15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер осы баптың 3 және 13-тармақтарында айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кеш болатыны құжатқа қол қойылған күн болып табылады.»;
9-тармақтың 49) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 381-бапта:
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі осы Кодекстің 372-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері ислам банкінің алуына жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тасымалдаушы және (немесе) басқа да өнім берушілер көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде экспедитордың өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың:»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауарлардың жоғалған күнге баланстық құны мөлшерінде айқындалады.»;
9-тармақтың 49) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Осы Кодекстің 16-бөлімінде көзделген казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету кезінде айналымның мөлшері салықтық кезеңде казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс сомасы бойынша айқындалады.»;
9-тармақтың 50) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
50) 384-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тіркеуші органның банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы шешiмi шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар.»;
9-тармақтың 51) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 386-баптың 2-тармағында:
3) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.»;
9-тармақтың 51) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 433-бабына сәйкес бақылау шоттарын пайдаланған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында белгіленген құжаттың болуы талап етілмейді.»;
52) 389-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салық төлеушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар бойынша осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.»;
9-тармақтың 53) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
53) 394-баптың бірінші бөлігінің 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;»;
9-тармақтың 54) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
54) 399-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тіркеуші органда тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;»;
9-тармақтың 55) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
55) 400-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығару кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады. Қосылған құн салығының сомасы мынадай формула бойынша, бірақ осы тауарларды мемлекеттік материалдық резервке беру кезінде төленген салық сомасынан аспайтындай болып айқындалады:»;
9-тармақтың 56) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
56) 404-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылады:
«2. Есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту өздері бойынша қосылған құн салығы бұрын есепке жатқызуға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда:»
9-тармақтың 57) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
57) 405-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме тіркеуші органның банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушіні-өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы шешімі шығарылған күнге толық немесе ішінара қанағаттандырылмаған жағдайда, онда есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету, егер мұндай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізілмеген болса, бұрын есепке жатқызуға жатқызылатын деп танылған, осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету тіркеуші органның көрсетілген шешімі шығарылған салықтық кезеңде жүргізіледі.»;
9-тармақтың 58) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
58) 410-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«410-бап. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) салуды немесе казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілердің есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығы осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан алынатын қосылған құн салығы сомасының 85 пайызы мөлшерінде айқындалады.»;
9-тармақтың 59) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) 412-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруы кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін уәкілетті орган бекітеді және ол оның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
13-тармақ 6) тармақшасындағы «көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.» деген сөздер «көрсетілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.»;
9-тармақтың 60) тармақшасының бірінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 413-баптың 1-тармағында:
9-тармақтың 60) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша «магистральдық» деген сөздің алдынан «магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 60) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде - осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;»;
9-тармақтың 61) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
61) 421-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет бойынша қосылған құн салығының сомасы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан алынатын қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 410-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілген қосылған құн салығының сомасы.»;
9-тармақтың 62) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
62) 424-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салықтық есептілікті ұсынады.»;
9-тармақтың 63) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
63) 429-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығы бар қосылған құн салығын төлеушіде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі қайтарылуға жатады.
Осы тармақта белгіленген қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеушінің осы Кодекстің 431 және (немесе) 433 және (немесе) 434-баптарында белгіленген тәртіпті және мерзімдерді таңдауы бойынша қайтарылады.
Осы Кодекстің 434-бабын таңдаған жағдайда салық төлеуші қосылған құн салығының асып кетуінің қалған бөлігіне осы Кодекстің 431 және (немесе) 433-баптарын қолдануға құқылы.»;
9-тармақтың 64) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
64) 433-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған, қосылған құн салығының сомаларын есептеу кезінде, оның ішінде:
импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, қосылған құн салығын бюджетке төлеу;
тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуі;
қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің құрылымдық бөлімшесі бақылау шотын ашуға және пайдалануға құқылы.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің қатысушылары болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілердің (олардың құрылымдық бөлімшелерінің) бақылау шотын пайдалануға құқығы бар.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сатып алынған (алынған), өткізілуі кезінде қосылған құн салығының сомаларын есептеу бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізілген тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасы бөлігінде жүргізіледі.
5. Осы бапқа сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау салық органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректердің негізінде жүргізіледі.
Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығы расталмаған жағдайда:
осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруға құқығы жоқ екендігі туралы хат жіберіледі;
осы баптың 3-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілерге олардың осы Кодекстің 429, 431 және 432-баптарында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібін қолдану құқығы туралы хат жіберіледі.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаптың негізінде, салықтық тексеру жүргізілместен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың 65) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
65) 447-баптың 3-тармағында:
7) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;»;
9-тармақтың 66) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
66) 485-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салықтық кезеңде кіріс алмаған дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.»;
67) 516-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.»;
9-тармақтың 68) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
68) 525-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің үшінші абзацындағы «жер салығы» деген сөздер «салық» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.»;
9-тармақтың 69) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
69) 553-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады.
2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
3.2. | қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
»;
9-тармақтың 70) тармақшасының бірінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70) 554-баптың 4-тармағының кестесінде:
1.83.2. және 1.83.3.-жолдар алып тасталсын;
9-тармақтың 70) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2.1, 2.2, 2.3, 3 және 3.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.1. | 1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59., 1.79. - 1.80.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 %-ы |
2.2. | 1.51. - 1.53., 1.55. - 1.59.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы |
2.3. | 1.79 - 1.80-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | 1 |
3 | Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер: | |
3.1. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы |
»;
71) 635-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер кірістер және мүлік туралы декларация ұсынылған күнге қаржылық есептіліктің бекітілген аудиторлық есебі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылатын кірістер және мүлік туралы қосымша декларацияда жүргізіледі.»;
72) 638-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мт - осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұстап қалынған табыс салығы есепке алынбай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
73) 639-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында дивидендтер түріндегі кірістерден төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, осы Кодекстің 340-бабына сəйкес бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қосылған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау үлесіне мөлшерлес ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасына жəне резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелері қолданбаған жағдайда қолданылады;»;
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сш = К х Кф х (Мқ - Мт)/100%, мұнда:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Кф - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау коэффициенті;»;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшасының ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмеген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне және резидент-жеке тұлғада мынадай:»;
9-тармақтың 74) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
74) 645-баптың 7-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде туындайтын дивидендтерге салық салынған кезде осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау кірісті төлеу деп түсініледі. Бұл ретте есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызы кірісті төлеу күні болып табылады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
9-тармақтың 75) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
75) 656-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кірістеріне, оған қоса осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында айқындалған:
жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;
осындай бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;
Қазақстан Республикасындағы қызметпен байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлғадан алынған материалдық пайда түрінде Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған (алынуға жататын) кірістерге;
Қазақстан Республикасында тұруға байланысты осындай бейрезидент-заңды тұлға төлейтін үстемеақыларға қолданылады.
Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 655-бабының 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері немесе мердігері болып табылған жағдайда, осы тармақта көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістерге қолданылады.»;
9-тармақтың 76) тармақшасының бірінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
76) 679-бапта:
9-тармақтың 76) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар - тіркеуші органда мемлекеттік тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынылатын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада;»;