру және (немесе) қабылдау арқылы, телефон немесе пошта тапсырысы арқылы жүзеге асырылады.»;
21) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ішкі сауда субъектiсi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындаған арнайы бөлiнген орындарда және (немесе) маршруттарда жүзеге асырады.
Ішкі сауда субъектісі сауданы бекітілген маршрут бойынша оның кез келген нүктесінде жүзеге асыра алады.»;
22) 28-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
23) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Электрондық сауда
Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
24) 29-1-баптың 1-1, 2-1, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сатушының, сол сияқты сатып алушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде басқа тараптан электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқығы бар.»;
«2-1. Электрондық сауда алаңындағы электрондық коммерция инфрақұрылымында:
1) электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға қоятын ішкі талаптары;
2) тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі;
3) тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жеткізілуін ұйымдастыру немесе үйлестіру;
4) сатып алушы мен сатушы арасындағы, оның ішінде тауарды қайтарып беру кезіндегі өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету;
5) сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.
Мамандандырылған электрондық сауда алаңдары қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
3. Электрондық сауда алаңы электрондық коммерцияны жүзеге асыру кезінде:
1) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;
2) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушының өз міндеттемелерін орындауын, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған жағдайда, қамтамасыз ету шарттарын айқындайды.
4. Электрондық коммерциядағы электрондық сауда алаңы, ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы:
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;
2) электрондық құжаттарды, электрондық хабарларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе;
3) егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарлардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқылы емес.
5. Электрондық сауда алаңының сатушысы және (немесе) иесі электрондық сауда кезінде ақпараттың келісімге сәйкес және онда көзделген шарттарда сақталуын қамтамасыз етеді.»;
25) мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:
«29-2-бап. Фулфилмент орталықтарының функциялары
Фулфилмент орталығы мына функцияларды:
1) өндірушіден, сатушыдан, делдалдан немесе фулфилмент орталығының қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан басқа тұлғадан тауар қабылдауды;
2) қабылданған тауарды қоймада сақтауды;
3) тауарға тапсырыстарды, оның ішінде электрондық байланыс құралдары арқылы қабылдау мен өңдеуді;
4) тауарға келіп түскен тапсырыстарға сәйкес тауарды жасақтауды;
5) тауарды қаптауды;
6) тауарды сатып алушыға жеке жеткізу қызметімен жеткізуді немесе тауарды бөгде жеткізу қызметтері арқылы жөнелтуді;
7) сатып алушылардан тауар үшін төлемақы алуды;
8) қайтарып берулерді өңдеуді жүзеге асырады.»;
26) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Ішкі сауда субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар»;
27) 31-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі сауда субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) отандық өндіріс тауарларын көрнекі және физикалық қолжетімді жерлерде орналастыруға;»;
«2-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес таңбалау туралы шешім қабылданған, таңбаланған тауарларды сатуға;»;
2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаты бар және:
1) ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ басқа ішкі сауда субъектілерімен осындай немесе өзге талаптарда тауарлар беру шарттарын жасасуына тыйым салу туралы талаптар;
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен жасалатын шарттар туралы мәліметтер ұсынуы туралы талап қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне кіруін шектеуіне тыйым салынады.
3. Ішкі сауда субъектілерінің осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жол берілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуына тыйым салынады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарын бұзған кезде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында мұндай тауарларды сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі күнтізбелік он күннен аз жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;
2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, күнтізбелік он және одан да көп күн жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
6. Тауарларға осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде азық-түлік тауарының бағасына ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден белгілі бір азық-түлік тауарларының санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісіп алуына жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.»;
28) 32-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде затбелгілерде, жапсырмаларда, қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды;».
29. «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
29-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-баптың 5-тармағында:
бірінші бөліктегі «Әдiлет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «әділет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 37-баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «не жылжымайтын мүлiк қоры» деген сөздер алып тасталсын.
30. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат):
1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы - электр энергиясы бөлшек сауда нарығының субъектілері арасындағы жария шарттар (электр энергиясын сатып алу-сату, беру және тұтыну, сондай-ақ осыған байланысты көрсетілетін қызметтер ұсыну) негізінде көтерме сауда нарығынан тыс жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;»;
2) 13-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету үшін электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарына сәйкес электрмен жабдықтауға арналған жария шарттар жасасуға міндетті.
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттары энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.»;
3) 18-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын энергиямен жабдықтаудың жария шарттары негізінде жүзеге асырылады.».
31. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
29-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап келесі жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңге белгіленеді.».
32. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат):
10-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «орталығы» деген сөзден кейін «консультация жасау және» деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақшасындағы «мүше елдермен, халықаралық» деген сөздер «мүшелермен, стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелермен өзара іс-қимыл Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі ақпарат орталығы арқылы жүзеге асырылады.».
33. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):
1) 1-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған, азық-түлiк тауарларының жедел қоры;»;
10-1), 10-2), 10-3) және 10-4) тармақшалар алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігі - мынадай: тұрақтандыру қорларының қызметі; кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асыру;»;
25) және 26-2) тармақшалар алып тасталсын;
2) 5-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекiту;»;
7) тармақша алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«39) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
4) 7-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;»;
17-2) тармақша алып тасталсын;
17-3) және 17-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
17-4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 17-10) және 17-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
17-11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту;»;
5) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;»;
6) 12-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері іске асырылады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
7) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
8) 19-3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;»;
9) 19-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субьектісін айқындау;
7) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады.».
34-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
34. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) тiркеушi органдар - мәлiметтердi тiркеудi және сәйкестендіру нөмiрi бар құжаттарды берудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.»;
2) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзудi жүзеге асыратын тіркеуші органдардың, мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат берудi жүзеге асыруға мiндеттi.».
35. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 1-баптың 31) тармақшасы «құжаттың» деген сөзден кейін «, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу жөніндегі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендірілу және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша тіркеуші орган жүзеге асырады.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;