9-тармақтың 76) тармақшасының төртінші - алтыншы абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін таңдалған арнаулы салық режимi, осындай салық салу режимi үшін осы бөлімде белгiленген арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеу жағдайларының туындауын қоспағанда, күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертілуге жатпайды.
4. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiнен салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне көшкен (ауысқан) кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.»;
9-тармақтың 76) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны осы бапта белгіленген мерзімде ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін - тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу күні;»;
9-тармақтың 77) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
77) 683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.»;
9-тармақтың 78) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
78) 723-баптың 12-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес шикі газды, оның ішінде қайта өңдеуден өткен газды ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушы мұндай шикі газды, оның ішінде қайта өңдеуден өткен газды өткізуден түсетін кірісті осы Кодекстің 227-бабына сәйкес айқындайды.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«(GP1 х 0,857)
CF х ------------------------- х r
OP + (GP1 х 0,857)
CP = ----------------------------------------, мұнда:
GP1»;
9-тармақтың 79) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
79) 745-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты» деген сөздер «минералды шикізатты, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздер «минералды шикізатты, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздер «минералды шикізатты, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты» деген сөздер «минералды шикізатты, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 80) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
80) 747-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тараудың мақсаттары үшін өндірілген кең таралған пайдалы қазба және емдік балшық көлемінің бірлігі бір текше метр немесе бір тонна болып танылады.»;
9-тармақтың 81) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
81) 748-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген кең таралған пайдалы қазба мен емдік балшық көлемінің бірлігі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
Р/с № | Пайдалы қазбалардың атауы | Мөлшерлемелер, АЕК-пен |
1 | 2 | 3 |
1. | Метаморфалық жыныстар, оның ішінде мәрмәр, кварцит, кварцтық-далалық шпат жыныстары | 0,02 |
2. | Магмалық тау жыныстары, оның ішінде гранит, сиенит, диорит, габбро, риолит (липарит), андезит, диабаз, базальт, вулкандық туфтар, шлактар, пемзалар, вулкандық шынылар және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан) | 0,02 |
3. | Шөгінді тау жыныстары, оның ішінде жұмыртастар мен қиыршық тас, қиыршық тасты-құмды (құмды-қиыршық тасты) қоспа, құм және құмтастар, саз және сазды жыныстар (саздақ топырақ, алевролиттер, аргиллиттер, сазды тақта тастар), ас тұзы, гипстік жыныстар, мергельдер, әктастар, оның ішінде қабықшалар, борлы жыныстар, доломиттер, әктас-доломитті жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), табиғи пигменттер, шымтезек | 0,015 |
4. | Емдік балшықтар | 0,02 |
».
10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органына;
Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін Комиссияға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерін жүргізу кезінде шет мемлекеттің және (немесе) шет мемлекеттер одағының құзыретті органына;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы тергеп-тексеруін жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.»;
2) 150-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) енгізілетін өзгерістер тауарларға арналған тіркелген декларацияда көрсетілген тауарларға қарағанда өзге тауарлар туралы мәліметтерді мәлімдеуге алып келетін жағдайларды қоспағанда, егер бұзушылықтар төленуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшеріне әсер етсе, бұзушылықтарды талап қоюдың ескіруі мерзімі ішінде (өздері бойынша көшпелі кедендік тексеру басталған кедендік декларациялардан басқа) дербес анықтаған және өз еркімен жойған;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 189-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Декларанттың уәжді жолданымы бойынша толық декларацияны (толық декларацияларды) беру мерзімін кеден органы беруді аяқтауға қажетті, бірақ қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.»;
4) 266-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салықтар мынадай тәртіппен есептеледі:
1) есептелуге жататын қосылған құн салығының сомасы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны негізге алынып айқындалады.
Егер қайта өңдеу өнімдерін кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны құжатпен расталмаған не ұсынылған құжаттар осындай операциялардың құны туралы мәлімделген мәліметтерді растамаған жағдайда, ол осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операциялардың құны осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады;
2) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, акциз толық көлемде есептеледі.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды жөндеу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өңдеу жөніндегі операция болып табылған жағдайда, акциздер есептелмейді және төленбейді.»;
5) 291-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағына осы баптың 7-1-тармағының ережелері ескеріле отырып, кейіннен пошта байланысының тағайындалған операторының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетуіне жататын пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру мақсаттары үшін іргелес жатқан шет мемлекет аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Пошта байланысының тағайындалған операторы осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тауарлардан қалыптастырған халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партиясы осындай халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы Кодекстің 370-бабында көзделген ерекшеліктерді қолданып, кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыра отырып, өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге әкетілуге жатады. Бұл ретте пошта байланысының тағайындалған операторы Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің қалыптастырылған партияларына қатысты көзделген құжаттарды өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағында ресімдейді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы осындай тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларды есепке алуды жүргізеді.
Пошта байланысының тағайындалған операторы бақылаушы мемлекеттік органның немесе құқық қорғау органының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерді береді.»;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «тауарлардың тізбесін» деген сөздер «тауарлардың тізбесін және санаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелері іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыру жөніндегі операцияларды жасау үшін осындай тауарларға қатысты қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін осы баптың 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.»;
6) 369-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне ілеспе құжаттар халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды - ішкі тұтыну үшін шығару, экспорт кедендік рәсімдеріне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкетілген және алушыларға табыс етілмеген тауарларды кері импорт кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау кезінде мынадай:
1) осындай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленуге жатпайтын;
2) осындай тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер белгіленбеген, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылмайтын жағдайларда, тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылуы мүмкін.»;
7) 417-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді.
Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.
Бұл ретте тексерілетін тұлғаға осы хабарламаның шеңберінде осы баптың 5-тармағына сәйкес құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсыну жөнінде талап жіберуге құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі алты айдан аспауға тиіс.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін:»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 3-тармағының 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларға нақ сол кеден органының қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.
Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдаланылуы және билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну жөнінде талап жібереді.
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі талап табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, кеден органы құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап ету бойынша ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі.».
11. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
179-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік 4) тармақшасындағы «сатып алу арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «сатып алу арқылы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) тауар биржаларында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады. Егер биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемдері биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тауарларды сатып алудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.».
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
12-тармақтың 1) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.»;
12-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 5-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеудi;»;
12-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-баптармен толықтырылсын:
«5-1-бап. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы:
осы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарының осы Заң талаптарын сақтауын бақылауды;
коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеуден шығару мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауды;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
5-2-бап. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының:
1) коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
2) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмін жүргізу;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау және олар туралы әділет органдарын хабардар ету жөніндегі талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда әділет органдары тіркеуші органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жібереді. Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған кезде әділет органдары анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға мәжбүрлеу туралы талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.»;
12-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 6-бапта:
алтыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi қол қояды не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бередi.»;
«Тіркеуші органға бір мезгілде коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылады.»;
12-тармақтың 5) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 6-2-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және ол заңды тұлғаның мөрімен бекемделеді.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, өтінішті мөрмен бекемдеу талап етілмейді.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішке коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркегенi үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат не коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгін) есептiк тiркегенi үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ақы төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.»;
12-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6) 6-3-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот шешiмi;