57) электрондық сауда - тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
58) электрондық сауда алаңы -электрондық саудаға қатысушыларды инфрақұрылыммен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс;
59) электрондық саудаға қатысушылар - сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.»;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) мемлекет экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу;
7) азық-түлік қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
8) сыртқы нарықтарда қазақстандық өндірушілер үшін кемсітпейтін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және сауда қызметi субъектiлерiне қолданылады.»;
4) 5-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «қатысу болып табылады.» деген сөздер «қатысу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) қарсы шараларды қолдану;
7) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану;
8) өтемақы шараларын қолдану болып табылады.»;
5) 6-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сауда қызметi саласында үшінші тараппен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 10-1), 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) уәкілетті органның қорытындысы негізінде өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды;»;
«11-1) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындайды;
11-2) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторына қойылатын талаптар мен оны айқындау тәртібін, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді, сондай-ақ конкурс қорытындылары бойынша Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындайды;
11-3) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындайды.»;
6) 7-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
1-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
1-5) ДСҰ-ның Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасайды;
1-6) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
1-7) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
«2-3) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін айқындайды;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан әрекет етеді;»;
мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
«15-3) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді;»;
7) мынадай мазмұндағы 7-2, 7-3, 7-4 және 7-5-баптармен толықтырылсын:
«7-2-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келіседі;
2) өз құзыреті шегінде өздері айқындаған тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асырады;
3) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізеді.
4) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізеді;
5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізеді;
6) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асырады;
7) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептейді және оны тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-3-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органның құзыреті
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган:
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторына қойылатын талаптар мен оны айқындау тәртібін әзірлейді;
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлейді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-4-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеу, ендіру, әкімшілендіру, қолдап отыру және пайдаланушылық қолдау;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) сәйкестендіру құралдарын шығару және оларды есепке алу;
4) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөнінде қызметтер көрсету;
5) Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңалау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
2. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін қамтамасыз ететін ресурстары, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілері;
2) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аудандардың әкімшілік орталықтары деңгейіне дейін филиалдары, өкілдіктері және (немесе) өзге де құрылымдық бөлімшелері;
3) өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналы;
4) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін іске асыру бойынша ақпараттық жүйесі;
5) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін байланыс-орталығы;
6) тауар өндірушілерге - Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг және басқа да қаржы құралдары шарттарымен берілетін материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басуға арналған жабдығы болуға тиіс.
7-5-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының құзыреті
1. Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында:
1) көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтатады;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тасымалдаушыдан немесе тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазуды, киноға- және фотоға түсіруді жүргізеді.
2. Салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін бекітеді.
3. Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекрарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.»;
8) 8-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;»;
9) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Ішкі сауда саласында баға белгілеу»;
1-тармақтағы, 2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «сауда қызметiнің», «сауда қызметi» деген сөздер «ішкі сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің және нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға, сақтау мен сатуға қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
11) 14-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты тауар беру шартының бiр түрi болып табылып, онда ішкі сауда субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнен өткізеді.»;
12) 14-1-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру.»
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу
Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:
1) кедендік баждарды;
2) тарифтік жеңілдіктерді;
3) тарифтік преференцияларды;
4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.»;
14) мынадай мазмұндағы 16-2 және 16-3-баптармен толықтырылсын:
«16-2-бап. Тарифтік жеңілдіктер
1. Тарифтік жеңілдіктер мынадай:
1) әкелінетін (әкелінген) тауарларға тарифтік жеңілдіктер беру Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде айқындалған;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген;
3) акцизделетін тауарлардан (арнайы медициналық мақсаттарға арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа тауарлар үшінші тарап, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарда өтеусіз көмек (жәрдем), техникалық көмек (жәрдем) ретінде әкелінетін (әкелінген);
4) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда беріледі.
2. Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
3. Орталық мемлекеттік органдардың және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тарифтік жеңілдік беру туралы ұсыныстары осы Заңның 7-бабының 2-3) тармақшасында белгіленген тәртіппен енгізіледі.
4. Әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер жеке-дара сипатта болмайды және тауарлардың шығарылған еліне қарамастан, ал әкетілетін тауарларға қатысты - сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қарамастан қолданылады.
16-3-бап. Тарифтік преференциялар
1. Сауданы дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ еркін сауда аймағы туралы жасалған шарттар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығатын тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, егер мұндай босату не кедендік баждардың мөлшерлемелерін төмендету еркін сауда аймағы туралы келісімде көзделсе, кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
2. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекетттерден шығатын тауарлар саудасын ынталандыру мақсатында дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемелері қолданылады. Тауарлар мен елдердің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
3. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.»;
15) 17, 18, 18-1 және 18-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу
1. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:
1) тыйым салу;
2) сан жағынан шектеулер;
3) рұқсат беру тәртібі
4) айрықша құқық;
5) автоматты түрде лицензиялау (байқау) жатады.
2. Тарифтік емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес енгізеді.
18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер
1. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер:
1) қоғамдық құқықтық тәртiпті сақтау;
2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
3) алтынның немесе күмістің экспортын және (немесе) импортын реттеу;
4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау;
5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуі мен тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болғызбау;
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
8) жүзеге асырылатын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде осындай материалдарға ішкі баға әлемдік бағадан анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;
9) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;
10) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогресшіл өзгерістерге жағдай жасау;
11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып енгізіледі.
2. Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк тауарларының немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта айқын жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және оны сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.
Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде айқындайды.
3. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді (квоталарды) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді, квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталарды бөлу тәртібін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталар шеңберінде жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
18-1-бап. Рұқсат беру тәртібі
Рұқсат беру тәртібі жекелеген тауар түрлерін әкелуді және (немесе) әкетуді реттеу мақсатында белгіленеді және рұқсат беру құжаттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
18-2-бап. Қарсы шаралар
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін тиімді қорғау мақсатында, орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қарсы шараларды, егер үшінші тарап:
1) халықаралық шарттар бойынша өзі Қазақстан Республикасына қатысты қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың үшінші тарап нарығына кіруін негізсіз жабатын немесе оларды өзгеше түрде негізсіз кемсітетін шаралар қабылдаса, енгізеді.»;
16) 20-бапта:
тақырыптағы «Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше» деген сөздер «Айрықша» деген сөзбен,
1-тармақтағы «Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше» деген сөз «Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлген тауарлар тiзбесiн, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Айрықша лицензияны беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
17) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Автоматты түрде лицензиялау (байқау)
1. Автоматты түрде лицензиялау (байқау) жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында қолданылады және рұқсаттар беру арқылы іске асырылады.
2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш иесi уәкiлеттi органға:
жазбаша өтініш;
бiр данада қағаз жеткізгіште белгiленген үлгiдегi рұқсат жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.
3. Рұқсат жазбаша өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.
4. Рұқсаттар барлық өтiнiш иелеріне шектеусiз берiледi.
5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
7. Берiлген рұқсат басқа өтiнiш иелеріне қайта ресiмделуге жатпайды.
8. Рұқсат жоғалған жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiш иесiнiң жазбаша жолданымы бойынша үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.»;
18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сауда шаралары
1. Үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын қолдану алдында тергеп-тексерулер жүргізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осындай шараны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады.
2. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган, оны үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.»;
19) 4-тарау мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-баптармен толықтырылсын:
«22-1-бап. Өтемақы шаралары
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.
22-2-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың бүкпесіздігін қамтамасыз ету
1. ДСҰ құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамада айқындалған Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекеттік органдар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 22-3-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес, қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларының және Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын өзге де шаралардың бүкпесіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың бүкпесіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу шараларының бүкпесіздігі мына құралдарды қолдану:
1) құқықтық актілер мен олардың жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау;
2) хабарламалар (нотификациялар) жіберу;
3) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
22-3-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
Қазақстан Республикасының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарымен, сондай-ақ ДСҰ-ның мүшелелерімен өзара іс-қимылды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.