өнім берушінің тұрған жері бойынша болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебінен мүмкін болмауына байланысты қосылған құн салығы сомаларының анықтығы расталмаған сомалар шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:
қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;
осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері «Пирамида» талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.
Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiзi көрсетiледi.»;
9-тармақтың 24) тармақшасының жиырма екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17-тармақтағы «қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған,» деген сөздер «осы Кодекстің 433 және (немесе) 434-баптарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 166-баптың 6-тармағында:
бірінші бөлікте:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;»;
9) тармақшадағы «деректемелерін қамтуға тиіс.» деген сөздер «деректемелерін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.»;
9-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте уәкілетті орган фискалдық деректер операторын тізбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) арқылы фискальдық деректер операторларының тізбесін жүргізеді.
Фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискальдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды.»;
27) 208-бапта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салық салу объектілері болмаған кезде:
мүлік салығы;
жер салығы;
көлік құралдары салығы;
экспортқа рента салығы;
қол қойылған бонус;
тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем;
бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы баптың 9-тармағында көрсетілмеген жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық есептілікті жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт бойынша ұсынады.»;
9-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
28) 220-баптың 9-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келетін кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 76-бабында айқындалған тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелуінің немесе тіркеуші органда есептiк тiркелуінің болмауына қарамастан, бейрезиденттің Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруы басталған күннен бастап бейрезиденттің қызметі осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.»;
9-тармақтың 29) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) 232-баптың 5-тармағының 8) тармақшасындағы «1-тармағына» деген сөздер «1 және 7-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 30) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 243-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында қосылған құн салығы бойынша мынадай шығындар:
осы Кодекстің 402-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы;
осы Кодекстің 409-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 410-бабына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығының сомасы;
осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы есепке алынады.
Қосылған құн салығын төлеуші:
1) егер осы Кодекстің 408-бабына және 409-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығы бухгалтерлік есепке алуда сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнында есепке алынбаған болса, осындай салық;
2) осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, запастар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету;
3) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беруді қоспағанда, осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім есепке жатқызуға жатқызылуына рұқсат берілмеген қосылған құн салығы туындайтын салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайда, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасы осы Кодекстің 228-бабының 6-тармағына сәйкес есепке алынады.
Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылған және қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген қосылған құн салығы оператордың қосылған құн салығы бойынша декларациясының деректері бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тура келетін мөлшерде шегерімге жатады.
Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 258-бабының 3-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылуға жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.»;
9-тармақтың 31) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31) 248-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе:»;
9-тармақтың 32) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) 257-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес келесі шығыстар деп танылатындарды қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады.»;
9-тармақтың 33) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33) 268-баптың 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау жөніндегі шығындар және басқа да шығындар осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтің бастапқы құны болып табылады. Осы тармаққа сәйкес бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған күнге дейін шегілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын шығындар есепке алынады.»;
9-тармақтың 34) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) 272-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шегілген және бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған келесі шығыстар сомасы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тіркелген актив ретінде есепке алынады.»;
9-тармақтың 35) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
35) 275-баптың 5-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) преференциялар объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркеуші органда мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.»;
36) 290-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «және депозиттер бойынша сыйақылар» деген сөздер «, депозиттер бойынша сыйақылар, сондай-ақ осындай кірістер бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету.
Осы тармақшада көрсетілген кірістерге қоғамдық қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның:
құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан алынған дивидендтер;
құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер түріндегі кірістері де жатады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның кірістері де мұндай кірістерді әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруға бағыттаған және оған қайтарымды пайызсыз қаржылық көмек (қарыз) көрсеткен кезде салық салынуға жатпайды.»;
9-тармақтың 37) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37) 299-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы терiс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзу күніндегі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескергенде, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
3) қатысу үлестері бойынша - қатысу үлесінің өткізу құны мен бастапқы құны арасындағы теріс айырма бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткiзуден шегілетiн залал болып табылады.»;
9-тармақтың 38) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38) 302-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында дивидендтер түріндегі кірістерден төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қосылған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау үлесіне мөлшерлес ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасы. Осы тармақшаның ережесі 20 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады;»;
2) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сш = К х Кф х (Мқ - Мт)/100%, мұнда:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Кф - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау коэффициенті;»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшасының ережесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмеген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне және резидентте мынадай:»;
9-тармақтың 39) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 303-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мт - осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұстап қалынған табыс салығы есепке алынбай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлеме.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.»;
9-тармақтың 40) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) 305-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасында:
«3-тармағында» деген сөздер «4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 40) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«әділет органында» деген сөздер «тіркеуші органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 40) тармақшасының бесінші - он бірінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақта:
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде - осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептейді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсаттарында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды;»;
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде - осы баптың 4-тармағында көрсетілген;»;
9-тармақтың 40) тармақшасының он екінші - он төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей, ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынуға құқылы.
Декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер есепке алынған, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің сомасы теріс мәнге ие бола алмайды.»;
9-тармақтың 41) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
41) 314-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның тіркеуші органда мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.»;
9-тармақтың 42) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42) 315-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Егер корпоративтік табыс салығы бойынша есептілік ұсынылған күнге қаржылық есептілік бойынша бекітілген аудиторлық есеп болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей берілетін корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.»;
43) 319-баптың 2-тармағы 25) тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мүгедекке тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда. Бұл ретте осы абзацтың ережесі:»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«мүгедек;
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекке әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаға қолданылады;»;
44) 341-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «түзету мөлшері көрсетілген» деген сөздер «түзетуді қолдану үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірістен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кеш өтініш жасауы себебінен жеке тұлғаның осындай кірісіне осы баптың 1-тармағының 13), 14) және 23) тармақшаларында көзделген кіріс түзетуді қолданбаған жағдайда, жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, солардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерге қайта есептеу жүргізеді.»;
45) 343-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары түріндегі салықтық шегерімдерді қоспағанда, салықтық кезеңде салықтық шегерімнің белгілі бір түрін бір салық агентінде ғана қолдануға құқылы.»;
9-тармақтың 46) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 373-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «372-бабының 3-тармағына» деген сөздер «372-бабының 4-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 47) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
47) 378-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене шынықтыру немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жатса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттарында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге, ойын мекемелерін, түнгі клубтарды, кафе-барларды, мейрамханаларды, интернет-кафелерді, компьютер, бильярд, боулинг клубтарды және кинотеатрларды қоса алғанда, ойын-сауық орындарында көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы көрсетілетін қызметтер жатады.»;
4) тармақшада:
екінші бөлік алып тасталсын;
9-тармақтың 47) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
үшінші және төртінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасының әділет органдарында» деген сөздер «тіркеуші органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осындай тұлға тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай шарттардың бірі немесе бірнешеуі сақталған кезде:»;
«осындай тұлға тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда - өзге жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
9-тармақтың 48) тармақшасының бірінші, екінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 379-бапта:
2-тармақтағы «құжаттарын беру арқылы» деген сөздер «құжаттарының негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 48) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың бірінші бөлігі «жүктерді магистральдық» деген сөздердің алдынан «магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 48) тармақшасының төртінші - он төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.»;
9-тармақта:
2) тармақшадағы «мерзімдік немесе» деген сөздер алып тасталып, «тіркелген күні тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.» деген сөздер «тіркелген күні;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.»;