56. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 90-бапта:
1-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымына берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін банктің жылдық жиынтық кірісіне енгізіледі.»;
2-тармақтың 6) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;»;
төртінші абзацтағы «банкке берген;» деген сөздер «банкке;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына берген;»;
2) 11-бапта:
1) тармақшадағы «4),» деген цифр «4) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «27) тармақшасын» деген сөздер «4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 27) тармақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 13, 41-құжат):
1) 1-бапта:
13-тармақта:
12) тармақшаның он төртінші абзацындағы «талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшаның жетінші абзацындағы «талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 17) тармақшасының алпыс бесінші абзацын;»;
6) тармақшадағы «абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздер «абзацтарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағы 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.»;
57-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсаттарында акционерлік қоғамның дауыс беретін акциялары деп «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалған акциялар түсініледі.».»;
57-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. 1-баптың 13-тармағының 12) тармақшасы он төртінші абзацының және 13) тармақшасы жетінші абзацының күші акционерлік қоғамның жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша төленуі 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде жүзеге асырылуға тиіс болған, бірақ акционерлік қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төленуі жүргізілмеген дивидендтерге қатысты қолданылады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 14) тармақшасының бірінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 21), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 38) және 39) тармақшаларын, 40) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 42) және 46) тармақшаларын, 47) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 48) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 49) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 51) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 56) тармақшасын, 60) тармақшасының бірінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 65) және 68) тармақшаларын, 70) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 74) және 75) тармақшаларын, 76) тармақшасының бірінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 78) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 79), 80) және 81) тармақшаларын, 10-тармағының 3) тармақшасын, 55-тармағының 1) және 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының қырық екінші және қырық үшінші абзацтарын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 9-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының бірінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын, 14) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 20) тармақшасын, 24) тармақшасының бірінші, екінші, алтыншы және жиырма екінші абзацтарын, 26) және 37) тармақшаларын, 40) тармақшасының он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 48) тармақшасының үшінші абзацын, 49) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 51) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 55), 58) және 59) тармақшаларын, 60) тармақшасының екінші абзацын, 61), 62), 63), 64) және 77) тармақшаларын, 14-тармағының 5) тармақшасын, 24-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 52-тармағының 2) тармақшасын, 55-тармағының 4) тармақшасын, 57-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын;
3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 6-тармағының 5) тармақшасын, 7-тармағының 2), 12) және 14) тармақшаларын, 9-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 7), 8), 9), 12) және 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 16), 18), 28) және 35) тармақшаларын, 40) тармақшасының төртінші абзацын, 41) тармақшасын, 47) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 50), 53), 54), 57) және 69) тармақшаларын, 76) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 12-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 13-тармағын, 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 15-тармағын, 18-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 11), 12) және 13) тармақшаларын, 20 және 23-тармақтарын, 24-тармағының 8) тармақшасын, 26-тармағын, 29-тармағының 1) тармақшасын, 34-тармағын, 37-тармағының 3) тармақшасын, 40-тармағының 5) тармақшасын, 42, 45 және 46-тармақтарын, 52-тармағының 1) тармақшасын, 54-тармағын, 57-тармағы 2) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарын;
4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 3) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 17), 19), 23) және 66) тармақшаларын, 55-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 2 сәуір
№ 241-VІ