2) 10-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Кепіл ұстаушы» деген сөздер «Егер кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығару бойынша өтініш иесі кепіл ұстаушы болып табылса, онда соңғысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.»;
4) 18-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпарат беру «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
17. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының - заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiкдіктердің және шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурстарға қолданылмайды.».
18. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 5-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы резиденттеріне теңіз көлігінің (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиацияның көрсетілетін қызметтеріне, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосудың және оның фрахтының көрсетілетін қызметтеріне және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер бөлігінде жол беріледі.»;
2) 8-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «сақтандыруды» деген сөзден кейін «және туристі міндетті сақтандыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 15-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн, осы Заңның 5-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тәуекелдерді сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымдары да және аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру брокерлерi де жүзеге асыра алады.»;
18-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 22-баптың 2-тармағындағы «әдiлет органдарында» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация)» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 29-баптың 3) тармақшасындағы «әдiлет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 30-бапта:
1-тармақтағы «әдiлет органдары» деген сөздер «Корпорация» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «әдiлет органына» деген сөздер «Корпорацияға» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, Корпорацияда қайта тiркелудi талап ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелу күнінен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тiркелудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдап алғаны туралы Корпорацияның белгiсi соғылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көрсетілген хатының көшiрмесiн, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың көшiрмесiн ұсынуға міндетті.»;
18-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8) 33-бапта:
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «әдiлет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің көшірмесін;»;
7-тармақтағы «әдiлет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері Корпорацияда есептік қайта тіркелу күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережелерге Корпорацияда есептік қайта тіркелуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдап алуға уәкілеттік берілген орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдап алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылдап алынғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
12-тармақта:
бірінші абзацтағы «әділет органдарында» деген сөздер «Корпорацияда» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өкілдік туралы ереженің көшірмесін;»;
14-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған» деген сөздер «Корпорацияда есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «әділет органдарында (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, өздерінің» деген сөздер «Корпорацияда (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын Корпорация (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеуші органы) құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 37-бапта:
5-тармақтағы «сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып алып тасталған кезде» деген сөздер «және (немесе) қызмет түрлері алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін алып тастай отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «алып тастау, сақтандырудың осы сыныптары бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын» деген сөздер «және (немесе) қызмет түрлерін алып тастау сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 55-баптың 1-1-тармағы «жекелеген сыныптары» деген сөздерден кейін «және (немесе) қызмет түрлері» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) 56-баптың 8-тармағындағы «және әділет органының» деген сөздер «және Корпорацияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 12) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 67-баптың 7-тармағындағы «әдiлет органдары» деген сөздер «Корпорация» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) 70-баптың 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн Корпорацияға, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды - Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.».
19. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4- құжат):
1) 27-баптың 1-тармағының 4-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;».
20-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
20. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
19-баптың 2-тармағындағы «әдiлет органдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 24-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көліктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;»;
2) 25-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;»;
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;»;
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;».
22. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
89-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғадан түсетін кінә қоюға өтініш иесі өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қол қояды.
Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.».
23-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
23. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 3-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
2) 18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;».
24. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат):
24-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 8) тармақшасындағы «сондай-ақ номиналды» деген сөздер «сондай-ақ, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, номиналды» деген сөздермен ауыстырылсын;